Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 09:07

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қорытынды есебі

Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі

Әлеуметтің осал топтарына қолдау көрсету басты назарда. Осыған орай былтырғы жылы облыстан 38 млрд. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 3,5 млрд. теңге аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында игерілген.

Балабақша менмектеп қабырғасындағы 42 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Және де жоғары оқу орындарында білімін жалғастырыу үшін 100 әкім гранты тағайындалған. Көпшілікке көрсетілген көмек мұнымен тоқтамақ емес, бүгінде көп балалы аналар қала ішінде қоғамдық көлікте жол жүру билеттері арқылы тегін қатынай алады. Сонымен қатар, 2 277 отбасына көгілдір отын әкімдік есебінен тегін тартылған.  Бұл да ел игілігіне атқарылған шаруалардың бірі. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөлінуде. Жалпы облыс аумағында 67,5 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олардың денсаулығын жақсарту  мақсатында Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында оңалту орталықтары ашылған.  Ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу үшін  тағайындалған қаражат есебі 1 млрд. теңгеге өсіп, жалпы көлемі 4,7 млрд. теңгені құраған. Баршаға мәлім жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта берілуде. Биылғы жылы 144,1 мың адамға АӘК көрсету жоспарланған. Бұл мақсатта 14,3 млрд. теңге қарастырылады деп күтілуде. Облыс көлемінде 45,5 мың көпбалалы отбасыларға жәрдем ақы тағайындалған.

«Біздің мақсат- АӘК алушылардың қатарынан еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады. Бұл үшін «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 10 млрд. теңге бюджет есебінен бөлінген»,- деп мәлімдеді өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы.

 

Алматы облысында тоғыз дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту үшін көптеген жүмыстар жүргізілуде.

2020 жылдан бастап облысымыздағы барлық медициналық ұйымдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшті.

Қазіргі танда, облыс орталығы  Талдықорған қаласының 6-шы шағын ауданында 16 қабатты үйдің бірінші қабатында 320 келушіге арналған алғашқы медициналық санитарлы көмек көрсету орталығы ашылған.

Ағымдағы жылы 3,8 млрд.теңге көлеміне  тоғыз дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт салынады деп жоспарлануда.

Облыста кадрлардыңтапшылығы да байқалуда. Бүгінгітаңда241 маманжетіспейді,оныңішінде 126-сыарнаулы мамандықтағыдәрігерлер.

Мамандардың тапшылығының негізгі мәселесі тұрғын үйдің болмауы болып табылады. Осыған байланысты мамандарды, бірінші кезекте арнайы маманданған дәрігерлерді тарту үшін барлық аудандар мен қалаларда 126 пәтер сатып алу жоспарлануда , бұл жұмысқа 756 млн.теңге бөлінеді.

Сонымен қатар,  47 жас мамандар резидентурада аса тапшы мамандықтар бойынша білімдерін шыңдауда , еліміздің медициналық ЖОО- да әкім гранты бойынша 36 студент білім алып жатыр.

Аудан әкімдерінің есептері бойынша жедел жәрдемге шағымдар айтылған.Осыған байланысты халық көп  қоныстанған аудандарда бригада саны нормативке сәкес келмейтіні және көлік тапшылығы анықталды.Айта кетсек, 10 мың тұрғынға 1 бригада ғана жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.Сол себепті жедел жәрдемге арналған автомашиналарды сатып алуды ,  қосымша жедел жәрдем бригадасын құруды ойластырылуда.

                                                                                              

Облыста ауыз су мен жол мәселесі шешімін табуда

2019 жылы Алматы  облысын  аралау  барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі маңызды міндет қойған.Олар ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдардың сапасын арттыру.

Қазіргі таңда сумен қамтамасыз ету деңгей 91%-ға жеткен.Бірақ әлі де судың жетіспеуі мен сапасына байланысты мәселелер бар.Бұл мәселелерді шешу үшін Қаскелең қаласының және Қарасай ауданының жоғарғы бөлігінде орналасқан 23 елді мекенді сусен қамтамасыз ететін , Қаскелең топтық су құбырын жобалау жүргізілуде.

Бүгінде, Есік қаласы мен сегіз елді мекенде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін,  Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан жалпы құны 4,5 млрд. долл тұратын топтық су құбырының жобасы әзірленуде.

Ағымдағы жылы барлығы 330 км су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.Сонымен қатар, таза ауыз суға тағы 5 ауыл қол жеткізеді және 21 елді мекенде су құбырысапасы жақсартылады деп жоспарлануда.

Жол мәселесіне келетін болсақ,"Нұрлы Жол" бағдарламасының арқасында "Талдықорған-Өскемен", "Үшарал-Достық", "Құрты - Бурылбайтал", "Ұзынағаш-Отар"автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл барлық стандарттарға сәйкес келетін 1526 километрге жуық тамаша жол, соның есебінен облыстың транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайтылады деген үмітте.

Қазір жергілікті маңызы бар жолдардың 81% - ы қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 84% - ға жетеді деп жоспарға алынып отыр.Айта кетсек, бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар 492 км жол жөнделген, сондай-ақ 108 елді мекен ішіндегі кентішілік жолдар жөнделді.

 

Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ

2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады.  Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген.

Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті  қаражат мөлшері  1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады.

Барлығы 939 мың шаршы метр тұрғын үй салу  жоспарлануда, оның ішінде 147,7 мың шаршы метрі"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бой көтереді.

«Біз барлық бағыттар бойынша 3600 отбасын, оның ішінде 2400 әлеуметтік жағынан осал және көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында және Қапшағай қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен  1300 пәтерлік жеті тұрғын үй кешені салынатын болады. Алдағы уақытта жыл сайын кемінде бір млн.шаршы метр тұрғын үй  құрлысын жүргізетін  боламыз»,- деп жағымды жаңалықпен бөлісті облыс әкімі.

Қала халқының саны күннен-күнге артуда. Бүгінгі таңда қалада 180 мың адам өмір сүреді. Осыған байланысты үйге мұқтаждардың саны арта түспек. Соған орай 8-ші шағын ауданында782 пәтерлік  24  көп қабатты үйдің құрылысы басталады. Оның 7-і биылғылы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ инвесторлар есебінен 726 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын ұй шығыс шағын ауданында бой көтереді.

 2019 жылы коттедж қалашығында 155 үй тұрғызылып, бірінші кезекте көп балалы отбасыларға үйдің кілті басыталған болатын. Биыл 403 коттедж үйлер өз иелерін таппақ.

 

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды

Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді.

Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталған  аймақ көшбасшысы болашақтың айқын бағдары болар білім саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы өз есебінде баяндады.

Бүгінде білім саласының төңірегіндегі басты мәселе ол үш ауысымды мектептердің санын азайту болып табылады. Осыған орай облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда Алматы облысында 75 мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Оның 55-і үш ауысымды мектепті жою үшін 30 мың орынға арналып салынған. Соған қарамастап мектеп қабырғасындағы үш ауысымды оқыту мәселесін  түбегейлі шешу мүмкін болмай тұр. Өйткені былтырғы жылы 48 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Назарға алған түйіткілдің күрмеуін шешу жолында жұмыстар жалғасын таппақ. Биылғы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 13 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда.

«Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан біз жалпы құны 10,3 млрд.теңге болатын тағы алты мектептің құрылысын бастауымыз керек.Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қолдауымен мектептер салу мәселесін қарастырудамыз»,- деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Ағымдағы жылы оқу сапасын жақсарту үшін жаңа модификациялы кабинеттер сатып алуға және 50-ден астам ІТ-сыныптар  ашуға, оқушылар робототехникамен, бағдарламалаумен, 3D–модельдеумен айналысуына жағдай жасау мақсатында  1,1 млрд.теңге бөлінген.

Бір сөзбен айтқанда, қала және ауыл мектептерінде тең жағдай жасау үшін барлық шаралар қабылдануда.

 

 

1268 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді

Қоғамның қауіпсіздігі, ішкі тұрақтылық даму жолында табанды еңбек етіп келе жатқан ел үшін басты мәселе. Осы орайда Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2019 жылы ікші істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,3 млрд. теңге бөлінген болатын.

Учаскелік полиция инспекторлары үшін 136 қызметтік автокөлік сатып алынып, 2020 жылы тағы 72 машина сатып алу жоспарлануда.

Бүгінге дейін тұрғын үймен біріктірілген 178 учаскелік полиция пункті салынған,оның 16 -ның өткен жылықұрылысы аяқталып, биыл 42-і салынады деп күтілуде.

2019 жылы 1268 бейнебақылау камерасы орнатылған, 2020 жылға тағы 250 камера орнатуға бір млрд.теңге бөлінді.Оның ішінде , Қарасай ауданында - 150, Панфилов ауданында – 50 және Текелі қаласында - 50.

Бүгінге дейін қабылданған шаралардың арқасында қылмыс саны 17% - ға төмендеген. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жол апаттарын азайту және жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар ары қарай жалғасын табатын болады деп сендірді Амандық Ғаббасұлы есепті кездесуінде.

 

"Тайсон фудс" етті өңдейтін ірі зауыты іске қосылады

Алматы облысы ауылшаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің алдыңғы қатарында тұр. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 852 млрд. теңгеге жетіп, 3,4 пайызға өсті деп өңір басшысы жиын барысында айтып өтті.

Біздің диқандар жыл сайын 14 мың гектарға қант қызылшасы алқабын ұлғайта отырып, қант өндіруді - 51 мың тоннаға жеткізген.

Қазір инвесторлармен бірлесіп, тростник шикізатын өңдеу үшін қант зауыттарын жаңғырту қолға алынуда. Бұл зауыттардың жыл бойы жүктелуін қамтамасыз етеді және 2023 жылға қарай елдің ақ қантқа деген сұранысының 70 пайызын жабуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мал шаруашылығына келетін болсақ, мал мен құс басы, ет, сүт, жұмыртқа өндірісі өсті.2019 жылы "Империя Фуд" және "Қайынды" екі ірі ет комбинаты іске қосылып, сегіз мың тонна ет экспортталған болатын.

Қазіргі таңда, Германиядан келген инвесторлармен "Жетісу қой" жобасын іске асырумен және Іле, Ұйғыр аудандарында үш құс фабрикасын іске қосумен экспортты жылына 25 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек жалпы инвестиция көлемі 190 млрд.теңге болатын америкалық "Тайсон фудс" компаниясының етті өңдейтін ірі зауыты жобасын іске асыру көзделіп отыр.Олардың қуаты жылына 500 мың басты өңдеуге және төрт мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай ірі жобаларды іске асыру үшін суармалы жерлер қажет.

«Ирригациялық желілерді қалпына келтіру бойынша 40 млрд.теңгеге жобалық-исметалық құжаттама дайындалған, оның ішінде 19 млрд. теңгесі Ислам Банкімен қаржыландырылғаны белгілі болды. Қазір Ақсу, Алакөл, Ескелді және Көксу аудандарында ирригациялық желілерді қайта құру жұмыстары жүргізілуде»,- деп толықтырды Амандық Баталов.

2019 жылы 20 мың га суармалы жер қалпына келтірілді. Қызылағаш су қоймасын қайта жаңарту аяқталды, енді желі салу басталғалы жатыр.Облыс бойынша 2025 жылға дейін 138 мың га суармалы жер тартылады деп жоспарланып отыр. Белгіленген жобаларды іске асыру агроөнеркәсіп кешенінің дамуына мультипликативті әсермен қуатты серпін береді.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін бір трлн.дейін жеткізу көзделген.

 

2020 жылы көгілдір отынға халықтың 56% қол жеткізетін болады

Көгілдір отынға көптің қолы жетпесі анық. Осы тұрғысында амандық Ғаббасұлы өңірлерді газбен қамтуға ден қойған. Қазіргі уақытта Алматы облысында 144 елді мекен газдандырылып, газдандыру деңгейі 30,4% - ды құрады.

Талдықорған қаласының қала ішілік желілерінің құрылысы аяқталуда, тоғыз мыңнан астам абонент қосылған. Бұған дейін Үштөбе, Сарыөзек, Бақанас қалаларына дейін газ құбыры салынған болатын.

Биылғы жылы Текелі қаласында және Ескелді, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарының 91 елді мекенінде ауыл ішілік желілер салынғалы жатыр. Қазір 305,4 мың адам тұратын 97 елді мекенді қамтитын "Талдықорған-Үшарал" және "Шелек-Кеген" магистральды газ құбырларының құрылысын жобалау жүргізілуде.Құрылыс нәтижесінде, көгілдір отынға 1,2 млн.адам немесе халықтың 56% қол жеткізе алады дейді облыс әкімі.

Бұл ретте газдандыру үшін инвесторларды тарту қолға алынып жатыр. 2019 жылы жалпы қаражат көлемі 39,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 32,8 - жеке, яғни 1 теңге бюджеттік қаражатқа 4 теңге жеке қаражат тиесілі болған.

Сондай-ақ, шағын қалалардағы көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қолға алынбақ. Өткен жылы Талғар қаласында 106 көп пәтерлі үйге арналған 15 блокты-модульді қазандық орнатылған болатын.

Анар САБЫРОВА

 

 

Оқылды 1241 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет