Дүйсенбі, 09 Қараша 2020 09:43

Бiлiктi мамандар керек!

Бiлiктi мамандар керек! mezet.kz

Аталмыш бағдарлама аясында Павлодар облысы жұмысқа шақырады. Бұл туралы арнайы келген Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов Шелек ауылы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Мұндағы мақсат – өңірдегі кадр тапшылығын жою.

Шараға ауыл тұрғындары қатысып, сауалдарын қойды. Нәтижесінде, бір отбасы «Еңбек» бағдарламасымен қоныс аударуға ниет білдіргенін жеткізді. Мұндағы шарт біреу: Қазақстан азаматы, әрі жоғары білімді маман болуы.

– Павлодар облысы, Ақсу қаласы және оның ауылдық округтеріне денсаулық сақтау саласының мамандары, оның ішінде медициналық оңалту дәрігері, дәрігер-офтальмолог, учаскелік дәрігер терапевт, онколог дәрігер, эндокринолог дәрігер, мейіргер керек. Сондай-ақ, білім беру саласының ағылшын тілі пәнінің, орыс тілі пәнінің, математика пәнімен бастауыш сынып мұғалімдері тапшы. Осы тізімді ауылшаруашылығына керекті мамандармен толықтыруға болады. Олар механизатор, ветеринарлық дәрігер, зоотехник, камаз жүргізушісі қажет, – дейді Б.Қаппасов.

Жалпы, Ақсу – республиканың ең ірі өндірістік қалаларының бірі, мұнда ферроқорытпа, электр қуаты өндіріліп, плас-тикалық құбырлар шығарылады. Павлодар облысының орталығында, Ертістің сол жағалауында орналасқан қала.

Әлбетте, қоныс аударған азаматтарға мемлекет қолдауы орасан. Ол турасында: – Бағдарлама аясында Павлодар өңіріне қоныс аударғандар жұмыспен қамтылып, оларға 80 шаршы метрге дейінгі көлемде баспана беріледі. 5 жылдан соң үй жекеменшікке аударылады. Оған дейін тұрғын үй коммуналдық төлемдерін өтеп отырса жеткілікті. Айта өтейік, қоныс аудару кезінде мемлекет тарапынан 97 мың теңге бір реттік жәрдемақы төленеді, – деді Балтабай Маданиұлы.

Бұл мақсатта биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ақсу қаласында және Үштерек, Қызылжар ауылдарында оңтүстік және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан бағдарлама шеңберінде қоныс аударып келетін мамандарға арнайы 18 екі пәтерлі тұрғын үй салынған.

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 834 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Многие проблемы решаюся в городе Капшагай за счет ДКЗ »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет