Сенбі, 22 Қазан 2022 10:06

Рухты бабаға – ұлықты құрмет

8 қазан күні Малыбай–Көктерек ауылының басында Ұлы жүз, Албан, оның ішінде Қарақыстық руының Қарақұс  тармағынан тарайтын Бозайұлы Төсекбай биге ұрпақтары ескерткіш орнатып, құран бағыштап, ас берді.

Төсекбай Бозайұлы ХІХ ғасырда (1801 – 1900жж.) Малыбай-Көктерек ауылында дүниеге келіп, сол елде ғұмыр кешкен. Елге ерен еңбегі сіңген, Қарақұс-Бектемір аталарының ұрпақтарынан құралатын ел-жұртына сыйлы, беделді, сөзге шешен, еліне би болған кісі. Қайтыс болғанда сол ескі қорымда жерленген, онда тұңғыш баласы Ожар би, басқа да танымал адамдардың қарағайдан қалап, орнатқан күмбездері өткен ғасырлардың ескерткіші болып әлі тұр.

Қарақұс бабаның шын аты Әлмерек екен. Нағашысы Бозым руынан шыққан Әлмерек абыздай атақты болсын деген ырыммен Әлмерек деп ат қойыпты. Алып денелі, айбарлы болған Әлмерек айналасындағыларға қарақұс сияқты көзінің астымен шүйіліп қарап отыратын болған соң, «Қарақұс» атанып кетіпті.

Төсекбай баба Малыбай-Көктерек ауылдарының тұрғындарын ұйымдастырып, ең алғаш Шілік өзенінің суын Ақшешек сайының бойындағы, тағы басқа да бұлақтардың суын бөгеп, халықты суармалы егін шаруашылығымен айналысуға тартып, ауылдың үстіңгі жағынан «Белтоғанды» қаздырған. Әлі күнге дейін сол жер атаулары "Төсекбайдың қыстауы», «Төсекбайдың сайы», «Төсекбайдың тоғаны» деп аталып келеді. Енді, нақты деректерге сүйенсек, «Албандар» атты тарихи-танымдық кітабында: «Бозай білімді, ақылгөй, дана адам болған екен. Оның баласы Төсекбай да Шілік (Шелек) өзенінен арық қазып, су шығарған еңбекқор, іскер кісі ...» екенін жазады. (Ж.Айдарханұлы, Алматы – 2012 жыл. 585-бет). Ал, «Қыстық руы» тарихи шежіре кітабында Төсекбай би болғанын, оның кіндігінен тараған бес ұлдың тұңғышы – Ожар да 1906–1916 жылдар аралығында Қарақұс-Амангелді ұрпақтарына би әрі болыс болғанын, ауқатты бай болғаны үшін 1928 жылы алғашқылырдың бірі болып мал-мүлкі тәркіленгенін жазады.

Төсекбай Бозайұлы туралы нақты  деректі, сол заманда отаршыл орыс зиялыларының жазғандарынан мысал келтірсек: «Материалы по обледованию Туземского и русского старожильческого хозяиства и земледелия П.П.Румянцева, том ІҮ, Верненский уезд» – деген кітапта №18 Көк-Терек қауымы. Бұл қауымды Албан руы Тоқтамыстан тараған (қыздың баласы) қарақыстықтар мекендеген. Бұл мекен жайға 40 жыл бұрын яғни 1874 жылы Жаркент уезі, Айт болысынан көшіп келген. Малдарын ауқатты адамдар жазда Асы жайлауына баққан. Суармалы егістік жерді пайдалану және суару үшін 6 орта шаруалардың жұмысшылары Төсекбайдың бас тоғанынан суарып, егін шаруашылығы жақсы дамыған деп атап көрсетіп, оны цифр арқылы дәлелдеген.

Осы кітапта сонымен бірге Шелек өңіріндегі сол кездерде пайдаланылған 15 арықтар тізімі көрсетілген. Соның ішінде «Көк-Терек» және «Төсекбай арықтары ерекше аталып, №17 Малыбай, №18 «Көк-Терек» қауымдарының тұрғындары пайдаланғандығы жазып көрсетілген.

Сондай-ақ, «Родоплеменной состав расселение казахов конец ХІХ – начало ХХ веков» (Издательсво «Наука» г. Алма-Ата, 1968 год, под редакции В.В.Востров, С.М.Муканов) деген кітапта Албан тайпасының қарақыстық руына жататын тұрғындар Сөгеті, Бұғыты тауларының екі жақ қапталындағы Секертас, Көк-Терек шатқалдарына шоғырланып, орналасқандығы жазылған.

Ал, «Бәйдібек баба – алып бәйтерек» атты албан ата энциклопедиялық шежіре кітабында: «...Төсекбай бидің шешімімен Асы, Қарқара жайлауларына көше алмайтын кедей ағайындарын Көктерекке жинап, жатақ ауылын ұйымдастырған. Оларды жаз мезгілінде қыстауларды күзету, жаңа қыстаулар салу, тұрғындарға, малға қысқа қажетті астық, жем-шөп өсірумен шұғылдандырған. Бірақ Көктеректің тоғанының суы мол өнім алуға жеткіліксіз болғандықтан 1882 жылы Қорам ұйғыр болысымен бірге, Верный уезіндегі жерге орналастыру басқармасымен келісе отырып, біраз ұйғыр отбасын Малыбай қыстағындағы қазақтарға қосып, орналастырған. Сонымен бірге ұйғырлардың және ағайын туысқандарының көмектері арқылы Шілік өзені шатқалының аузынан суды жартылай бөгеп, Төсекбай тоғанын қайта жаңарта қаздырып, Көктерек, Малыбай тұрғындарын сумен толық қамтамасыз еткен» деп жазады.

Б.Глаудиновтың «От предков к наследникам» деген кітабындағы «Страницы истории с.Малыбай» деген бөлімінде де «Көктерек», «Төсекбай» тоғандарының суын 1882 жылдан бері екі ауыл тұрғындары пайдаланып келе жатқаны атап көрсетілген. 1963 жылы бес колхоз біріктіріліп, «Маяк» темекі совхозы құрылды. Бертін келе Көктерек ауылында ескі үйлер, тамдар сүріліп, 1980 жылдары 1200 бас сиырға, үлкен товарлы сүт фермасы кешені, сауыншы, бақташыларға арналып үйлер, дүкен, фельшерлік-акушерлік пункт, клуб салынды.

Жетпіс жылдан аса устемдік құрған Кеңес одағы кезінде байларды өте жеккөрінішті етіп көрсетіп, «үстем тап» өкілдерінен кедейлерді «құлдықтан құтқарған», баршаға бірдей теңдік сыйлаған ел болып саналды. Шындығында, байлар қазіргі әкімдер сияқты әр ру-елдің басын біріктіріп, ұйысып, ұйымшылдықпен өмір сүрген. Жаз жайлауда, көктеу, күздеу, қыстауда малдарын бағып,арықтарын қазып, егінін – арпа, бидай, тары, сұлысын егіп, шабындығын шауып, тұрмыстық бұйым-заттарын жасап, жесірлерін қаңғытпай, жетімдерін жылатпай, өз жұртында ұйысып, өмір сүрген. Абайтанушы Омар Жалелдің айтуынша қазақтың ең кедейінде 100 шақты малы болған. Ал, билері адам құқығын қорғайтын, әділ шешімін шығаратын лауазымға ие болған. Төсекбай би Бозайұлы да сондай ел қамын ойлаған, сыйлы да, беделді, танымал адам болған.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 2243 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет