Сейсенбі, 30 Маусым 2020 15:40

Ежелгі кәсіп хақында

Әр жылы арнайы аталып өтілетін БАҚ қызметкерлері күні бар екенін білетін боларсыз?! Олар газет, радио, теледидар секілді ақпараттық саланың төңірегінде жүрген, сөз, қоғам және ар жауапкершілігін арқалаған мамандық иелерінің төл мерекесі. Олар – өз оқырмандары мен көрермендерінің, тыңдаушыларының таңдаулысы болу үшін тынбай еңбектеніп, қоғамда болып жатқан жаңалықтардан хабарландырып, айналамыздағы саяси-әлеуметтік  мәселелерге назарымызды аударып, әйтеуір, еліміздің ашық та демократиялы дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жандар. Сондықтан журналист мамандығы бүгінгі уақытта ең танымал салаға айналып үлгерді. Бейресми түрде «төртінші билік» деген аты да бар.

Журналистика қайдан шықты?

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге жол беруге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Дегенмен, журналист болу оңай шаруа емес екені де рас. «Журналистика» термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Бұл – «күнделік», «журнал» деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінде осыған ұқсас «journalism», неміс тілінде «Journalistik» деген сөздер бар. Ежелгі Рим мен Грекия жерінде журналистердің міндетін шешендер, жаршылар мен хабаршылар атқаратын. Олар патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет етті. Тіптен ежелгі Египеттегі перғауындар сарайында папирустан оралған газеттердің шығып тұрғандығы да белгілі. Юлий Цезарьдың айтқандары бірнеше дана болып жазылып, халыққа таратылғандығы да тарих беттерінде айтылады.

Бірақ нағыз репортерлік қызметті француздар дамытты. Олар алғашында қала көшелеріне жиналып, Париж жаңалықтарымен бөлісетін, кейіннен олардың арасынан жаңалық таратумен арнайы айналысатын адамдар бөлініп шыға бастады. Ең алғашқы «журналистерді» бай париждіктер арнайы шақыртып, ақпарат сұрайтын болған. Ал нағыз журналистика баспа үйлері ашылып, кітап басып шығару үрдісі дамығаннан кейін пайда болды. Алғашқы газеттерде саудагерлер және олардың тауарлары, сауда жолдары, тауар бағасы жазылатын еді.

Қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында қалыптасты. Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой-пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт-насихат саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1898 жылғы №10 санында: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды», – деп,  газеттің әлеуметтік-қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты көрсетті. Алдымен аударма ретінде шығып, бірте-бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) мен «Дала уалаяты» газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы беташарлары деп есептелінеді.  Оның ізімен пайда болған «Серке», «Қазақ» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ баспасөзін дамытудағы орны өте ерекше.

 

Журналистика дегеніміз не?

Журналистика – ең алдымен романти-калық мамандық. Ол – күтпеген кездесулерімен, қиындық пен қызыққа толы саяхатымен, қоғамды бірде дүрліктіріп, бірде тыныштандыратын тұңғиық ақпарат теңізімен романтикалық әсерлерге толы екені рас. Адамның қиялы мен арманына қанат бітіріп, сырттай қарағанда у мен шудың, талас пен тартыстың, думан мен қызықтың бел ортасында жүру кімді де болса бей-жай қалдырмасы айдан анық.

Жураналистика – төртінші билік... Әрине, бұл атау демократиялы, санасы ояу, интеллектуалды қоғамда ғана мүмкін болатын нәрсе. Қоғамдағы кемшіліктер мен олқылықтарды сынай отырып, оның жақсыға қарай өзгеріп, алға қадам басуына әсер ете алатын бірден-бір ашық алаң осы. Қоғамның идеологиялық саласында ғана емес, оның саяси билігі мен экономикалық реформаларына, дамуы мен гүлденуіне, көркеюі мен толысуына үн қосып, керек кезінде халықтың атынан құзырлы органдарға әсер ете алатын болу үшін де «билік» керек екенін мойындайсыз ғой. Демек журналистиканың билігі жақсыны дәріптейтін, жаманды көзге шұқып көрсететін сын садағының улы жебесінде жатыр.

Журналистика – жаңалықтар мұхиты. Әлемде болып жатқан түрлі жаңалықтарды халыққа уақытылы және нақты жеткізу міндеті журналистерге жүктелгенін онсызда жақсы білеміз. Елестетіп көріңізші, сіз газеттен немесе басқа да ақпарат құралдарынан жердің бір алыс түкпірінде әлемді дүр сілкіндірерліктей ерекше бір жаңалық болып жатқанын білдіңіз делік. Бірақ сіз ол ақпаратты білу үшін ешқайда бармадыңыз және ешкімнен сұрамадыңыз. Тек алдыңыздағы шайыңызды сораптап, шынтағыңызға құс жастықты жастанып, диванда шалқалап жаттыңыз да қойдыңыз. Дегенмен сол ақпараттың сізге қандай жолмен жеткенін ойлап көрдіңіз бе?! Иә, сіз жайлы орында жатып алып, оқып жатқан жаңалығыңыздың артында қаншама журналистың табан ет, маңдай тері жатқанын білгеніңіз дұрыс. Журналистика – әлеуметтік компас. Егер сіз қоғамның бүгінгі тыныс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын, дүниетанымын, интеллектуалдық деңгейін, саяси сауаттылығын т.б. білгіңіз келсе, ең алдымен, ақпарат құралдарына жүгінетініңіз анық. Сол арқылы мемлекет пен әлемнің қандай бағытпен кетіп бара жатқанын да анықтай аласыз.

Журналистика – тарихты жасаушы. Әрине, артық кеттің дерсіз. Алайда, сіз бүгін жай ғана көз жүгіртіп өткен сіз үшін маңызы жоқ ақпараттар мен цифрлардың топтамасы ертең тарихшылар үшін алтыннан бағалы тарихи дерекке айналарына күмәніңіз болмасын.

Журналистика – дүрліктіру, таңқалдыру және өтіріктің ортасы. Иә, дұрыс түсіндіңіз. Айтылған, айналымда жүрген ақпараттардың барлығы дерлік шындық емес. Сондықтан шындықты өтіріктен, бұрысты дұрыстан айырып беру де осы сала қызметкерлерінің міндеті.

Журналистика – сан қырлы саланың топтасқан ортасы. Сондықтан біздің журналистика саласына берген бағамыз жеткіліксіз екенін де мойындаймыз.

 

Журналист деген кім?

Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, шын талантыңмен оқырманды баурап алып, шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола алатының ақиқат. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінесің. Сондықтан журналистболудың нақты анықтамасы жоқ.

Журналист – ізденгіш адам. Бүгінгі күнгі дамудың қарқынымен салыстырғанда ақпараттың тез көнеруі заңдылық. Сондықтан ең жаңа ақпаратты алып, оны басқаларға жеткізу үшін тынымсыз ізденіс пен еңбек керек-ақ. Ғылым, экономика, саясат, мәдениет, өнер, спорт секілді барлық саладан хабардар болып, әрбір оқиғаға өзіндік пікір білдіру үшін де біліміңді толықтырып отырғаннан басқа амалың жоқ.

Журналист – жан-жақты адам. Әр саладан хабары бар, интеллектуалды жоғары, саяси сауатты, білімді болуды қажет етеді.

Журналист – сын айта алатын адам. Яғни, елдік мүдде жағынан қоғамда болып жатқан теріс әрекеттерге тойтарыс беріп, оған жауапты тұлғалардың мансабы мен атағына, өзіне жақындығы мен қарым қатынасына қарамай олардың теріс әрекетіне орынды сын айта білуі тиіс. Ол журналистың ар-ождан алдындағы тазалығынан да хабар береді.

 

Н.ТІЛЕУҚАБЫЛ

Оқылды 13223 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өткен күндер белгілері «Еңбекшіқазақ» еңбегі ерен »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет