Жұма, 09 Сәуір 2021 10:41

12 СӘУІРДЕН БАСТАП АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАТАҢ КАРАНТИН: ЖАҢА ҚАУЛЫ

Алматы облысының Бас мемлекеттік-санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың жаңа Қаулысы жарияланды. Енді облыста 12 сәуірден бастап карантин талаптары күшейтіледі.

Қаулыға сәйкес, толтырылуы 50 пайыздан жоғары, соның ішінде, залдарда 30 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады.

Ойын алаңдары, ойын-сауық объектілері, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, РS-клубтар, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, цирктер, бильярд залдары, театрлар, кинотеатрлар, қалааралық, ауданаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы, облыстық және республикалық деңгейдегі чемпионаттарды, жарыстарды өткізуге тыйым салынады.

Білім беру орталықтарынан басқа, секциялар мен үйірмелер, оның ішінде спорттық, би, гимнастикалық және тағы басқаларға;

Мәдениет нысандары (мұражайлар, мәдениет үйлері, концерт залдары және басқа);

Құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын объектілерден басқа, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) жұмысына тыйым салынады.

Қашықтықтан оқыту нысанын (онлайн) қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін дәстүрлі форматта оқыту тоқтатылады.

Адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметін жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзарту, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту көзделеді.

Көріністік, салтанатты жаппай іс-шаралады, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, корпоративті, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Жерлеу рәсімдері саны 15 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен жүргізілуі тиіс.

Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салынады, тек шығару және жеткізу жұмыстарына уақыт бойынша шектеусіз рұқсат етіледі. Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін келушілердің ас залында болуына тыйым салынады.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады (еске алу, корпоративтер, банкеттер, тойлар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және басқа).

Супермаркет, гипермаркеттер сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ашық, жабық, азық-түлік және азық-түлік емес базарлары толымдылығы 30 пайыздан аспайтын, кіре берісте термометриямен, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылы 12 сәуірде таңғы 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Оқылды 848 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет