Сейсенбі, 12 Қаңтар 2021 15:23

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТ КҮШЕЙІП, ТАЛДЫҚОРҒАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ

Коронавирустың таралуына байланысты Алматы облысында "қызыл" және "сары" аймақтар пайда болды. Қазіргі таңда Талдықорған өңірінде қауіпті індет қайта өршіді. Осыған байланысты шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен "қызыл" және "сары" аймақтарда шектеу шаралары күшейді. Атап айтқанда, 2021 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша, Алматы облысында КВИ-дың (ковид) 7730 жағдайы тіркелген.
Облыста сырқаттанушылықтың өсуі 2020 жылдың қазан айынан басталды, инфекцияның тіркелуі 3 айда 7,5 есеге артты: қыркүйек - 74 жағдай, қазан – 184 жағдай, қараша – 591 жағдай; желтоқсан – 1386 жағдай. Қаңтар айының 11 күнінде коронавирустық инфекцияның 597 жағдайы тіркелді.
Бүгінде облыс ауруханаларында 434 адам емделуде, оның 29-ы ауыр халде, 357 адам амбулаториялық емделуде.
Коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайы қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілері, базарлар) көп тіркелген. Науқастардың 40 пайызы қоғамдық орындардан, 25 пайызы отбасылық араласудан жұқтырған.
Бұл жағдай мереке күндері қала мен оған жақын аудандардың тұрғындары санитарлық дәрігердің талаптарын сақтамай, шектеу шараларын бұзғанын көрсетеді.
Мәселен, жаңажылдық демалыс күндерінен кейін Талдықорған қаласындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай жедел өршіді. Бағалау матрицасына сәйкес, қала "қызыл" аймаққа енді. Ал Көксу, Ескелді және Панфилов аудандары "сары" аймақта қалып отыр.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 11 күні ішінде Талдықорған қаласында 135 адам, Көксу ауданында 62 адам, Ескелді ауданында 41 адам инфекция жұқтырған.
Осыған сәйкес, эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейту мақсатында Талдықорған қаласында, Көксу, Ескелді ауданында 13 қаңтардан бастап демалыс күндеріне (локдаун) қосымша шектеулер енгізіледі. Мейрамханалар мен дәмханалар (алып кету және жеткізу – шектеусіз), ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (азық-түлік базарларын, дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды қоспағанда), жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес), сауналар мен СПА салондардың, спорттық-сауықтыру орталықтары, мұз айдындарының және басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты осы жылдың 21 қаңтарына дейін аталған аймақтардың мектептерінде онлайн оқыту мерзімі ұзартылды.

Оқылды 82 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2021

Емдік қасиеті бар ғажайып сусын

Ағзаға өте пайдалы шырын дайындайық.3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына…
Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет