Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020 14:28

Жеткен жетістіктер, атқарылар жұмыстар

Жыл сайын ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру, жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, жергілікті басқару орындарының халық алдындағы ашықтығын, жауаптылығын арттыру мақсатында аудан тұрғындарына есеп беру жиындары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл да аудан әкімі Б.Ә.Ысқақ аудан құрамындағы әрбір округте болып, ондағы тұрғындар алдында бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты есеп беру баяндамасын жасады. Онда ауданның соңғы жылдардағы жеткен жетістіктері мен табыстары және алда атқарылуы тиіс жоспарлар туралы айтылды. Сонымен бірге, тұрғындар өздерін мазалап жүрген немесе алда атқарылуы тиіс шаруалардың жай-күйі туралы сұрақтарын қойып, оған тиісті жауаптарын алды. Әрбір ауылдық округтердегі есеп беру жиналыстарынан соң, аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, көтерген мәселелерінің оңды шешілуіне тапсырмалар берді.

Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есебі биылғы жылы жаңа өзгертілген форматта өтуде. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына шолу жасап, есеп беріп отырған округтың мәселелеріне басты назар аударып, қабылдау өткізуге көңіл қоюда. 5 ақпанда аудан орталығында өтетін қорытынды жиында тұтастай ауданымыздың өткен жылғы жетістіктері мен жиырмасыншы жыл жоспарлары жан-жақты қамтылады деп күтілуде.

Округтердегі аудан әкімінің есебіне аудандық мәслихат хатшысы Б.Ахметов, әкімнің бірінші орынбасары А.Бидаев, орынбасары А.Досымбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, аудандық басқарма, бөлім басшылары қатысуда.

 

Сөгеті ауылдық округі

Қаңтар айының он жетісінде Сөгеті ауылдық округінен басталған есеп беру жиынында ең алдымен аудан әкімінің есебі тыңдалып, артынша Сөгеті ауылдық округі әкімі Е.Дауытқұлов өз баяндамасын оқыды. Мұнда атқарылған және алда қолға алынуы тиіс жұмыстардың жағдайы сөз болды.

Биылғы жылы Сөгеті ауылдық округінде өнеркәсіп саласында да үлкен жоспар жасалып, алда оны орындау міндеті тұр. Яғни, округте 4 үлкен инвестициялық жобалар іске асырылмақшы. Атап айтқанда, «КЗАКонстракшн» ЖШС компаниясы арқылы 500 гектар жерге күн көзінен қуат алатын әрі қуаты 200 мегаваттық батареялар орнатылмақ. Осы арқылы ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарының ашылып, оларға үлкен мүмкіндіктер пайда болатыны анық. Тағыда «Жетісу Вольфрамы» ЖШС арқылы 336 гектар жерге вольфрам өндіру және вольфрамды өңдеу зауытының құрылысы басталмақ. Осының арқасында 500-ге жуық  жұмыс орындары ашылғалы тұр.

Одан бөлек, Бартоғай су қоймасына «Жарық Су ЛТД» ЖШС арқылы 65 мегаваттық үлкен су электр стансасы салынатын болады. Сонымен бірге, Алматы-Қорғас тас жолының 162 шақырым жеріне «Сайна-Хайдер» кәсіпкерлігі 60 киловаттық жел электр станциясын орнатуда. Қазіргі кезде онда 152 адам жұмыс істейді. Жоспар бойынша бұл нысан 2020 жылы іске қосылатын болады. Аталған инвестициялық жобалар сәтімен іске асырылса, ауылға ғана емес, барша ауданымызға экономикалық және әлеуметтік өзгерістер әкелетіні анық.

 

Бартоғай ауылдық округі

Келесі кезекте есеп беру жиналысы Бартоғай ауылдық округінде жалғасын тапты. Округ әкімі Т. Өмірбековтің баяндамасында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес атқарылған жұмыстар сөз болды. Яғни, Байсейіт ауылында орналасқан Сетиев көшесіне 15 миллион теңге қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тағы да Бижанов ауылында 1 шақырым су құбыры жүргізіліп, Байсейіт ауылындағы су мұнарасына жөндеу жұмыстары жасалған. Сонымен қатар, 5 миллион теңгеге малдардың өлексесін өртейтін орын салынған.

2018 жылы Бижанов ауылындағы Ибрагимов және Томаров көшелері жаңартылып, оған 9 милллион теңге қаражат жұмсалған. Одан бөлек, Байсейіт ауылында «Лашока» балабақшасы мен полиция пункті салынған.

Ал 2019 жылы жергілікті бюджеттен 5 миллион 250 мың теңге бөлініп, оған Малай батыр мен Райымбек көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Байсейіт ауылында «Лашын»      балабақшасы пайдаланылуға берілген.

2018 жылы      ІV деңгейлі бюджет 109% көлемінде болса, 2019 жылы 133% көлемінде орындалған.

Ал осы жылға арналған жос-пар бойынша су құбырларын жөндеуге 14 миллион 834 мың теңге бөлу жоспарлануда. Бұдан басқа өрт сөндіру бекетін салу, Байсейт және Бижанов ауылдарының ішкі жолдарын жөндеу жоспарлануда.

 

Малыбай ауылдық округі

Малыбай ауылдық округі әкімі Б. Аухадиевтің баяндамасы бойынша бүгінде округте 1 ауылшаруашылық кооперативі, 3 ЖШС, 448 шаруа қожалықтары 22 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. 2019 жылы  күздік арпа  400 гектарға егілген, оның 1 гектарынан 29,3 центнер,  барлығы  11 720 центнер өнім алынған.  Жүгері 850 гектар жерге себіліп, әр гектарынан 70,1 центнер, соя 685 гектар егіліп, гектарынан 28 центнер, күнбағыс жалпы 350 гектар болып, гектарына 17 центнер алынған. Картоп 105 гектар жерге егілсе, 1 гектар жерден 150 центнер, көкөніс 308 гектар болып, гектарынан 330 центнер, жоңышқа  419 гектар болса, әр гектарынан 95 центнер өнім өндірілген.Ал алма бақтың көлемі 56 гектар аумақты алып жатыр. 17 шаруа қожалығы үкімет көмегімен арзандатылған   90 тонна минералды тыңайтқышты сатып алып, жерлерін тыңайтқан. Ауылшаруашылық техникаларынан қазір 25 жүк көлігі, 30 трактор,  6 астық жинайтын  комбайн, 6 шөп шабатын комбайн бар. 

    Округте    2019 жылы  ірі қара мал 2866 бас болса, оның ішінде ұрғашысы  1100 бас,  қой-ешкі 6488 бас, жылқы 247 бас,  құс 1800 болып, мал басы жылдан жылға көбею үстінде. Бірақ жайылымдық жерлер тапшы болып отырған жайы бар. Ал ауыл тұрғындарының мал өнімдерін және сүт жинайтын жеке кәсіпкерлер «Фуд мастер» компаниясымен тығыз жұмыс істейді.

Ауылда 2 кафе, 13 дүкен, 1 ТЖО, 1 дәріхана, 1 тігін цехы қызмет көрсетеді. Туризм саласын дамыту үшін Көктерек бөлімшесінің оңтүстігіде орналасқан кемпинг «Рафт-Сервиз» демалу орны салынған. Оның жер  көлемі 7,5 гектар болып, ауыл тұрғындарынан 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қазіргі таңда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 жеке шаруа қожалығы  «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы  аясында мал бордақылау жұмыстарымен айналысады. Сонымен бірге, ауыл тұрғыны С.Исмаилова тігін цехын үлкейтіп, қосымша 4 жұмыс орнын ашқан.

2019 жылы жергілікті бюджеттен  8 миллион 800 мың теңге бөлініп, 3750 шаршы метр жол жасалынған.

2020 жылға елді мекендерді абаттандыруға 4,5 миллион теңге бөлінген. Атап айтқанда абаттандыру мен көгалдандыру үшін 1 миллион теңге, елді мекендерді санитарлық тазалықта ұстау үшін 1 миллион теңге. көшелерді жарықтандыру үшін 2,5 миллион теңге қарастырылған.

2021 жылға елді мекендерді абаттандыруға 1 миллион 150 мың теңге қарастырылып, 2022 осы мақсатқа 1 миллион 150 мың теңге жоспарлануда.

 

Масақ ауылдық округі

20 қаңтар күні басталған есеп беру жиынында Масақ ауылдық округінің әкімі Е. Нұрмахановтың жасаған баяндамасы бойынша ауылдық округі аумағында атқарылған жұмыстар аз емес. Десе де, олардың ішіндегі ең маңыздыларын атап өтер болсақ, 2016 жылы «Нұрлы ВЭС» ЖШС-гі 1 миллиард 978 миллион теңгеге 7 жел электр станцияларын орнатып, бүгінде нәтижелі жұмыс істеп келеді.  2019 жылы «Нұрлы ЖЭС» компаниясы қуаттылығы 5 МВт болатын 1,5 миллиард теңгеге қосымша 7 жел электр станциясының құрылысын және  «Энергия  Семиречья» ЖШС  компаниясы 30 миллиард теңгеге 60 МВт қуаттылығымен 24 жел электр станциясының құрылысын бастаған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасты жүргізілуде. Одан бөлек, 2018 жылы Нұрлы ауылында «Самұрық Грин Энерджи» компаниясы «City Construction LTD» қытайлық компаниясымен бірлесіп 2 миллиард 368 миллион теңгеге 2 жел электр станциясының құрылыс жобасын іске асырған.

Нұрлы ауылында инвестициялық сомасы – 1 миллиард 804 миллион теңгені құраған, қуаттылығы 2500 тонна құс етін өңдейтін «Нұрлы құс» ЖШС-нің құс фабрикасы, 72 адамды жұмыспен қамтып отыр. 2018 жылы 1200 тоннадан астам құс етін, 2019 жылы 2924 тонна өндірген. 2020 жылға 3800 тонна құс етін өндіруді    жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, Қ.Ұлтарақов ауылында  кәсіпкер Болатжан Нұрбеков  алаңы 1 гектар болатын жылыжай және 150 млн қаржы салып, «Шашу»  мейрамханасын ашқан. Бұл да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға айтарлықтай септігін тигізуде.

Ал өткен 2018-2019 жылдар аралығында  ауылдық округтің 8 тұрғыны 12 миллион 600 мың теңгеден астам несие алып,  өз шаруашылықтарын кеңейтуге қол жеткізген. Қазіргі таңда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен келісіп, Масақ ауылдық округі аумағында оқу ұйымдастыру жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

 

Шелек ауылдық округі

 

Шелек ауылдық округі әкімі Е. Есенхановтың айтуынша, алда жастарға арналған «Дене шынықтыру және сауықтыру» кешенін салуға арналған жер телімі қарастырылып, құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 50 милиион 544 мың теңге қаражат бөлінген.

Ал ауылдың заман талабына сай көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында 1 мың үйге арналған 2 газ таратқыш шкаф салынып,  42600 метр төменгі қысымдағы  және 1680 метр орта қысымдағы газ құбырлары тартылған. Оған 224 үй қосылып, 143 үй кезекте тұр. Үстіміздегі жылы 5 газ таратқыш шкаф салу немесе 100 шақырым құбыр тарту жұмыстары жоспарлануда.

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған ауылдың оңтүстігіндегі 237 гектар жердің инфрақұрылымының жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Жалпы құрылыс жұмыстарының сметалық бағасы 2 миллиард 435 миллион 842 мың теңгеге бекітіліп, үстіміздегі жылдың екінші жартысында қаржыландыру күтілуде.

Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша, тұрғын үй алуға кезегі келген 2 көпбалалы отбасына мемлекет тарапынан, 1 отбасына демеушілер тарапынан тұрғын үй сатып алынып берілген.   Тағы да өтініш білдірген көпбалалы 6 отбасы жер телімімен қамтылған.

Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала жұмыстарын жетілдіру мақсатында 181 жас маман жұмысқа орналасты.

Ауыл шаруашылығы бойынша өткен жылы 4 өндірістік кооператив, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 539 шаруа қожалығы болып, 3529 гектар егістік жерлер игерілген. Ал мал шаруашылығында 2020 жылдың 1 қаңтарына мал саны ірі қара 4500 бас, жылқы 1001 бас, қой-ешкі 6074 басқа жеткен.

Ең бастысы, Шелек ауылындағы аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына 483 миллион 591 мың теңге қаржы бөлініп, осы қаңтар айының соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұған қосымша аурухананы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 80 миллион теңге қаралып, қаржысы күтілуде. Аурухананы абаттандыру, айналасын қоршау мен қосалқы шаруашылық ғимараттарын жөндеуден өткізу және кәріз жүйесін жаңарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өтуде. Алда бұл аурухана тек Шелек өңіріне ғана емес көршілес аудандардың тұрғындарына да медициналық көмек көрсететіні анық.

 

Қаражота  ауылдық округі

Қаражота ауылдық округінің әкімі Е. Рахымбаевтың баяндамасына сәйкес Ақтоған ауылында 6 миллион теңге қаражатқа спорт алаңы салынған. Бүгінде ол ауыл тұрғындары мен жастардың спортпен айналысуына оңды әсер етуде.

Сонымен бірге, облыстық маңызы бар Шелек-Сарыбұлақ-Ақтоған тас жолының 19 шақырымына және 4 шақырымды құрайтын Шелек-Қаражота тас жолына да ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы барлығы 23 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Қаражота ауылының ішкі жолдарын жөндеуге 10 миллион теңге бөлініп, аталған қаржы түгелдей игерілген.

Бүгінде Қаражота ауылында орна-ласқан Б.Момышұлы атындағы орта мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілу күтілуде. Ал ауданымызда жаңадан салынуы тиіс 17 мектептің қатарында Ақтоған және Сарыбұлақ ауылдарының мектептері де бар.

 

 Нұрсерік Тілеуқабыл

Оқылды 1675 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет