Қоғамның тыныштығын, тәртібін, азаматтардың заңды құқығын қорғау – полиция қызметкерлерінің басты міндеттері. Қиын да күрделі салада қалтқысыз қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларына қоғамның да құрметі оң болуға тиісті. Кез келген уақытта қауіп-қатердің арасында жүретін полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелерінің қарсаңында орындаған істері мен алға қойған жоспарларымен таныстық. Еңбекшіқазақ ауданы Полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алтынбаев Жақсылық Бейқұтұлының газетімізге берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. – Құрметті Жақсылық Бейқұтұлы, сізге қояр алғашқы сұрағымыз – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік халыққа жақын болуы керек, кез…