Жұма, 30 Қыркүйек 2022 09:50

Тәрбие мен білім — тағылымға бастар жол

Ұстаздық – ұлағатты іс.  Өмірде өскелең ұрпақ үшін тер төккен ұстаздар қауымының қашанда орны ерекше. Халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлы: «Қанша ғасыр өтсе де адамзат баласы ардақ тұтар ұстаз – мәңгілік қастерлі ұғым, барлық мамандық атаулының басы және шыңы», – деп тұжырымдаған болатын. Себебі, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, әрбір ұстаз жас ұрпақты білім мен тәрбиенің кәусәр бұлағынан сусындатып, оларға жүрек жылуы арқылы нұрлы жол нұсқары анық.

Ұзақ жылдар бойы білім саласында тер төгіп, сансыз шәкірт тәрбиелеп, шартарапқа қанат қақтырған ұлағатты ұстаздың бірі – Гүлдар Тажібаева. Бәйтерек ауылдық округіндегі Әл-фараби атындағы орта мектептің жоғары сыныптарына математика пәнінен сабақ беретін білікті маманның шәкірттері биылдың өзінде екі «Алтын белгі» қорғап,  өзгелері  дерлік оқу грантына ие болыпты. Білім беру саласында 40 жылға жуық еңбек еткен ардақты ұстаз жуық арада зейнетке шығады екен. «Ұстаздық – жан-жақты білімділікті, шеберлікті, мейірімділік пен талапшылдықты қажет ететін киелі мамандық. Ұлы ойшыл Абай атамыз айтқандай «көрсем, білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық иелерінің еңбегі ұшантеңіз», – дейді ардагер ұстаз.

Бұл білім ордасының үздік жетістіктерге қол жеткізуін білікті мамандардың қажырлы еңбегінен бөліп қарауға болмайды. Саният Магамадова 20 жылдан бері осы оқу ордасында ұстаздық жолын жалғап келеді. Орыс тілі мен әдебиетінің маманы мектеп руханиятына нәр беретін көптеген жобаларға жетекшілік еткен. Ардақты ұстаз биылғы жылы «Орыс халқының мақал-мәтелдері» атты авторлық еңбектің басылым көруіне мұрындық болыпты. «Бүгінгі білім беру жүйесі заман талабына сай жаңашылдықпен, оқу-тәрбие үдерісін үлкен шеберлікпен жүйелі түрде жүргізетін, ұйымдастырушылық қабілеті жылдар сынағында танылған, әріптестерімен тіл табысып, іске жұмылдыра білетін қабілеттерді талап етеді. Сонымен қатар, ұстаз өзі де үйренуге, білуге құмар, өз мамандығын жетік меңгерген жан болуы шарт. Білім беру ісінде  рухани құндылықтың алар орыны айырықша», – дейді үздік ұстаз.

Біз сөз етіп отырған Әл-фараби атындағы орта мектепте  үзілмеген ізгі дәстүр, өнегеге толы орта барын аңғардық. Қажмұрат Ибрагимов 25 жылдан бері аталған мектепте еңбек етіп келеді. Музыка пәнінен сабақ беретін ұстаздың дарынды шәкірттері сан мәрте облыстық, аудандық байқауларда топ жарыпты. Бүгінде қадірлі ұстаз  «Жүз ән» сынды жобаға жетекшілік етіп, мектеп қабырғасында ұлттық өнердің қамқоршысы болуда. Мектеп директоры Жанат Нұрамбаевтың сөзінше, білім ордасында оқу мен тәрбие жұмысына бірдей мән беріледі екен. Қысқасы аталған мектеп әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамазаттың қас жауы», деген дана тағылымын берік ұстанған. «Ұстаздар мерекесінің қарсаңында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған мұғалімдерді, ұлағатты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Ұрпақ тәрбиесі жолындағы, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады. Сіздердің өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз», – дейді  Әл-фараби атындағы  орта мектептің ұстаздар қауымы.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1195 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет