Жұма, 26 Наурыз 2021 11:53

Ғашықтар жыры мектеп сахнасында

Қазақ халқының даңқты ғашықтық жыры «Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың» шығу тегі, тарихы және көркемдік шындығы, айтушылары, вариант-нұсқалары, жинаушылары, поэзиялық ерекшеліктері т.б. жөнінде зерттеулер бірнеше ғасыр бойында жүргізіліп келеді. Бұл жырдың көп қырлы сипаты мамандарға ғана емес, жалпы оқушы жұртшылыққа да танымал. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастаны орта, жоғары мектеп бағдарламаларына енген. Атақты суреткер Ғ.Мүсіреповтің жыр сарынымен жазылған трагедиясына жамағат театр сахналарынан да, кино экрандарынан да қанықты.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» мәтіні жеке кітап болып әлденеше рет басылып шыкқаны да әмбеге аян.

Ж.Қайыпов атындағы орта мектебіндегі «JASTARS» театрының және мектепішілік «өзін-өзі басқару» ұйымының оқушылары  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырынан қойылым қойды. Қойылымдағы Қарабай рөлін – Ернар Тұрарбек, Қарагөз – Дидар Адай, Қозы – Ақжол Қырғызбай, Баян – Ақерке, Қодар – Ержан Уринбаев, Талшын – Аяла Бексадық тағы басқа да рөлдерді сомдаған оқушылардың көрермен көңі-лінен шықты. Қазақ елінің ерте замандағы әлеуметтік, тұрмыс-тық жағдайларынан мол дерек беріп, тақырыпты қойылым арқылы аша алғанымен  құнды болды. Адамның бас бостан-дығы, сүйіспеншілік еркіндігі есепке алынбайтын көне дәуірдің шындығы мұнда бар болмысымен ашық баяндалған. Жырдың ғасырлар бойында ұмытылмай, ауыздан-ауызға тарап келуінің негізгі сыры да заманның бас қайшылығын, жастардың басындағы теңсіздік қасіретін көрсете алуында. Арманына жетпей, қайғылы түрде мерт болған Қозы мен Баян тағдыры көрерменге жақсы әсер етті. Жырдың үзақ өмір кешуінің түпкі себебі осында болса керек. Адамның жеке басының мүддесі ескерілмей, ескі салт-сананың құрбаны болғанын жыр айыптау үкіміндей әйгілейді. Қолы қысқа, талабы тұсаулы болса да, халық қиялы мен арманы еркін еді. Фольклор шығармаларының көбіне тән болып келетін өршілдік рухы осы жағдайға байланысты. Тіпті «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ақыры трагедиялық халге құрылуының да ел үшін тәрбиелік мәні болған. Қозы мен Баянның шейіт өлімін көрсете отырып, жыршы, ақын елді зұлымдықтан шошытқысы келген, адамдарға ізгілік ғибратын таратқандай.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры қазақ даласындағы барлық лиро-эпостық жырларға жол салған шығарма. Ендеше, мақтан етер болашақ жастарымыз көп болсын, келешекте оқушылардан  құралған  «JASTARS» театрынан осындай күрделі туындылар күтеміз.

 

Нұргүл САБАКАНОВА,

журналист, Ж.Қайыпов атындағы орта мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Оқылды 1540 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет