Сәрсенбі, 28 Сәуір 2021 11:53

Партия конференциясы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық  партия филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, облыстық Саяси кеңес мүшесі Гүлнар Тойлыбаева, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев, аудандық БПҰ-дан 178 делегат (онлайн), сондай-ақ делегат емес аудандық  мекеме, бөлім басшылары, этно-мәдени орталық өкілдері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Ашық дауыс беру негізінде конференцияның жұмысшы органдары: Мандат комиссиясы, Санақ комиссиясы, Конференцияның хатшылығы сайланды. Модератор, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Қуат Байғоджаев күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева сөз сөйлеп, Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының төрағасы ретінде аудан әкімі Әлібек Жақанбаевты ұсынды. Саяси кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, дауыс берді. Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының  2019-2020 жылдарында  атқарылған жұмысы туралы Қуат Байғоджаев баяндама жасады. сондай-ақ конференция барысында Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері сайланып, Алматы облыстық партия филиалының ХXVIII есеп беру-сайлау Конференциясына делегаттар құрамы бекітілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Оқылды 855 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет