Жұма, 16 Сәуір 2021 16:28

Наурыз – бірлік мейрамы

Ызғары сүйегіңнен өтіп, мал жүдеген қыстан шыққан түркі халықтары ұлыстың ұлы күні аузын аққа жеткізіп, табиғатпен бірге жаңарады. Ежелден-ақ, Әз-Наурыз – жер арқасы кеңіп, бір-бірімен көріспеген алыстағы ағайын молшылықта, бір дастархан басында жүздесіп, суық ызғардың кеткеніне көз жеткізер күн. Күн мен түн теңелген бұл мейрамда адамдар ескі ыдыс, ұсақ-түйекпен қоса бір-біріне деген реніштен арылып, жаңа жылда тек қуаныш пен жылу сыйлауға тырысады. Бұған себеп жаңа жыл – жаңа бастама, тіршіліктің нұрланатын, қармен қоса көңілдің де жібитін, пейілдің кеңейетін кезеңі.
Әсте, көшпелі халық үшін қыстан шығу оңай болмаған. Хал мал жайылар жер таба алмай қиналған. Сондықтан қыстың қыспағынан шығып, табиғат пен тіршілік жаңаратын көктемге аман-есен жету – үлкен қуаныш.

Наурыз молшылық пен тоқшылықтың, амандық пен саулықтың мерекесі болғандықтан бұл мейрамда құрамында кем дегенде жеті дәм бар наурыз көже әзірленіп, бір шаңырақ астында бас қосып, ынтымақта астан дәм татады. Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы наурыз көже жасауға қамданып, жеті дәмді дайындай бастайды.
Сонымен қатар халық таза, жаңа киімдерін киіп, ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып амандасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне ізгі тілектер айтады. Мейрам кезінде «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Көкпар» секілді дәстүрлі ойындар ойнатылып, алтыбақан тебіледі. Бұл – халықтың бұзылмас бірлігінің айғағы.
Қазіргі таңда ұлыстың ұлы күн ашаршылықты емес ынтымақ пен бірлікті, амандық пен саулықты, тоқшылық пен молшылықты, құт пен берекені білдіретіні ерекше қуантады. Дәл осы күні шапан, қос етек көйлек, қазақы камзол, кимешек, бөрік секілді ұлттық киімдер киіп, шолпы, шашбау, шоқ, тұмар секілді әшекейлермен әрленетіні, әншілер дәстүрлі ән шырқап, бишілер мың бұралып билейтіні ұлттық болмыстың жүздеген жылдар бойы сақталғанының дәлелі іспетті. «Алдағы уақытта да ұлт құндылықтары жоғалмай, наурыз тек ынтымақ пен бірлік мейрамы болып қала берсін» дегім келеді. Ұлыстың ұлы күні ескі реніштер ұмытылып, жаңа жыл жаңа жетістіктерге толы болсын. Жүздеріңіз жадырап, көңілдеріңіз күлімдесін, ұлыс оң, ақ мол, Әз-наурыз құтты болсын!

Балауса Азаматқызы,
Рахат орта мектебінің
7 «А» сынып оқушысы

Оқылды 1481 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ана – өмірдің гүлі Ұлт пен ұлысты ұйыстырған күн »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет