Сейсенбі, 12 Қаңтар 2021 15:27

ЖАСТАР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 

Жастар – елдің ертеңі. Сондықтан оларды болашаққа бүгіннен дайындаудың маңызы мол. Қоғам жұмысына, елдің ішкі-сыртқы саясатына араласып, халықтың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып өскен жас келер күннен көп үміт күттіреді. Осы орайда ауданымыздағы жастар ісі жөніндегі орталықтың атқарып отырған жұмысы үлкен.

Өткен аптада Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров арнайы келіп қатысты. Аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев кеңес отырысын ашып, күн тәртібінде қаралатын бес мәселеге тоқталып өтті. Олар: 2020 жылы аудандық жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстарын талқылау және қорытындылау; Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылыс жұмыстарын бастау үшін ауданда бөлінген жер телімінің құжаттарын заңдастыру мәселелері; Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінен жастарға қызмет көрсету орталығының ашылуы; «Бизнес-Бастау» жобасы арқылы Шелек өңіріндегі маргиналды және NEET санатындағы жастарға грант бөлу және 2020 жылғы жұмыстар; аудандық ауруханадан ашылған «Жастар денсаулық орталығының» жұмысы.

Алдыңғы жыл – «Жастар жылында» бір серпіліп, бой жазған жастар былтыр – «Волонтерлар жылында» жұмылса – жұдырық екенін көрсете білді. Пандемия кезінде ерлікпен пара-пар іс істеп, халықтың жанынан табылды. Көмекке мұқтаж жанға қолұшын созып, демеу болды. Табысынан айырылған, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік қораптарын жеткізді. Науқастарға қажетті дәрі-дәрмегін тауып апарды. Індет өршіген жазғы уақытта еріктілер орталық аурухана қызметкерлері мен ондағы науқастарға керек-жарағы мен ем-домын, шай-тамағын тасып, көп көмек көрсетті. Дереу қор ашып, жиналған қаржыға ауруханаға тыныс алу аппараттарының алты данасын алып берді. Мұның бәрі – ауданымыздағы ерікті жастардың жасап отырған үлкен жұмысының кішкентай бір көрінісі.

«Еріктілер жылында» жасалған өзге де жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, аудан жастарының жай-күйімен аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев жан-жақты таныстырды. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 65 781 жас бар екен. Олардың жұмысқа қабілеттілерінің ішінде 1734-і жұмыссыздар қатарында. Десе де, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдан гөрі азайған. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар халық арасында жан-жақты насихатталып, жаңа жобаларға жастарды шақырып жатыр. Ауданның жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі жастарын жұмыспен қамту және болашақта өз кәсіптерін бастау мақсатында «Жас проджект» жобасы аясында жастар 18 жоба ұтып алып, 54 жас 5 айлық тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал маргинал және NЕЕТ санатындағы жастардың белсенділігін көтеру мақсатында олардың лидерлері анықталып, арнайы база жасақталған. Осылайша, қоғам өмірінен өздерін алшақ ұстайтын жастар тобымен жұмыс жүргізілуде. 2020 жылдың 20 тамыз күні Есік қаласына қарасты 4 ықшам ауданындағы 10-үйден жетім және жартылай жетім 9 жасқа баспана берілді. Ауданымызда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 10 айында 48 жас үй алса, 60 жас көтерме жәрдемақыға ие болды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен 2019 жылдан бастап аудандық жастар орталығында психолог маман жұмыс істейді. Бұл қазіргі кезде жас отбасыларының ажырасуы, жастардың суицид жасауы, теріс жолға түсіп, қылмысқа баруы сынды мәселелердің алдын алу мақсатында жасалып отыр. Мысалы, ауданымызда жыл басынан бері некеге тұрған жастар саны – 819 болса, ажырасқан жас отбасылар – 63 екен. Әрине, жақсы көрсеткіш емес. Осы орайда психолог маманның пайдасы мол болмақ. Айтпақшы, жастарға құлаққағыс, жастар орталығында психолог күнделікті қабылдау жүргізеді. Егер қандай да бір сұрақ болса, осы маманға жүгінуге болады.

Психолог пен денсаулық саласының өзге де мамандарының қандай да бір кеңесі қажет болса, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында былтыр ашылған «Алтын ұрпақ» атты жастар денсаулық орталығына баруға болады. Бұл туралы отырыста аурухананың бас дәрігері Жәмила Абеуова айтты. Орталықта мамандар жастарға тегін қызмет көрсетіп, сұрақтарына жауап береді. Әрі орталық мамандарына жүгінген жастардың жеке басына қатысты мәліметтері құпия сақталады.  Жастарға бар жағдай жасалып, аурухана ішінен толық жабдықталған бөлмелер, би, теннис залдары да ашылған екен.

Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе бойынша аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Бақытжан Чурмаков түсіндіріп, ЖҚКО салу үшін Есік қаласындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің аумағынан 60 га жер телімі бөлінгенін және қазіргі таңда жердің құжаттары рәсімделуге дайындалып жатқандығын айтты. Жиын барысында кеңес төрағасы Қуанышбек Қалиұлы Есік Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінен жастар ресурстық орталығына 5 жұмыс бөлмесі бөлінгенін айтты. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының басшысы Бахытгүл Дүйсебекова жастарды жұмыспен қамту бойынша жасалып жатқан шаруалармен таныстырып, кәсіппен айналысушы жастардың саны артып отырғанын айтты.

Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров жастардың жылдық жұмысын жоғары бағалап, алдағы уақытта да осындай қарқынмен жетістікке жете берулерін тіледі. Жыл бойы жұмысын белсенді атқарып, үздік танылған жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар мен жастар орталығының мамандарына жиын соңында «Алғыс хат» пен «Грамоталар» табысталды.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 83 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2021

Емдік қасиеті бар ғажайып сусын

Ағзаға өте пайдалы шырын дайындайық.3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына…
Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет