Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 10:06

Жолдар жасалып жатыр

Жолдар жасалып жатыр mezet.kz

Еңбекшіқазақ ауданының инфраструктурасын жақсарту бойынша 2020 жылы атқарылған және жалғасып жатқан жұмыстардың жайы төмендегідей.

І. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Шелек ауылының 15 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына 825 млн. 255 мың теңге, оның ішінде – республикалық бюджеттен – 706 млн. 184 мың теңге, жергілікті бджеттен – 119 млн. 072 мың теңге, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу уақыты – 31.12.2020 ж.

Нысанның көшелері – Д.Нурпеисова-1,2 км, Молдағұлова-1,2 км, М.Маметова-1,2 км, Достык-0,8 км, Стадионная-0,4 км, П.Вихрев-0,6 км, С.Абишева-0,3 км, Илийская-0,6 км, Медицинская-0,6 км, 6 көлденең көшелердің әрқайсысы-0,5 км-ден. Жалпы ұзындығы – 9,9 км.

Мердігер мекеме – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-і.

ІІ. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында елді мекендердегі жолдарды жөндеу бойынша 46 жобаға 1 млрд. 632 млн. 543 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 12 нысанға орташа, 34 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Қазіргі таңда 5 орташа, 34 ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған нысандардың жұмыстары қараша айының 30-ына дейін жалғасады. Көшелердің жалпы ұзындығы – 111,203 км.

Сондай-ақ бағдарлама барысында жоспар бойынша 352 жұмысшының 173-ін аудандық Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар арасынан уақытша жұмысқа қабылдау керек-тін. Осы орайда 193 азамат уақытша жұмысқа қабылданып, жоспар 111,5 % орындалды.

IІІ. Сонымен қатар Есік қаласындағы Набережная көшесін қайта құруға 228 млн. 828 мың теңге қарастырылды. Көшенің ұзындығы – 0,8 км; Қазақстан ауылдық округіндегі Ж.Қайыпов ауылының 9 көшесін орташа жөндеуге 210 млн. 183 мың теңге қарастырылды. Көшелердің жалпы  ұзындығы – 9,8 км; Есік қаласы Қ.Орымбетов көшесін орташа жөндеуге 155 млн. 925 мың теңге қарастырылды, ұзындығы – 3 км.

Сондай-ақ, Есік қаласы мен Шелек ауылының көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 50 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Осы орайда жол сапасын жақсарту мен бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Алматы облыстық филиалы тарапынан «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы Шелек ауылының 15 көшесін күрделі жөндеу мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 орташа жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілді.

Аудандық жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімі

Оқылды 658 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет