Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2020 10:56

Жыр жазған, мен – қазақтың бір баласы

Жыр жазған, мен – қазақтың бір баласы mezet.kz

Өнерлі ұлдарын өнеге қылып, әрдайым даралап, дәріптеп отыратын халықпыз. Осы дәстүрімізден аттамаған аудандық кітапхананың қызметкерлері оқырмандарына әдемі кеш ұйымдастырды. Кештің басты қонағы – Шаяхмет Құсайынұлы.

Ха­лық­аралық Жазушылар одағының, Қазақ­стан Жазушылар одағының және Жур­налистер одағының мү­шесі, Ең­бекшіқазақ ауданының құр­метті азаматы, ақын, жазушы, журналист Шаяхмет Құ­сай­ынұлы биыл 70 жаста. Осынау мерейтойға орай ұйымдастырылған «Жыр жазған, мен – қазақтың бір баласы» атты әдеби кешке ақынның жұбайы, достары мен оқырмандары жиналды. Кітапхана әдіскері Гүлия Саурықова Шаяхмет Құсайынұлының өмір жолына аз-кем тоқталып, қызықты деректермен бөлісті. Ол кісінің 30-ға жуық кітап жазған ақын, жазушы ғана емес, қара қылды қақ жарған шыншыл да әділ журналист ретіндегі еңбектеріне де ерекше тоқталды. Достары ақын жайлы әдемі естеліктерін айтып, оқырманға керемет көңіл сыйлап, Шаяхмет Құсайынұлын жақыннан таныта түсті. Талғардан арнайы келген әнші, ұстаз,  Нұржамал Ержанқызы ақынның сөзі мен сазгер Мейрамбай Бектасовтың әніне жазылған «Еңбекшіқазақ вальсі» әнін орындады. Абылайхан атындағы орта мектептің оқушылары кештің қызықты өтуіне үлес қосып, ақынның өлең-жырын жатқа айтып, домбырамен ән салып, би биледі.

Ақын қонақтармен пікір алмасып, әңгіме-дүкен құрып, кездесу әдемі өтті.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Оқылды 1634 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет