Бейсенбі, 22 Қазан 2020 11:58

Жүктілік кезінде қандай сусын ішуге болмайды?

Жүктілік кезінде қандай сусын ішуге болмайды? Сурет интернеттен алынды

Әйел адам жүктілік кезінде белгілі бір диета ұстануы керек. Соның бірі – сусын түрлері. Жүкті кезде шай, кофе ішуге бола ма?

Кофе

Жүкті болсаңыз, кофеден бас тартуыңызға тура келеді. Кофеин жүйке жүйесінің мықты стимуляторы болғандықтан, ағзадағы кальций метаболизміне әсер етуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде балаға әсерін тигізеді. Себебі кофеин қан тамырларын тарылтып, баланың тамақтануына бөгет болады.

Кофеиннің тек кофе емес, газды сусын, шоколад, кейбір дәрі-дәрмектердің құрамында да бар екенін ұмытпаңыз. Сатып алатын тағам, дәрінің құрамын оқуға ерінбеңіз.

Көк шай

Көк шай – денсаулығымызға пайдасы мол сусын. Оның құрамында антиоксиданттар мол болғандықтан, жасушалардың тозуына жол бермейді. Сонымен қатар ол магний, мырыш, кальций мен селенаға бай.

Бұл сусын жүрек тамырлары қызметін жақсартып, иммунитетті нығайтып, тіс эмалін қатайтады. Жүктілік кезінде көк шай диабеттің алдын алып, ағзадағы қан деңгейі мен холестеринді қалып ұстауға көмектеседі.

Сонда да болашақ анаға көк шайды көп ішуге болмайды. Себебі оның құрамында кофеин бар және ол өте баяу қорытылады. Көк шай ағзадағы фоль қышқылын азайтып, темірдің толықтай сіңуіне бөгет етеді.

Көк шай мен кофені күніне тек 1-2 стақаннан ішіп отыруға болады. Одан артық ішпегеніңіз абзал. Шайды тамақпен бірге және тамақтанып болған соң бірден ішуге болмайды. Бір сағат өткен соң ғана ішкен жөн.

Қара шай

Қара шай теобромин, теофиллин, С, К, РР, В дәрумендері мен пантотен қышқылына бай. Сонымен қатар оның құрамында фосфор, калий, кальций мен фтор бар. Қара шай жүйке жүйесі, жүрек пен тамыр жолдарының қызметін жақсартады. Сондай-ақ ол бауыр мен ішек трактына пайдалы.

Өкінішке орай қара шай құрамында кофеин тым көп. Оны жиі ішетін болсаңыз ағзаңызға темір мен магний жетіспеуі мүмкін.

Егер қара шайдан бас тарта алмасаңыз, қайнаған бойда күніне 1-2 кесе ішіп тұруға болады.

Шөп шайлары

Қара шай мен кофенің орнын шөп шайлары баса алады. Шөп шайының дәмі де тәтті, иісі де жағымды. Оның ағзаға, балаға еш зияны жоқ. Қандай шөпті шай ішуге болады?

Түймедақ – ас қорытуға көмектеседі;
Бақбақ (одуванчик) – ісінуді басып, асқазан қызметі бұзылғанда көмектеседі;
Жанжабіл түбірі – жүрек айнуын басып, мұрын бітуін емдейді;
Қалақай жапырағы – темір, кальций мен түрлі дәрумен мен минералдарға бай;
Ащы жалбыз – іштің кебуін басып, қыжылды емдейді;
Таңқурай – жүрек айнуын басып, гормондарды қалыпқа келтіреді.

Кейбір шөптер жүктілік кезінде қауіпті болады. Олардың біріне саз жалбызы (болотная), мыңжапырақ, жай жусан, майтамыр, арша, түймешетен жатады. Шөпті шай алудан бұрын өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

 

Дереккөз: vk.com

Оқылды 26422 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Босанғаннан кейін іштен қалай арылуға болады? »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет