Бейсенбі, 21 Мамыр 2020 14:15

Еңбегі жанған елеусіз қалмас

Мәдениет саласының сатылап дамуы – мемлекеттің экономикалық әлеуетіне байланысты. Тіпті, қай сала болмасын қаржының құйылуын қажет етсе, еліміз тәуелсіздік алған жылдар – дәл осы мәдениет саласына қиын соққаны аян. 1995 жылдан бастап ауданымыздың мәдениет бөлімін басқарған, ауданымыздың құрметті азаматы, зейнеткер Майра Нұрдәулетова осы жылдар тарихын кеңінен баян етті. 

Сол кездегі аудан әкімі Смади Абдиев аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Майра Нұрдәулетованы шақыртып алып, мәдениет бөліміне басшы, басшы ғана емес тұралап қалған мәдениет саласына ұйыта білер ұйымдастырушы қажет екендігін жеткізген. Өзі білім саласының маманы, өнерден құралақан болмаса да терең білім жоқ Майра апай алғашында бас тартқан. Алайда, қарсылығына қарамастан аудан әкімдігінде өзінің еті тірі ерекше ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен Майра Нұрдәулетова аз күнде-ақ аудандық мәдениет бөлімінің басшысы болып шыға келген.

Шынымен де, ауылдық мәдениет үйлерінің қаңырап бос қалған кейпі, көркем өнерпаздардың күнкөріс қамымен өзге салаларға кетуі, мәдениеттің мәйегі – өнердің өрісін тарылтып-ақ тастаған. Сондай-ақ, кітапханалардың жабылып қалуы да халық мәдениетінің және тарихының өзегі бедерленген кітаптардың да жоғалып кету қаупін тудырған.

Есік қаласындағы бүгінгі Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйі күрделі жөндеу көрмегеніне көп жылдың жүзі болған. Сондай-ақ, мамандар тапшылығы, аспаптардың жоқтығы – кім-кімді де бұл саланың болашағы барына күдікпен қарауға мәжбүр ететін еді. Алайда алғашқы аудан әкімі Смади Абдиев мәдениет тізгінін білікті маман қолына ұстатқандығын көп ұзамай көпшілік көрді. Алғашқы мақсат оркестр құру еді. Жай әншейін сахна сәнін кіргізіп, әлденені ойнап беріп, халықты алдаусырата салатын оркестрсымақ емес, нағыз ұлтаспаптар оркестрін құру. Сөйтіп, сол оркестр аспапатарының дүмпуімен төнген қиыншылық бұлтын сейілту, халық рухын ояту. Майра Нұрдәулетова мұнда да жол тапты. 1998 жылы Құдайберген Орынбетов аудан әкімі болып тағайындалады. Майра Нұрдәулетова аудан әкіміне кіріп, мектептердегі музыка пәнінен сабақ беріп жүрген ұстаздарды ұйымдастырып, оркестр құру ұсынысын жеткізген. Қолдау тапқан білікті маман ұстаздарды жинап, дайындық жұмыстарын бастап кетеді. Екі ай көлемінде дайындалған кейіннен «Жібек жолы» атауын алған оркестр құрамы аудан тұрғындары алдында концерт берген. Сондайақ, «Улыбка» ән-би ансамблі де абыройлы өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленген. Сол жылы мәдениет бөлімдері арасында облыстық байқау ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің ұжымы бірінші орынды иеленді. Сол жеңістен кейін ауданның мәдениет саласы аспаптар мен арнайы киімдер алып, толыққанды шығармашылық жұмыстармен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алды. Кейіннен Шелек ауданымен Есік ауданы Еңбекшіқазақ ауданы болып біріккеннен кейін екі бірдей мәдениет бөлімінің басшыларына өзара бәсеке ұйымдатыру турасында пәрмен беріледі. Қай мәденит бөлімінің басышысы концерттік бағдарламаны жоғарғы деңгейде ұйымдастырса, сол орнында қалады деген шарт қойылады. Бұл бәсекеде Майра Нұрдәулетованың басшылығындағы Есік өңірінің өнерпаздары оза шауып Майра апайдың басшылық қызметі әрмен қарай жалғасын тапқан.

Сол кезде аудан аумағында үш-ақ мәдениет үйі концерттер мен жиындар ұйымдастыруға жарамды деп саналған. Олар: Шелек, Түрген және Есік қаласындағы мәдениет үйлері. 2008 жылы Есік қаласындағы мәдениет үйі алғашқы күрделі жөндеуден өтті. Сондайақ, қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сонымен қатар тағы да бес бірдей мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп халық иглігіне берілген. Қосымша штаттар ашылған. Мәдениет қызметкерлерінің көбейуі, қаржының бөлінуі кейінгі жылдарда көптеген ауылдық мәдениет үйлерінің жөндеуден өтіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуіне себепші болды. Бір айта кетерлігі, Майра Нұрдәулетованың айтуынша кеңестер одағы ыдыраған тұста, көптеген мәдениет үйлері жекешеленіп кеткен. Оларды мемлекет есебіне қайтару да қажыр мен қайратты қажет еткен екен. Сондай-ақ, сол кездің өзінде құжаттарды қазақ тілінде жүргізген Майра Нұрдәулетова бүгінгі буынға үлгі болары сөзсіз. Ұлт аспаптары домбыра, шаңқобыз тартып үйрету үйірмелерінің ашылуы да ұлт рухын оятуға себепші болған әрекеттер десек, артық айтқандық емес. Сонымен қатар бүгінгі аудандық және ауылдық кітапханалардағы кітап қорларының сол күйі сақталып қалуы да Майра Нұрдәулетованың арқасы. Бүгінде ауданның құрметті азаматы, зейнеткер Майра Нұрдәулетова еліміздің мәдениет саласы жарқыраған мәденит үйлерімен толығып, жыл санап дамып отырғандығын қуана құптауда. Өнер мен тілдің өміршең болуында дәл осындай ардақты ардагерлер үлесі шексіз.

Әділет САРЫБАЙ

Оқылды 2251 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет