Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Рес-публикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. 25 жылды тарих қойнауына табыстаған Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні зор ауқымды істер атқардық. Аз уақытта айбары асқан куатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық. Ортақ…