Жұма, 19 Ақпан 2021 14:58

Өмірдің талқысына шыдай білсең...

 

Қамшының сабындай мына қысқа ғұмырда Алла тағала пенделерге сан түрлі тағдыр береді. Тағдырдың сынағы әр- алуан ғой. Тек оған кім қалай төзеді? Ол әр пенденің рухани күш-қайратына байланысты.

Кейде болмашы қиындыққа сағы сынып, өмірден баз кешетін жандарды көреміз. Ал енді бірде өте аянышты, адам жанын елжірететін, Құдайдың басқа салғанына төзгіш жандарға қарап іштей риза боламыз.

Әлемді әбігерге салған жұқпалы індет бейне бір айдаһар сияқты. Иә, айдаһар деп тегін айтпаймыз ғой. Жасты да, кәріні де жалмап жатыр. Соның салдарынан талай отбасы тағдырдың тауқыметін тартты. Талайлар қымбаттысын жоғалтып, қадірлісін қара жердің құшағына тапсырды. Қысқасы, COVID-19 берекелі, бейбіт жатқан елдің шырқын алды.

Жуырда «Tengrinews.kz» сайтында COVID-19-дан көз жұмған көпбалалы әке туралы мақаланы көрдім. Оқып отырып, көзіме еріксіз жас келді. Асқар Омаровтың 5 баласы бар. Үш қыз және егіз ұл. Бұл отбасы берекесі тасыған, адал еңбектеніп, асқақ арманға жол тартқан жанұя еді. Әлдекімдер сияқты өмірге ұрпақ әкелгенін міндет қылып, масылдық пен сұраншақтыққа жаны қарсы жас жұбайлар еді.

Әттең, мына жұқпалы індет Асқарды жан жары Нағимадан айырды. Ең аяныштысы – кенже қыздары өмірге келген соң үйіне жалғыз оралғаны еді.  Бейкүнә сәби туған анасын еміреніп ембеді, көрмеді де. Асқар мен балалары Нағиманы соңғы рет телефонның экранынан ғана көріп, тілдескен екен. Нағима коронавирустың кесірінен жеті айлық нәрестені босанған соң ауруханада қайтыс болды. 

Енді балаларға әке әрі шеше болып қарау міндеті Асқардың сыртта еркін жүріп, жұмыс істеуін тоқтатты. «Мен балаларды мектеп пен бақшаға жіберемін, оларға тамақ дайындаймын, үйімді тазалаймын. Тағдырдың маңдайға жазғаны болар. Марқұм Нағима екеуміз балалармен отырып «Біз кейін үлкен зәулім үйде, үлкен дөңгелек үстелдің басында әңгімелесіп отыратын боламыз» деп  армандайтын едік. 9 және 7 жастағы екі қыз ес біліп қалды. Олар да анасының мына өмірде жоқ екенін сезеді. Ал ортаншы егіз ұлдарым әлі де Нағиманы бар сияқты елестетеді. Кейде балабақшаға баратын кезде «Әке, балабақшадан кейін мамама барайық» дейді. Мен ұлдарыма: «мамаңның рухы аспанда. Ол бізге ылғи  қарап тұрады» деп жұбатамын. «Есік ашылса да анамыз шығар кіріп келген болар деп елеңдейді», – деген Асқар журналистерге ішкі сырын ақтарды.

Отбасының бар ауыртпалығын жауапкершілікпен атқарып отырған Асқарға анасы көмектесіп тұрады. Кейде туыстары мен достары келеді, олар да аздап қол ұшын береді.

Мен Асқар ағамыздың телефонына қоңырау шалып, халін сұрадым. Ол маған: «Иә, менің жағдайымды ескеріп, көмек қолын созған кәсіпкерлерге, еріктілерге, жергілікті әкімдікке алғысым шексіз. Сонымен қатар, менің тағдырыма алаңдап, жанашырлық танытып, маған тілекші болған, Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев ағама ерекше алғыс айтамын. Адамның ішкі күйзелісін сезетін, бауырмалдығына риза болдым. Бес баламның болашағы жарқын болсын деп бәріне жауапкершілікпен қарауды үйрендім. Балаларым шетінен талантты. Мен олардың «анамыз жоқ» деп жасық болып өспеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Маған жанашыр жандарға Алла разы болын», – деп барлық көмектескен жандарға ризашылығын білдірді.

Арайлым БАҚБЕРГЕН,

жастар ресуртық орталығының маманы

Оқылды 441 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 25, 2021

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің…

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V…
Ақп 25, 2021

Миржан Әзербаев: «Бұл дертпен қоғам…

Аудандағы эпидемиологиялық жағдай жайында Еңбекшіқазақ аудандық…
Ақп 24, 2021

Облыста вакцинациялаудың 2-кезеңі…

Алматы облысына Елордадан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 2-компонентінің 1…
Ақп 23, 2021

Ақын мұрасы мәңгі өмір сүреді

Дарын иесі өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол…
Ақп 23, 2021

«...Мұқағали Мақатаев бар мұнда!»

«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай, Мына адамдар жатыр соны тойлап-ай». Дәл бүгін тау…
Ақп 23, 2021

COVID-19: Аудандағы жағдай

Бір аптада (16.02 – 23.02.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 26…
Ақп 23, 2021

Антына адал Мейрамбек

Мен – қазақпын, қазақпын деп мақтанамын. Ата-бабам салт-дәстүрінен аспаған Ел шетіне…
Ақп 23, 2021

Ата кәсібі – балаға мұра

Мал шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата кәсібі. Ішсе сусын, жеуге ас,…
Ақп 22, 2021

Естен кетпес кездесу

Кешегі Абай мен берідегі Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты…

Күнтiзбе

« Ақпан 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет