Дүйсенбі, 23 Қараша 2020 10:19

Парасат падишасы

Менің Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқаныма 2 жылдан асқан кез еді. Алматыда ешкімді танымаймын, жұмыс-үй, бір сарын өмір. 1990 жыл тамыздың аяғы демалыста институтта бірге оқыған Абілхакімнің үйіне Тұздыбастау кентіне келдік. Үй толы кісі, амандасып отырғаннан кейін көңілді  ортаға біз де бөтенсінбей араласып кеттік. Төрде орта бойлы ақбөкеннің қысыр емген лағындай, көзі тостағандай аппақ келіншек қазақша-орысша афоризімдерді анда-санда орынды жерде айтып бәрімізді күлдіріп қояды. Есімде жоқ, отырғандардың бірі әлгі келіншекке қарап Нұржамал институтта белсенді, спортсменка-гимнастка болдың, сонда көп жігіттердің бірі сені қалай  алып кетпеген дегенде Нұржамал ойланбастан:  – Қалайша жүрегімді алдай алам, мен оны жалғыз саған арнай алам – деп Әлиханды құшақтады да «Көз мыңды көрер, көңіл бірді сүйер» – дегенде қол шапалақтап жібердік. Үйге біз де шаттанып, көптен көтерілмеген еңсеміз биіктеп қарапайым жылы қабылдаған ортаға кездескенімізге қуанып қайттық. Содан бері сынаптай сырғып 30 жыл өте шықты. Сол дастарханда араласқан достармен арамызға сызық түскен жоқ, тәуба,  шүкір.  Қуанышта да, қиындықта да біргеміз.

Нұржамалдың кезекті бір туған күнінде (2 ақпан) жастайынан бірге өскен, институтта бірге оқыған жан досы Қарлығаштың айтқан сөзін ұмытқан жоқпын. Оның айтуынша, Нұржамал үлкен әкесі мен әжесінің тәрбиесінде  болды, сабақта алғыр, есте сақтау қаблеті жоғары, жақсы оқыды. Институтта филология факультетінің орыс тілі-орыс әдебиеті мамандығын игерді. Кітапханадағы кітаптың көбісін оқыды десем артық болмас, әсіресе орыс ақын-жазушылары классиктерін, европа классиктерін біліп қана қоймай, қазақ ақын-жазушыларын да қызыға оқитын. Әлем данышпандарының, қазақ би-шешендерінің сөздерін ерінбей дәмді жерлерін жазып жүретін. Кейін ұстаз болғанда ойшыл философтар мен тарихи романдарды көп оқитын болды. Екеуміз қосылып екі дауыста ән салатын едік. Әлихан комсорг болып ерекше ұйымдастыру қабілетін көрсете білді. Нұржамал достыққа адал, қиналғанда жанашыр қолындағы барды алаламай бөліп беретіні студенттердің әлі есінде, айтып жүреді: Белсенді қызмет істей бергенде артына өшпес із қалдыратын талантты тұлға болары сөзсіз еді, бірақ Әлихан парторг болып ауысқаннан бастап үзілді-кесілді жұмысты қойды. Оның түсінігінше бір үйде екі бастық болмау керек, біреуі екіншісіне жағдай жасап саналы ұрпақ тәрбиелеп, ағайын-туыстың басын біріктіріп үйге жұмақ жасамаса да, жұмақтай жылылық орнатып, үйде отыру керек деп, айтқанын орындады.

Әлиханның қарындасы Әсияның айтуынша, Нұржамал ауылдағы үлкендердің алдынан көлденең өтіп көрген жоқ, инабатты деп анам Әспент мақтап отыратын. Анамыздың көңілінен шығып батасын алған келін. Анам кеткен соң біздің бәрімізге ана орнына ана болды. Ешқайсымыздың бетімізден қаққан жоқ, жағымсыз қабақ көрсеткен емес. Келіндердің бәрін бірдей көріп, барымен бөлісіп, мейірімділік көрсетті. Немерелері қашан барсаң да әжелеп жанынан шықпайтын. Солардың үлкен-кішісі бәрінің тілін тауып, үлкендерше әңгімелесіп сөзбен де, іспен де тәрбиеледі.  Балаға деген мейірімі, шыдамдылығы ерекше жан. «Ананың мейірімі – көзінде, ықыласы – көңілінде» екенін айтып «маман тәрбиелеуден – адам тәрбиелеу көп қиын» екенін айтсада, «үй баласымен базарлы, қонағымен ажарлы» деген сөздерін ешуақытта  ұмытпаймын деген болатын.

Осы естіген сөздерімді, көзбен көрген, куә болған кездерімді ой елегінен өткізгенде Нұржамал Есперқызы тектінің ұрпағы, өнегелі тәрбие алған, саналы, терең жан-жақты білімді, намысқой, ұятын жоғалтпаған адам екеніне күмәнім қалмады. Кейбір қасиеттеріне тоқтала кетсек, оның жанындағы адамдарға жанашырлық танытып, қамқорлық көрсетіп ізгі ниетте болуы тапқан-таянғанын бөденеше бауырына баспай, сұңқарша шашып отыруын әр адамның басына бермеген. Қашанда дастарханы берекелі, отының басы мерекелі, барға тасымады, жоққа жасымады, тәубасын ұмытпады өте қанағатшыл жан. Ешкімге көреалмаушылық, қызғаншақтық көрсетпеді оған білетіндеріміздің бәрі куә. «Бұтақпен ағаш қымбат, ұрпақпен адам қымбат» деген қағиданы ұстай отырып, немерелерінің көзіне қарап түсінуі, оларды өзіне тез баурап алуы, адами қасиеттерді бойларына сіңіре білуі жәй ғана ұстаз емес педагог-психолог екенін көрсетпей ме? Орысша оқып, орыс тілінің маманы болып қызмет жасап қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін егжей-тегжей біліп және өзінің қылығымен көрсетуі ананың сүтімен кіріп сүйегіне сіңген қасиет екені даусыз, осыларды ұрпақтың санасына сіңіре білуі әр ананың қолынан келе бермейтінін білеміз. «Бөлінгенді – бөрі жейді. Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау ала болса – ауыздағы кетеді» деген бабалардың сөзін берік іске асырып Тойбай әулетінің ақылшы үлкен анасы атануы да оңайлықпен келген жоқ. Оған мүлтіксіз көркем, мінсіз көрегендік, парасаттылық, қадір-қасиет керек екені айдан анық. Отау иесі Әлиханның атын атамай «бас ием» деп құрметтеуінің өзі келіндерге, жас ұрпаққа көрсеткен өнегесі емес пе? Оның білікті филолог маман ғана емес, аса талантты энциклопедиялық терең білімді жан жақты ой-пайымы кең екені білетіндерге аян. Өзі өмірден өтетінін сезді ме құдай қосқан қосағын Әлиханды, бауыреті бала-шағасын жинап өзінің өмірге келгеніне, өмір сүріп ұрпақ тәрбиелегеніне, өткен күндердің қызығы мен қиындығына тәуба, шүкіршілік айтып қабағын шытпай, ештеңе білдірмей егер олай-бұлай болып кетсем келін болып түскен ауылыма апарып жерлеңдер деген аманаты үлкен көрегендік пен парасаттылық емес пе? Кейінгі жастарға одан артық қандай үлгі өнеге керек?! Осындай текті, көркем мінезді парасат падишасы өмірден өткеніне жыл жақындап қалды. Шөбересі Амандықтың алақанынан су ішіп кетті, яғни жұмақтың ішінде жүрген шығар. Біздің есімізде Нұржамал Есперқызы сүйікті жар, ардақты ана, асыл әженің ең жоғарғы үлгісі болып қала береді. Марқұм жатқан жері жұмсақ болып, арты биік, тойы таусылмай, ұрпағы үзілмей жалғаса берсін. Адамзаттың бәріне бірдей табиғаттың қатаң заңдылығы бар. Ол патшамысың құлмысың, кедеймісің, баймысың, бұл дүниеге келген соң о дүниеге кететініңді біліп, ризашылық білдіру, қанағат етіп, тәубаға келу де үлкен парасаттылық.

Өткен өмір оралмайды күн сияқты, оралмайды түн сияқты.

Қайта ақпайды су сияқты, жоғалады бу сияқты…

 

Сағынышпен

отбасының досы:

Туғанбай Жанысбаев

Оқылды 163 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Күлкінің кереметін білесіз бе? Парасат падишасы »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…
Қаң 20, 2021

«Инклюзивті білім беру» кабинеті…

"Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктің…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет