Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019
Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 16:49

«Жібек Жолы Жетісудан басталады»

Елбасының «Рухани» жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасының аясында «Жібек Жолы Жетісудан басталады» атты акция аясында жолға шыққан облыстық керуен өткен аптада аудан орталығына келді.

Ежелгі заманда шығыс пен батысты сауда-экономикалық және саяси-дипломатиялық, мәдени жағынан байланыстырған Ұлы Жібек жолының тарихы бірнеше мың жылдардан тұрады. Оның жұмыс істеуінің әртүрлі кезеңдерінде осы байланыстарды жүзеге асырудың мазмұны мен мағынасында, бағыттары мен ауқымында өзгерістер болды, алайда, Жібек жолы өркениетаралық көпірдің рөлін сақтағаны өзгеріссіз болды. Дүниенің қос торабын жалғаған «Ұлы көпірдің» Жетісу жерінде болғандығы жасырын емес.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов пен қонақтар Есік қаласындағы Есік тарихи-мәдени қорық-музейіне барды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, тарих пен география пәні мұғалімдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелерінен құрылған топ сақ дәуірінің тарихынан сыр шертіп, «Алтын адаммен» жақынырақ танысты. Қонақтар «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы», «Уа-қытша көрмелер залын аралап, экспонаттарды тамашалады. Сонымен қатар, «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі – Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориялдық бөлмесіне бас сұқты.

С.НҰРАДИН.

Published in Тарих
Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 12:00

Ұстаз болу – қастерлі ұғым

Атақты ақынымыз әрі «Педагогика» кітабының авторы М.Жұмабаев «Алты алаштың баласы жиналса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп ұстаздардың мәртебесін әйгілеп кеткен еді. Иә, ұстаз болу білімділік пен тәрбиелілікті, адамгершілік пен мейірімділікті, төзімділік пен туралықты, әділдік пен адалдықты, өзін-өзі күнде қамшылап отыратын талап пен жалықпай, талмай ізденгіштікті қажет ететін ерекше қастерлі ұғым. Ұстаз болу – өзгенің бақыты үшін өзіңнің алтын уақытың мен күш-жігеріңді сарп ету. Мұндағы ұстаз деген сөзді мектепте, колледждер мен университетте сабақ беретін жалпы мұғалімдермен шатыстра көрмеңіз. Өйткені, мұғалім болу – мамандық, ал ұстаз болу кез келгеннің қолы жетпес асқар шың секілді. Сол себепті сонау көне замандардан бері ұстаздардың қадірі мен қасиеті, абыройы мен беделі ешқашан төмендеген емес. Осындай ұстаз деген атқа лайықты жандардың бірі – Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалитқызы Адамова.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі Шелек ауылында ғана емес, жалпы аудан бойынша ең үздік әрі білім беру деңгейі өте жоғары мектеп. Мектеп шәкірттері жыл сайын өтетін білімділік пен өнер бәсекелерінде топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ал бітіруші түлектерінің барлығы дерлік еліміз бен шетелдердегі танымал жоғары оқу орындарының студенттері атануда. Мектептің осындай ірі жетістіктерге жетуінің кілті ең алдымен өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын білімді ұстаздардың арқасы болса керек. Осындай білікті ұстаздардың басында Гүлмира ұстаз жүретіні анық.

Кейіпкеріміздің дайындаған талай шәкірті аудандық, облыстық, респуб-ликалық шығармашылық байқаулар мен педагогикалық оқулардан, мәнерлеп оқудан, эссе жазудан, ғылыми  жобалардан тағы басқа додаларда жүлделі орындар алып, мектебі мен ауданымыздың атын шығарып жүр. Олардың қатарында Назерке Ербосынова, Гүлдана Ералы, Темірлан Біржанұлы секілді талантты шәкірттері бар. Бұл жағынан тізе берсек тізіміміздің бірталай болатыны анық. Ең бастысы, оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсуіне жолдама беретін ҰБТ пайда болғаннан бері бүгінге дейін Г.Адамованың тестке дайындаған шәкірттері жыл сайын 100% үлгерім көрсетіп, мектеп сапасын көтеруде. Және бұл дәстүрден ешқашан жаңылған емес.

Г.Адамова бүгінде талай жылғы еңбегі еленіп, төккен терінің қайтарымы мен жемісін көруде. Сондықтан жасаған істеріне орай марапаттар мен мақтаулардан кенде емес. Олардың бас-тылары 1999 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «ЮНЕСКО» (сыртқы істер министірлігінің) Шығармалар жарысында мақтау қағазымен, 2010 жылы ҚР «Білім және ғылым министрлігінің» алғыс хатымен, 2018 жылы «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталған. Г.Адамованың ие болған аудандық, облыстық, республикалық марапаттарының қатары мұнымен аяқ-талмайды. Бізде оның бәрін тізіп жазуды қаламадық. Өйткені, газетіміздің алдағы сандарында Гүлмира Қалитқызы Адамова туралы толыққанды сұхбат-мақаламызды жариялайтын боламыз. Әрқашан ұстаз деген ұлы атқа дақ түсірмей, соған сай лайықты қызмет етіп жүрген апайымыздың қызметіне табыс, отбасына береке, басына бақыт тілейміз!

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет