Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2021 11:32

Босанғаннан кейін іштен қалай арылуға болады?

Босанғаннан кейін іштен қалай арылуға болады? Сурет интернеттен алынды

Ана атану – үлкен қуаныш пен бақыт. Десе де, жас аналар көп ұзамай, түрлі қиындыққа тап болып жатады. Қыз кезіндегі мінсіз мүсінін жоғалтқан кейбірі тіпті күйзеліске түседі. Әсіресе, іштерінің «салбырап» қалғанын уайымдайтындар көп. Ендеше, бұрынғы сымбатымызды жоғалтпау үшін не істеу керек?

Әдетте, табиғи жолмен босанғаннан кейін келіншектердің қайта қалпына келу кезеңі сегіз аптаны құрайды, ал кесар тілігімен босанғандар үшін бұл уақыт екі-үш айға созылады. Бастапқыда қарапайым гимнастикамен айналысып, уақыт өте келе төмендегі жаттығулар комплексін бастаған жөн. Бұл жаттығулар ішіңізді тартып, сымбатыңызды қайтаруға көп көмек болмақ.

І жаттығу:

  1. Алақанымызды алдымызға еденге тіреп, жүресінен отырамыз.
  2. Алақанымызды еденнен алмай, соған салмақ түсіре аяғымызды артқа жазамыз.
  3. Одан кейін шынтағымызды бүгіп, кеудемізді еденге тигіземіз.
  4. Табанымызды еденге тіреп, тіземізді бүгіп, қайтадан 1-қалыпқа ораламыз, яғни алақанымызды еденге тіреп, жүресінен отырамыз.
  5. Қолымызды жоғары көтеріп, барынша биікке секіреміз.

 

 

ІІ жаттығу

Алақанымызды еденге тигізіп, қолымызды тік ұстаймыз. Оң аяғымызды артқа тік созамыз, сол аяғымызды бүгеміз. Арқамыз да тік болуы керек. Содан кейін 30 секунд ішінде екі аяғымызды кезек-кезек тез-тез ауыстырамыз.

 

ІІІ жаттығу

Еденге шалқамыздан жатып, екі қолымызды желкемізге апарамыз, аяқтарымызды бүгеміз. Денеміздің жоғары бөлігін оңға-солға кезек-кезек бұрамыз. Әр бұрылған сайын сәл кідіріс жасай отырып, жаттығуды 20 рет қайталаймыз.

 

IV жаттығу

Шалқамыздан жатып, қолымызды жазып, жамбасымыздың астына қоямыз. Аяғымызды созып, тік ұстаймыз. Оң аяғымызды жоғары көтеріп, баяу төмен түсіреміз. Оң аяқты түсіріп жатқан уақытта сол аяқты жоғары көмереміз. Аяқты түсіргенде еденге тигізбеген жөн. Бұл жаттығуды 20 рет қайталағаннан кейін сәл демалып алып, тағы 20 рет жасаған жөн.

 

V жаттығу

Шынтақтарыңызды иықтың бойымен еденге тіреп, бүкіл денеңізді тік ұстап, аяғыңызды артқа созыңыз. Аяғыңыздың басымен еденге тіреліңіз. Осы қалыпта еш қозғалмай бір минут тұрыңыз. Сәл демалған соң бұл жаттығуды тағы бірнеше рет қайталаңыз.

 

 

VІ жаттығу

Еденге шалқамыздан жатып, екі қолымызды екі жаққа созамыз. Ал аяқтарымыз тік жазамыз. Сол аяғымызды көтеріп, баяу оң жаққа апарып, аяқтың ұшын еденге тигіземіз. Баяу қозғап, қайта орнына апарамыз да, оң аяғымызды көтеріп, сол жаққа еденге тигіземіз. Бұл жаттығуды да әр аяқпен он-оннан – 20 рет қайталау керек.

 

VІІ жаттығу

Екі қолыңызды иық деңгейінен кеңірек алып, алақандарыңызды еденге қойыңыз. Денеңізді тік ұстап, аяғыңыздың ұшын еденге тіреңіз. Шынтағыңызды бүкпей, қолыңызды тік ұстаңыз. Беліңізді бүкпей «отжимание» жасаңыз. Отжимание кезінде сол жақ аяғыңызды бүгіп, тізеңізді шынтағыңызға тигізіңіз. 

Дайындаған Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 25924 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жүктілік кезінде қандай сусын ішуге болмайды?

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет