Сейсенбі, 24 Наурыз 2020 16:52

Бас санитардың "ҚР халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы" Қаулысы

Бас санитардың "ҚР халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы" Қаулысы google.kz

««ҚР-да төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулысы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19 ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

І. Елге кіретін жердегі шектеу іс-шаралары

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1а) санаттағы елдерге соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен, осы елдерден келген адамдарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулай отырып, 14 күн карантинді;

2) үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялар ұшқыштарын және локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1б санаттағы елдерден келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 1 тәулікке оқшаулауды, кейіннен 13 тәулік бойы үйде оқшаулауды ( үйдегі карантинді ) қамтамасыз етсін. Үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулауды;

3) 1а) және 1б) санаттағы елдерден келген үкіметтік делегациялардың мүшелері, сондай-ақ дипломатиялық төлқұжаттардың иелері, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер қоңырау шалу арқылы тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауды;

4) 1б санаттағы елдерден келген рейсте 1а санаттағы елдердің жолаушылары анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар мынадай үлгіде жүргізіледі: 1 а санаттағы елдерден келген жолаушылар ПТР әдісімен COVID-19-ға бір рет зертханалық тестілеу арқылы жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда 14 күнге оқшаулауға жатады. 1б санаттағы елдердің жолаушылары COVID-19-ға зертханалық тестілеу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды, кейіннен 13 тәулік бойы үйде оқшаулауды ( үйдегі карантинді ) қамтамасыз етсін.

5) транзиттік рейсті Қазақстан аумағында аялдау әуежайына қондыру кезінде 1а санаттағы елдерден келген жолаушылар соңғы межелі пунктте 14 күнге оқшаулауға жатады, бұл ретте көрсетілген жолаушылар ұшақтың бортын тастап кетпеуін қамтамасыз етсін.

6) тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 1б) санаттағы елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

  1. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде шетелден келген барлық адамдарға ( оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсеріктер, жүргізушілер, тасымалдаушылар және басқалар ) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;

2) халықаралық әуежайлардағы және теміржол көлігіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге сауалнама жүргізу ді;

3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына деректерді бере отырып, сауалнамаларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы костюмдері) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;

5) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

6) COVID-19-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды;

7) COVID-19 -дың әкеліну және әлемде таралу қаупінің жағдайларында Қазақстаннан шығатын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;

8) COVID-19 -дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;

9) жергілікті атқарушы және жоғарыда тұрған органдарға анықталған ЖРВИ-дың күдікті жағдайлары жөнінде хабарлау алгоритмдерін қайта қарауды және орналастыруды;

10) COVID-19 -дың таралуының профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.

  1. «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жүретін барлық поездарды сауалнамалармен қамтамасыз етсін;

2) поездардың жолсеріктеріне жүру жолында жолаушыларға сауалнама жүргізуге, толтырылған сауалнамаларды жинауға, оларды сұрыптауға және жолаушының келген жері бойынша көліктегі басқарманың санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандарына беруге міндеттесін.

3) осы қаулыға 4- тармағының 5- тармақшасына сәйкес медициналық көрсеткіштер бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қаласына бара жатқан, сондай-ақ құжаттары болған жағдайда олардан шығатын адамдарды жеке вагонға орналастыруды қамтамасыз етсін. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жолаушыларды түсіру /отырғызу кезінде көрсетілген жолаушылар жүретін вагондардың ғана есіктерін ашуы тиіс.

ІІ. Республика аумағындағы шектеу іс-шаралары

  1. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, қауіпсіздік органдары, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;

2) бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;

3) Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды;

4) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды. Азаматтарға шетелге емделуге шығуға екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:

- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;

- аудармасы нотариалдық куәландырылған шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақырту хаты.

5) медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және келетін адамдарды, сондай-ақ карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан шығуға және оларға кіруге тыйым салуды. Азаматтардың медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келуіне және олардан шығуына мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:

- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы ;

- бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақырту-хаты;

6) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды пайдалануға тыйым салуды;

7) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;

8) адамдар көп жиналатын объектілерде және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету);

9) әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді. Өңдеу осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жүргізілсін;

10) қоғамдық жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, темір жол және автовокзалдарға іргелес аумақтарды, автомобиль жолдарын және базар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып өңдеуді;

11) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізуді;

12) сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа қызметті ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қоданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспазшылар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсетуді;

13) ірі сауда объектілері аумағында орналасқан фуд-корттарда үстелдер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуын;

14) COVID-19 -дың клиникалық белгілері бойынша ұқсас вирустық инфекция белгілері бар науқастарды (және күдікті адамдарды) белсенді эпидемиологиялық қадағалауды, анықтауды және оқшаулауды;

15) іс-әрекеті COVID-19 -ға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскаларды немесе респираторларды пайдалануын;

16) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары үшін COVID-19 -дың эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді;

17) І-ІІ типті қорғаныш костюмдерін және жеке қорғаныш құралдарын көрсете отырып, COVID-19 кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, нұсқама жүргізуді;

18) турларды ұйымдастырушылар (туристік фирмалардың мамандары) мен саяхатшылар (медициналық, жеке және бизнес туризмі) арасында COVID-19 -дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

19) COVID-19 -дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін;

20) жеке өңірде ТЖ жарияланған кезде блок бекеттерінде осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес санитариялық-карантиндік бақылау ұйымдастырылады.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіоблыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп:

1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарын каникулға шығаруды;

2) білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға (техникалық мүмкіндік болған жағдайда барынша көшіруді қамтамасыз етуді), оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге көшіруді;

3) білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режимді (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) сақтауды;

4) балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде үй-жайларды кварцтауды;

5) мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгі сүзгі (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау) өткізуді;

6) каникул және төтенше жағдайдың қолданылуы кезінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін .

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі1а, 1б-санаттағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді;

2) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін .

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіоблыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп халық арасында COVID-19 -дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын .

ІІІ. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарларды ашуды;

2) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нұсқаулықты сақтай отырып, COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупі болған адамдардың карантинін немесе COVID-19-б ен ауыратын науқастармен немесе инфекция жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды;

3) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес COVID-19-б ен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарлар ашуды;

4) карантиндік стационарларды медициналық емес мақсаттағы ұйымдарда (қонақ үйлер, жатақханалар, санаторийлер және т.б.) орналастыру кезінде карантин талаптарының сақталуын жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді көздей отырып, тәулік бойы бақылау бекеттерін ұйымдастыруды жеткілікті мөлшерде (медицина қызметкерлері қатарынан емес) көздесін.

5) халықты COVID-19 -дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыруды;

6) реанимациялық жабдықтардың қажетті санын (ӨЖЖ аппараттары, перфузорлар, пульсоксиметрлер, кардиомониторлар) сатып алуды;

7) COVID-19-да үлгілерді алуға және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелердің, диагностикумдардың, шығыс материалдарының, дезинфекциялық препараттардың төмендетілмейтін қорын;

8) темір жол және автовокзалдарға, блокпостарға кіретін ( елді мекен және перрон жағынан) температураны қашықтықтан өлшеуге арналған құралдармен қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 -бен ауыратын науқастарды және COVID-19 ауруына күдікті адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда бөлек төсектер бөлуді;

2) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда оқшаулау үшін үй- жайлар қарастыруды;

3) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді;

4) осы қаулының 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жағдайларды қоспағанда, COVID-19 -бен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарда емдеуді;

5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ соматикалық стационарларға COVID-19-да жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмек жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетіледі. Пациентте COVID-19 у диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал 14 күн ішінде карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.

6) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды провизорлық стационарға емдеуге жатқызуды және медициналық тексеруді;

7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес COVID-19 ауруына зертханалық тексеруді;

8) үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқасармен немесе жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдарды карантиндік стационарда оқшаулауды;

9) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқастармен немесе жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған адамдардың үйдегі карантинін;

10) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағын) ресімдеуді;

11) байланыста болған қалған адамдарды қашықтықтан медициналық бақылауды;

1 2) онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін маскаларды тегін беруді; 13) тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беруді немесе жеткізуді ұйымдастыруды;

14) МСАК дәрігерлерінің қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультацияларын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды;

15) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадаларының санын ұлғайтуды;

16) қажет болған жағдайда жоспарлы медициналық қызметтерді (жоспарлы ауруханаға жаткызу, профилактикалық тексеру, скринингтер, оңалту) көрсетуді тоқтатуды /шектеуді;

17) денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 -бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілігін;

18) стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантин енгізуді ;

19) провизорлық және карантиндік стационарларда әртүрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген байланыста болған, жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар ағымының қиылысуын болдырмауды;

20) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

  1. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес COVID-19 -ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібін орындауды;

2) ҚР азаматтары, шетелдік азаматтардың жалпы саны бойынша бөліп көрсете отырып, COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз өзге де елдерден келген шетел азаматтарын бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар туралы күн сайынғы мониторингті және өткен тәуліктегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ұсынуды;

3) байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

4) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабарлама беруді;

5) бірінші және екінші деңгейдегі байланыста болған адамдардың тобын және эпидемияға қарсы іс-шаралар көлемін 48 сағат ішінде анықтай отырып, COVID-19 -дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеруді;

6) халықты COVID-19 -дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

  1. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерініңбасшылары:

1) халықты сапасына кепілдік берілген ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды күшейтуді;

2) әкімшілік шаралар қабылдамай, халыққа берілетін судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті қамтамасыз етсін.

  1. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

1 ) тәулік бойы әлемнің елдеріндегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың мониторингін;

2) күн сайын сағат 19-00-ге дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне, денсаулық сақтау басқармаларына және облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне санаттар бөлігінде COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін ұсынуды;

3) COVID-19 тіркелген елдердің тізбесін сайтта күн сайын орналастыруды;

4) денсаулық сақтау министрлігіне және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне апта сайын жұма күні ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының жаңартылған болжамын, күн сайын әрбір 3 сағат сайын - COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды (жақын және ықтимал байланыс) анықтау және мониторингілеу бойынша ақпаратты ұсынуды;

5) әрбір тіркелген жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне бір сағат ішінде хабарлай отырып, COVID-19 расталған оқиғаларына және байланыстағы адамдарға мониторинг жүргізу және мониторинг деректерін күн сайын кемінде 2 рет ұсынуды;

6) республика аумағында «ыстық нүктелерді» көрсете отырып, эпидемиологиялық ахуалды көзбен шолу және байланыста болған адамдарды орналастыруды;

7) зертханалық зерттеулер алгоритміне сәйкес өткен айда оң үлгілердің 10% және теріс үлгілердің 5% қайта аттестаттау жүргізуді;

8) халықаралық ұсыныстарға сәйкес (ДДҰ, CDC) COVID-19 диагностика әдістері бойынша ҰО филиалының зертхана мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

9) 8(7172) 768043 нөмірі бойынша Call-орталықтың тәулік бойы жұмыс істеуін;

10) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат) қамтамасыз етсін.

  1. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО):

1) COVID-19-бен ауыратын науқастарды және байланыста болған адамдарды, сондай-ақ тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындайтын өзге де адамдарды зертханалық тексеруді;

2) COVID-19 ошақтарын дезинфекциялық өңдеуді;

3) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың төмендемейтін қорын;

4) COVID-19 -ға күдік туындаған жағдайда ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасының әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

5) COVID-19 -ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материалды алу және тасымалдау, COVID-19 -ға күдікті науқастарды тасымалдау, COVID-19 -ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

  1. «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі – ҚДСҰО), «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» (бұдан әрі – АҚИҰҒО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарыорталық референс-зертхананың COVID-19 -ға зерттеулер жүргізу үшін сынамалар қабылдауға дайындығын қамтамасыз етсін.
  2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің басшыларыбайланыста болған адамдарды іздестіруге, оларды провизорлық және карантиндік стационарға оқшаулауға, сондай-ақ провизорлық және карантиндік стационарларды күзетуге жәрдем көрсетсін.
  3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары:

1) 1а санатындағы елдерден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жердегі жабдықтар мен көлікке қызмет көрсететінді соңғы дезинфекциялауды;

2) әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды қамтамасыз етсін.

  1. « Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция профилактикасы шраларын одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №25-ПГВр қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова

Оқылды 2306 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет