Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 15:01

Селден келер қауіп жоқ

Табиғаттың төрт мезгілі кезек төркіндеп кететін қазақ жеріне көктем жетсе, көптеген елді мекенді сең басып, сел шайып кету қаупі туатыны шындық. Әрине, биылғы жауын-шашыны көп көктемде көшкін мен селді ауыздықтау оңайға соңқапайтыны анық. Біз «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ауданымыздағы бөлімшесінен өңіріміздегі наурыз-сәуір  айларындағы  тасқынға тосқауыл  қою жұмыстары  мен   өзге де апатты жағдайлардың алдын алуға дайындығын білген  едік.

Ауданымыздағы ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ қызметінің ресми мәліметіне сүйенсек, бүгінде аудан аумағында 36 мореналық көл бар. Олардың 25-і Есік өзен алабында, 11 көл Түрген өзен алабында. Сонымен қоса ауданымызда 31 бірлік топырақкөшкін және 17 бірлік қаркөшкін телімі бар екен. Қазір қар көшкінінің қаупі сейілген. Ал толпырақ көшкіні мен селдің қаупі әл жойылған жоқ. Сондықтан ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ қызметі аталған апаттардың алдын алуға дайындық жұмыстарын пысықтап үлгерген көрінеді. Олардың  сөзінше, бүгінде сел қаупін тудыратын Есік өзенінің жоғары ағарындағы №22-23 көл мен Түргендегі  №1 көлдің су деңгейі төмендетіліп, екі өзен арнасындағы сел қаупі сейілген.

Өткен жылдың соңында Есік өзенінің арнасы аршылып, судың іркіліксіз ағуына мүмкіндік жасалған. Бұл ретте ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ кезекшілік қызмет мониторинг және құлақтандыру бөлімінің басшысы Айдын Көпжасаров: «Көктемгі дайындық өте маңызды екенін баршамыз жақсы білеміз. Осыған сай бізде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінде ауданымызда көктемгі топырақ көшкіні мен селдің алдын алуға арнайы апаттық топ жасақталды. Аталған апаттық топқа үш техника бөлініп, он арнаулы кәсіби маман жұмылдырылды. Олар ауданымыздағы барлық елді мекенде топырақ көшкіні мен селдің қаупін қадағалауда. Біздің өңірде сел қаупі көбінде жаз айларында туындайды. Сондықтан тұрғындар өмірінің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті табиғи құбылыстардан, су тасқындарынан қорғау мақсатында маусымдық гидробекеттер құрылған. Ондағы бақылаушылар өзен суларының ағысы мен сыйымдылығын тәулігіне үш мәрте бақылайды. Сонымен қоса, олар ауа райының түрлі өзгерістерінен де алдын ала мәлімет беріп отырады. Осы мәліметтерге сай өңірімізде түрлі апаттық жағдайлардың туындау қаупі сарапқа салынады. Сонымен қоса, апатты жағдайдың алдын алуға бағытталған ақпарат қызметі де қолға алынған. Осыған сәйкес қандай да бір сел не көшкін қаупі туындаса, жергілікті тұрғындарға алдын ала ескерту беріледі. Тіпті топырақ көшкіні мен сел қаупі туындайтын жерлерге арнайы ескерту тақталары орынатылған. Белгілі  бір төтенше жағдайдың алдын алу үшін жергілікті әкімдіктермен тығыз жұмыс істеп келеміз. Жыл басынан бері аудан аумағында  сел қаупі туындағын жоқ. Алдағы уақытта сел апатына  жол бермеуге күш саламыз», – дейді.

«Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ қызметінің мәліметінше, ауданымызда  селден қорғайтын  16 бөгет  бар. Оның кей бүлінгендері  күрделі жөндеуден өткен. Барлық бөгет  апатты жағдайда селден қорғауға қауқарлы.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 969 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет