Бейсенбі, 20 Сәуір 2017 10:24

Еңбек ардагерінің құрметіне өткен жарыс

Ақши ауылының дамуына өлшеу-сіз еңбегін сіңірген ауданымыздың құрметті азаматы Заманбек Ақшал-ұлының 85 жасқа толған мерейтойын ауылдастары қуанышпен атап өтті.

 

Мереке Ақши орта мектебінде талантты оқушылардың концерттік бағдарламасымен басталды. Концерт барысында сөз алған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тілеулес Ұзақов, спорт ардагері Болат Толыбаев, ардагерлер арасындағы волейбол федерациясының президенті Низамдун Исламов, Ақши орта мектебінің директоры Салтанат Жошыбаева Заманбек атамыздың өмір баянынан сыр шертіп, ел үшін, жер үшін еткен орасан зор еңбектерін еске алды. Заманбек Ақшалұлы – Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. 1956 жылдан бастап ауданымыздың мектептерінде  басқару қызметінде жұмыс атқарып келген. 1970-1984 жылдар аралығында Ақши орта мектебінде директор қызметін атқарған. Ғылым, оқу-ағарту, мәдениет салаларына өзгеше серпілістер әкеліп, Ақши ауылы мен мектебі бұрын-соңды болмаған үлкен жітістіктерге жетіп отырған. 1970-1992 жылдары ауылдық, аудандық кеңестер депутаты болған. Жалпы білім саласында 42 жыл еңбек еткен. Ерен еңбектері үшін көптеген медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сондай-ақ, Заманбек Ақшалұлы  кезінде волейболдан спорт шебері болғаны да айтылды. 85-тің сеңгіріне келген ақсақалға шын жүректерімен құттықтау лебіздерін жеткізген жандар, атамыздың иығына шапандарын жапты.

Нұрланбек Көрпебаев пен Берік Сембаевтың ұйымдастыруымен бұл күннің ең маңызды оқиғасы мерейтой иесінің құрметіне волейболдан өтетін турнир еді. Еңбекшіқазақ ауданынан «Бірлес» командасы, Іле ауданы, Шелек ауылы, Жаркент қаласы, Ұйғыр ауданы және Есік қаласы, жалпы саны 6 команда бақтарын сынады. Жарысқа қатысқан спортшылардың барлығы жастары 50-ден асқан азаматтар болды. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. «Сырлы аяқтың сыны кетсе де, сыры кетпейді» дегендей спорт ардагерлері волейболды қалай ойнау керектігін көрсетті. Жанкүйерлерді таң қалдырды.

Жарыстың қорытындысы бойынша, І орынды «Шонжы» командасы алып, ІІ орынды «Бірлес» командасы иеленді, ІІІ орын «Шелек» командасына бұйырып, ІV орынға «Жаркент» командасы лайық деп табылды. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз командаға кубок тапсырылды.

Ойын соңында Нұрланбек Көрпебаев жарысқа қатысушыларға, турнирдің өтуіне демеушілік көрсеткен Заманбек ағамыздың балаларына алғыс білдіріп. Бүгінгі кубок айналымда жүретінін, болашақта осы турнир жыл сайын дәстүлі түрде өтетінін айтты.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1352 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 18, 2021

Тұйық бала: тіл табысу жолдары

Балаңыз өзге балалармен бірге асыр салып ойнаудың орнына оқшауланып, шетте тұра ма? Тез…
Қаң 15, 2021

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға…

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII…
Қаң 15, 2021

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин…
Қаң 15, 2021

Бүйрек жұмысын нашарлататын не?

Бүйрек ауруларымен ауыратындардың саны жыл санап өсіп келеді. Әрі бүйрек аурулары –…
Қаң 15, 2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…
Қаң 15, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев VII…

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы…
Қаң 15, 2021

Еліміздің өркендеуіне қажетті…

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен…
Қаң 15, 2021

Алматы облысында « Жетісу әдеби…

Тұяғынан от ұшқан тұлпар уақыт жетегіне алған тағы бір жыл мәреге жетті. Қойнауына…
Қаң 13, 2021

Партияның 2021 жылға жоспары…

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат ПБК…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет