Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2020 15:40

Massaget.kz “Абай жолы” эпопеясының видеосаммариін ұсынады

Massaget.kz “Абай жолы” эпопеясының видеосаммариін ұсынады massaget.kz

Massaget.kz жастар порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ерекше жоба жасады. Портал Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалды. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Бірінші томда 7 тарау, екінші томда 8, үшінші томда 6, төртінші томда 7 тарау бар. Әр видеосаммаридің ұзақтығы – 12-15 минут. Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну.

Жиренше мен Абай

"Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып, Абайды тануға себеп болады деп сенеміз", - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Кішкентай көрермендердің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Жоба жетекшісі – Ернар Алмабек, суретшісі – Томирис Есқали, дыбыстаған – Шамшаддин Омаров.

 

Абай мен Ақбас адвокат 

"Абай жолы" әр оқыған сайын өзгеше күйге бөлейтін эпопеялық роман. Шығарма мектеп бағдарламасына кіргенімен, оқушылар кейіпкерін көзге елестетіп, эмоция кешіп, мазмұнын есте сақтай бермейді. Тіпті ересек адамдардың өздері де романның авторын білумен ғана шектеледі.

Абайдың туған күніне орай біз тілі де, мазмұны да күрделі шығарманың видеосаммариін дайындадық. Енді көрермен 28 тараудың мазмұнымен санаулы минуттарда таныса алады. Осылайша кітапқа деген қызығушылығы оянған олар күндердің бір күні том-томды парақтайды деген үмітіміз бар", - дейді жоба жетекшісі Ернар Алмабек.

Мазмұн мәтініне шығарманың негізгі бөліктері таңдалып, жазушының тілі мен көркемдік құралдары сақталған. Шығарманың бірінші томындағы тараулар әр дүйсенбі сайын Massaget TV YouTube-арнасында жарияланып тұрады. Жобаның ақпараттық серіктесі – Alash Media Group медиахолдингі.

 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/abay_jolyi/62935/ 

 

Видеосаммариді мына сілтемеден көруге болады.

 

 

Оқылды 210 рет

Медиа

massaget.kz
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әлемге ақыл себуші Жыр жазған, мен – қазақтың бір баласы »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 22, 2020

Өңірлердің дамуына өң берген…

22 қазанда «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші…
Қаз 22, 2020

Жастареға мол мүмкіндік

ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемде алар өз орны бар…
Қаз 22, 2020

Су тапшылығымен күрес қазірден…

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қуанышбек Қашқымбаев ауыл…
Қаз 22, 2020

Сүйекті сүт нығайтады

Денсаулықтың жақсы болуын жас кезден бастап-ақ қолға алған дұрыс. Сүйек – адамның…
Қаз 22, 2020

141 адамда коронавирус індеті…

Өткен тәулікте Қазақстанда 84 адам коронавирус індетінен емделіп шықса, 141 адамда…
Қаз 21, 2020

Әлеуметтік қызмет қабылдауға көмек…

Жақында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастырумен аудандық «Jas…
Қаз 21, 2020

Президент жолдауы талқыланды

21 қазанда Акши ауылдық округінде «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалыының…
Қаз 21, 2020

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Ақорда» резиденциясында Реформалар…

Күнтiзбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Жарнама

для детей, достигших 12 лет