Жұма, 23 Сәуір 2021 12:24

Қарусыз майдан батыры

Осыдан тура 35 жыл бұрын Украинадағы Чернобыль атом-электр станциясында жарылыс болып, адамзат тарихындағы ірі радиоактивті апат орын алды. Сол кезеңде апаттың зардабын жоюға Кеңес одағының түпкір-түпкірінен 100 мыңдаған азамат тартылып, ажалмен бетпе-бет келді. Бүгінгі кейіпкеріміз Есік қаласының тұрғыны Берік Байырбекұлы  Байсабаев та атом-электр станциясында болған жарылыстың зардабын жоюға қатысқан.

Тосыннан болған апат билікті шұғыл әрекет етуге итермеледі. Нәтижесінде, Қазақстанның өзінен мыңдаған әскерилер мен еріктілер улы радиация ордасына жеткізіліп, Отан алдындағы борышын өтеді. Қолдарында арнайы жабдығы жоқ адамдар апатты оқиғаның салдарын азайтуға тиіс болды, әйтпегенде радиоактивтік ластану қазір Украина, Ресей және Беларусь аймағына жайылып кететін еді. Осылай деген Берік Дайырбекұлы көзге көрінбейтін жауға қарсы тұру оңай болмағанын айтады.

Берік Байсабаев 1986 жылы 10 сәуірде шұғыл әскер қатарына шақырылады. Оны Днепропетровск облысындағы 44318 әскери бөлімінің химиялық ротасына жібереді. Алғашқы кезеңде Чернобыльда жауынгерлік сынақтан өткен Берік Дайырбекұлының полкін 1986 жылдың 19 тамызында радиациямен уланған аймаққа жібереді. Әскери бөлім орналасқан Полесская ауылы мен жарылыс болған 4 реактордың ара-қашықтығы 12 шақырым еді.

– Сол кезеңді еске алудың өзі қорқынышты. Апат аймағынан 30 шақырым радиустағы елді мекендегі тұрғындарды құтқарып, көмек көрсеттік. Бірақ, біз мұндай радиоактивті апатпен күресуде тәжірибеміз жоқ, радиацияның әсері туралы білетініміз де шамалы еді. Химиялық сәулеге, радияцияға қарсы қорғаныс заттары тапшы болды. Қауіптің ортасында ажалмен бетпе-бет келсек те еш мойымай, өзімізге жүктелген міндетті орындадық – дейді бүгінгі күннің батыры.

Өзгелердің өмірі үшін басын бәйгеге тіккен Берік Байсабаевтың ерлігі еленіп, 2005 жылы Украинаның «Герой-спасатель» орденімен марапатталған. Сол жылы Алматы қалалық Чернобыль офицерлер одағының төрағасы С.Серікбаев «Чернобыль батыры» медалін табыстаған.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 893 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет