Сейсенбі, 30 Маусым 2020 16:07

«Еңбекшіқазақ» еңбегі ерен

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат БАЙҒОДЖАЕВ:

Құрметті Еңбекшіқазақ газетінің ұжымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ауданымыздың айнасы болған, қоғамдағы саяси, әлеуметтік мәселелерді кеңінен насихаттап халықтың көзі, құлағы Һәм тілі болған, 90 жылдық тарихы бар ауданымыздың бас газеті «Еңбекшіқазақтың» ұжымы Сіздерге шығармашылық табыс-тар мен шалдықпас шабыттар тілеймін. 

Жоғары кәсіби және азаматтық ұстаным таныта отырып, сіздер де елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформаларға белсене қатысып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жастарды рухани тазалыққа тәрбиелеуге, қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға белсене үлес қосудасыздар.

Ақпарат майданында иықтаса, қатар шайқасып жүрген қаламдарыңыз қарымды, шабыттарыңыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, жаңалықтарыңыз жағымды болсын.

 

«Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық комитеті филиалының төрағасы Серік НАДЫРБАЕВ:

Құрметті «Еңбекшіқазақ» газетінің ұжымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ауданымыздың тыныс- тіршілігі Сіздердің қарымды қаламдарыңыздан бастау алып, ел игілігіне қызмет етіп келеді. Асыл сөздің маржанын терген, құнарлы ойдан туған құнды сөздеріңіз арқылы ауданымыздың жағымды жаңалықтарын насихаттап жүрсіздер. Сондай-ақ, Сіздер көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігінің баянды болуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер.

 Қажырлы еңбектеріңіз ақпараттық кеңістікті, қоғамдық пікірді қалыптастырып, адами құндылықтарды бұқараға жеткізеді. Сіздердің осы еңбектеріңіздің арқасында аудан тұрғындары аймақта, мемлекетте және әлемде болып жатқан оқиғалардан, саяси және экономикалық процестерден шынайы ақпарат алады. Бүгінгі таңда журналистердің қоғамдық өмірдегі еңбегі мен үлесін бірауыз сөзбен бағалау мүмкін емес. Өйткені, Сіздер мәртебелі мамандық иесі ретінде өз өмірлеріңізді халықтың тағдырымен байланыстырып, қажырлық, табандылық танытып келесіздер.

Кәсіби мерекеге орай баршаңызға аудандық білім саласындағы кәсіподақ мүшелерінің атынан үлкен алғыс білдіріп, шығармашылық ізденіс, ұшқыр ой, ұтымды пікір, мықты денсаулық тілеймін.

 

«Қамқор» аудандық мүгедектер қоғам бірлестігінің төрағасы,

«Алтын адам» әжелер ансамблінің мүшесі Ұлжан Жоланова:

Құрметті ауданы-мыздың жаңалықтар жаршысы болған «Еңбекшіқазақ» газе-тінің ұжымы. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Көптеген көкейкесті мәселелерімізді көте-ріп, шешімін табуға септескен бас редактор Хайролла Ахметжановтың бас-шылығымен газет абырой-беделін бір рет те түсіріп алған жоқ. Мәнсіз де мағынасыз мақалалардан, өсек-аяңдардан аулақ ақиқатты ақтарып жүрген аудан айнасы «Еңбекшіқазақ» әлі де жас буынмен бірге жасай беретініне сенімім мол. Өзім де қоғамдық қор басшысы ретінде талай іс-шаралар өткізген едім. Сонда аудандық газет тілшілері үнемі жазып, игі жақсы іс-шараларды жариялап тұрды. Сіздергі шығармашылық шабыт, мұқалмас қалам, зор денсаулық тілеймін.

Аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев:

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғам-ның рухани ахуалы да шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздері-ңіздің,  газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болудың жөні бөлек.

Сіздерге, тынымсыз кәсіп-теріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңызды жақсы білеміз.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

 

«Атамекен Ұлттық кәсіпкерлік палатасы» аудандық филиалының директоры Бақытгүл Дүйсебекқызы:

Сіздерді – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құт-тықтаймын! Бүгінгі таңда бір де бір адам бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз, теле және радио бағдарламаларынсыз күнделікті өмірін  елестете алмайды.

«Еңбекшіқазақ» газеті ауданымыз-дың нағыз жылнамасы бола тұрып, тұрғындарымыз үшін көкейтесті және жедел ақпарат көзіне айналды. Ұжымның шығармашылық ізденістерінің арқасында «Еңбекшіқазақ» оқырмандардың сүйікті газетінің бірегейі.

Сіздерді байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан, өзара түсіністік, таусылмас өмір қуатын тілеймін. Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер!»

 

Аудандық көпсалалы ауданаралық Түрген алғашқы санитарлық көмек көрсету орталығы учаскелік мейірбике Гүлнұр ОРЫНБАЕВА:

«Құрметті аудандық «Ең-бекшіқазақ» газе-тінің ұжымы,. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жаңалықтар жаршысы, ауданымыз-дың айнасы «Еңбек-шіқазақ» газеті дәрігерлердің сері-гі десек артық айтқандық емес. Себебі, елімізде қауіпті індетке байланысты енгізіл-ген төтенше жағдай кезеңінде қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді жариялап, карантин режимін қатаң сақтауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Әдеби, сыни мақалаларды да газет беттерінен үнемі оқып, адалдық, иман, ізгілік дейтін ізгі қасиеттерді дәріптейтін «Еңбекшіқазақ» газетінің ұжымы Сіздерге шалқар шабыт, мұқалмас қалам, мұңаймас жігер тілеймін.

Оқылды 12470 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет