Бейсенбі, 02 Маусым 2022 10:57

Диорға муза болған қазақ қызы

Әлемге әйгілі кутюрье Диорға муза болған қазақ Алла Елшін туралы 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз:

1. Алла Елшін Харбин қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Жуанхан Елшін, инженер болып қызмет атқарса, анасы Тамара, орыстың опера әншісі болған. Жуанхан Алматы қаласында, ауқатты отбасында дүниеге келген. Транссібір магистралін салу жұмыстарына қатысып, Қытайдың Харбин қаласына қоныс аударады. Сол қалада болашақ жарымен танысқан.

2. Алланың әкесі қиын қыстау жылдары ГУЛАГ-қа қамалады. Жер аударылады. Тамара кішкентай қызымен Францияға кетуге мәжбүр болады.

3. Парижде Алла француз әскерінің құрамында болады. Жас қызды партизандық ұрысқа апалы-сіңілі эмигранттар Тамара Волконская мен Ариадна Скрябиналар алып келді.

4. Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң, жас Алла ресторанға ыдыс жуушы болып жұмысқа тұрады. Міне, осы жылдары тағдыр оған тосынсый жасайды. Құрбысымен Париждің монмартінде пәтер жалдап жүрген Алла бірде сырқаттанып қалған құрбысының орнына сән үйінің кастингіне барады. Кастингке келген біздің Алла бір топ жұмысшылардан басқа ешкімді кездестірмейді. Сән үйінің қызметкерін күту барысында, сол жұмысшылармен әңгіме-дүкен құрып тұрады. Күте-күте шаршаған қазақ қызы үйіне оралады. Тек араға бірнеше күн салып Кристиан Диордың хатшысы телефон соғып:
– Мадмуазель, сіз Диор сән үйіне қабылдандыңыз! – дейді.
– Қалай?! Мен ол жерге барғанда тек бір топ жұмысшыны ғана көрдім ғой!
– Сол жұмысшылардың ішінде Диор мырза да болған.

5. Сән әлемінің ханзадасы Кристиан Диормен қазақтың қызы Алла тура жиырма жыл жұмыс жасайды. Диордың алғашқы коллекциясы «NEW LOOK» деген атаумен шығады. Бұл сән қойылымының ғажап көйлектерін Алла киіп шығады. Алланың азиаттық түр келбеті, көзінің қиығы, 47 сантиметрлік талдырмаш белі және де, ең бастысы шығыс баласына тән даналығы Еуропа халқын қатты таңқалдырады. Сөзсіз кутюрьенің бұл топтамасы үлкен табысқа және танымалдылыққа ие болады. Сол күннен бастап, қазақтан шыққан сұлу бойжеткен «Диордың музасына» айналады.

6. Кристиан Диордың бірнеше сүйікті модельдері болған. Француз қызы Рене, орыс княгинясы Татьяна Кропоткина, Елена Корнилова, Дина Варенова. Алайда, біздің Алла кутюрьенің ең сүйікті моделі болған. Алла да Диорды екінші әкесіндей көрген.

7. Диор сән үйіндегі 20 жылдық қызметінен соң, Алла Кристианның шәкірті Ив Сен Лоранның сән  үйінде 10 жыл уақыт модель қызметін атқарады. Сән әлемінде отыз жыл бойы модель болу өте  сирек кездесетін жағдай.

8. Жасының келгенгендігіне байланысты Алла сән әлемінен кетуге бел буады. Сол сәттен бастап,  ол өзінің жеке өмірін құпия ұстайды. Ешқандай тілшіге, жазушыға немесе тарихшыға сұхбат  бермеген. Тек, 1990 жылдары ғана сән әлемнің тарихшысы Александр Васильевпен кездеседі. Сол кездесуде Алла өзінің бойында қазақ қанының барын айтқан болатын. Бірақ, өзін суретке түсіруге  рұқсат бермейді.

9. Алла Елшін поляк фотографы Майк де Дюльменге тұрмысқа шыққан. Олардың екі баласы бар.

10. Алла Елшіннің бейнесі бар жалғыз портреті Францияда тұратын меценат, «Франциядағы қазақстандықтардың ассоциациясының» негізін қалаушы Берлин Иришевтің жеке коллекциясында сақталған. Берлин Кенжетайұлының «Муза Dior» кітабы 2019 жылдың қаңтар айында жарыққа шықты.

Ақпарат дереккөзі

Оқылды 6095 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет