Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021 10:46

Цитрусты жеміс бағы Қайназарда

Цитрусты жеміс бағы Қайназарда mezet

Бүгінде жылыжай кәсібі  жеміс-жидек пен көкөністерді жыл он екі ай өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Бабы келіссе, қысқа мерзім ішінде сапалы өнім алуға болады. Тіпті жылы және ылғал климаттық жағдайда жайқалып өсетін кей жеміс-жидектерді де жылыжайда Алатаудың қоңыр салқын бөктерінде де өсіруге болады екен. Қайназар ауылының шығыс  саяжайындағы Кенжеғали Сабыров 2.5 сотық  шағын  жылыжайға 100 түпке жуық лимон,  апельсин, мандарин ағаштарын  егіп, өнім ала бастапты.  

Осыдан 5 жыл ілгері өз ауласынан шағын жылыжай жасап, оған лимон,  апельсин, мандарин көшеттерін сынақ ретінде отырғызыпты. Кейіпкеріміздің айтуынша, аталған жемістерді жылыжайда өсіру Өзбекстанда жақсы қолға алынған. Тіпті еліміздің нарығындағы осы  жемістердің айтарлықтай бөлігі оңтүстүктегі көршімізден жеткізіледі екен. Сол себепті еңбекқор шаруа өңір нарығын өзі еккен жемістермен қамтамасыз етуді жөн көріпті. Алайда тек жылы және ылғалды өңірде ғана молынан жеміс беретін ағаштарды баптау қыруар қажыр-қайратты талап ететін көрінеді. Бұл ретте Кенжеғали Сабыров: «Еккен жеміс ағашатарын қатарға қосу үшін көп тер төктім. Жылыжайдың температурасын бір қалыпта сақтау үшін тынбай еңбек еткен күндерім де болды. Бес жыл баптаған жеміс ағшатарым өткен жылдың күзінен бері өнім бере бастады. Осы жеміс ағашатарын қатарға қосу үшін жылына миллион теңге көлемінде қаражат жұмсадым. Алдағы уақытта оның қайтарымы болады  деп ойлаймын. Лимон,  апельсин, мандарин сынды жемістер еліміз нарығында  жоғары сұранысқа ие болғанымен, оны егетін шаруалар жоқтың қасы. Сондықтан біз көбінде шетел тауарына тәуелді болып отырмыз. Алайда шетелден келетін жемістердің бәрі сапалы деуге келмейді. Сондықтан жеміс шаурашылығын өз қолымызға алатын кез жетті»,  – дейді.

Жалпы, жақсы бапталған  циструсты жеміс ағаштарының  биіктігі 5-8 метрге дейін жетеді екен. Олар 60 жылдан артық жеміс береді. Оның үстіне дерт-дербезге  төзімділігі тағы бар. Ылғалды жерде ғана мол өнім беретін жемістерді жылыжайында жайқалтып отырған Кенжеғали ағамыз ауласындағы аядай аумақтың тарлық ететінін, шаруашылығын шалқыта түсу үшін құнарлы жер мен қаржылық қолдауға  мұқтаж екенін айтады.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1131 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет