Сейсенбі, 06 Сәуір 2021 11:42

Арақ ардан айырады

Дәстүрді сақтап, салттан аттамаған қазақ халқы ислам дінін берік ұстанған. Харамнан тыйылып, адал ас ішіп, жақсылықты жанына серік еткен. Десек те, бүгінгі таңда бұл дәстүр жүйелі жалғасын таппай отыр. Алла Тағала харам еткен ащы су дастарханымыздың сәніне айналғандай.

Арақ Құранда «жасырып тұру» мағынасын білдіретін «хамр» деген сөзбен аталған.Бұл арақтың адам ақылын жасыратындығымен, улайтындығымен байланысты. Әйелдердің жүзін жасырып тұратын орамал да араб тілінде осымен түбірлес «химар» деген сөзбен аталады. Яғни «хамр» ақылды жасырып тұрса, «химар» әйелдердің жүзін жауып тұрады. Сондай-ақ, қамыр ашытатын ашытқының да «хамира» деп аталуы тегін емес. Демек, арақтың ең әуелгі кесірі адам ақылын алжастырып, істен шығаратындығында. Адамның бойындағы ең құнды нығметтердің бірі – ақыл десек, арақ ішуші өз қолымен өз ақылын, тек ақылын ғана емес, санасын да барынша улайды. Араққұмардың небір жамандыққа ұрынуы, дінге тіл тигізуі, күнә артынан күнә жасай беруі сананың улануынан туындайтын арсыз әрекеттерге жатады.

Қазіргі таңда бұл улы суды кейде кәрілер де, жастар да, еркектер де, әйелдер де ұрттап қойып жүргеніне куәміз. Тіпті кейбір жанұяларда бала-шағасы әкелерінің бір күн арақ ішпей, сау келуін армандайтын жағдайға жеткені шындық. Әкелері көшеде құлап жатып, құрбы-құрдастарына күлкі етпесе, үйге келіп ұрыс-керіс шығарып, отбасының берекесін алмаса, бір күн болса да айқай-шусыз тыныш отырып тамақ ішсе, бейкүнә балалар үшін ең үлкен бақыт сол. Қаншама адамдар осы тентек судың салдарынан зардап шегуде. Арақты ішіуден туындайтын озбыр қылықтардың зияндығынан дініміз исламда бұл ішімдікке қатаң тыйым салынған.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, бұлттар, және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. (Ақыретте ауыр азаптан) құтылу үшін одан сақтаныңдар (Ниса сүресі, 43)» деп ескертті.

Ал Әнас ибн Малик (р.а) жеткізген хадисте былай делінген: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) араққа қатысты он нәрсеге лағынет айтты: жасаушыға, жасатушыға, ішкенге, ішкізгенге, көтергенге, көтерткенге, сатушыға, сатып алушыға, сыйға тартушыға, арақты сатып, ақшасын пайдаланғанға».

Мінеки, бұлардың бәрі де лағнеттелген істер. Ал Пайғамбарымыздың лағынеті екі дүниеде де бақытсыздыққа апарары сөзсіз.

Тәбиғин ғалымы Ияс ибн Мұғауияһтан бір парсы диқаны сұраған екен:

– Осы адамды мас қылатын ішімдіктер жайында не айтасың? Оның харам қылынуы неде? Ол тек қана отқа қайнатылған, ашы-тылған жеміс пен су ғана емес пе? Ондағы су да, жеміс те мұбах (рұқсат етілген) қой.

– Айтып болдың ба, диқаншы, әлде тағы да айтар сөзің бар ма?

– Жоқ.

– Онда жақсылап тыңда. Алақаныма су толтырып алып ұрсам, саған зақым келтіре ме?

– Жоқ.

– Бір уыс топырақпен ұрсам, бір жеріңді ауырта ма?

– Жоқ.

– Бір уыс сабан алып ұрсам ше?

– Жоқ.

– Топырақ, сабан және суды араластырып, жақсылап илеп, кейін күнге кептіріп, қатқан кезде ұрсам, зақым келтіре ме?

– Иә, тіптен өлтіріп қоюың мүмкін.

– Арақ та сондай. Құрамына жеткілікті нәрселерді жинап, ашытсаң, харам болады.

Жаза берсек, шайтанның суының зиянын айғақтайтын басқада ғибратты оқиғалар көп-ақ. Қорыта айтқанда, ақыл-естен айыратын ішімдік Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерінде анық тыйым салынғаны түсінікті.  Қала берді, бұл араққа құмарлық халқымыздың дәстүріне де жат қылық. Өкінішке қарай, соңғы жүз жылдан бері біздің өмір сүріп отырған қоғамда өте көп көрініс беретін болды. Ақиқатында арақ адамға абырой әпермейді, керісінше ардан айырады.

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

ауданның бас имамы

Оқылды 4135 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет