Жұма, 03 Желтоқсан 2021 17:53

Ұлы даланың дара ұстазы

Қазақ жерінде білім беру ісінің көшбасшысы ретінде белгілі ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны, шығармашылығы қазіргі кезеңге дейін әр қырынан ғылыми зерттеулердің нысанына айналған. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. «Қазақ хрестоматиясы» негізінен Ыбырай Алтынсаринің төл шығармаларынан құралған. Біз Ыбырайды ағартушы-ұстаз ретінде ғана емес, әрі ақын әрі жазушы ретінде танимыз. Оның балаларға арналған туындылары мен көркем аудармалары күні бүгінге дейін көркемдік құндылығын, әдеби маңызын, тәрбиелік мәнін жоғалтқан жоқ. Биыл Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтіп жатырмыз.Біздің республикамызда ағартушы, педагог, жазушы, қоғам қайраткерінің есімі 50 мектепке берілген. Сауатты болса екен деп қазақ халқын, білімге бастап сара жол  салды. Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен, Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді былай

Жас ұрпаққа жар салып жанымен де

«Кел,балалар, оқылық» – деді Ыбырай.

Осы орайда Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатта «Ұлы даланың дара ұстазы» атты тәрбие сағаты өтті. Аталған шараға ұстаздар мен тәрбиеленушілер белсене қатысты. Интернат тәрбиеленушілері алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен, туындыларымен танысты. Сондай-ақ тәрбиеленушілерге ұлы тұлға туралы бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауаптар алынып, өлеңдері оқылып, постер құрады. Міне осылай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы тәрбиеленушілерді әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата-анасын сыйлап, құрметтеуге үйретеді.              

Р.АЙТЕСОВА.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі.

Оқылды 1064 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет