Сейсенбі, 28 Сәуір 2020 11:27

Тәртіп бұзғандар жазаланды

Қазақстан аумағында төтенше жағдай жарияланып, қалалар мен облыстар карантинге жабылғалы бір айдан асты. Осы уақыт ішінде барлық іс-шаралардың өтуіне тыйым салынып, адамдардың көшеде себепсіз жүріп-тұруына шектеу қойылды. Сонымен қатар, сауда орындары, дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты бекітіліп, карантин ережелерін сақтау қатаң тапсырылды.

Заң – барлығымызға ортақ. Сондықтан, оны бұзбау баршамыздың міндетіміз. Алайда, аудан аумағында карантин кезінде заңға құлақ аспай, өздігінше әрекет етіп, қоғамға, тұтынушылардың өміріне қауіп төндірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды.

Жақында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісіне сәйкес, Есік қаласындағы дүкендердің бірінде санитарлық қауіпсіздік шараларын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, аспаздық өнімдер өлшеп оралмаған күйінде сақталып, сатылымға қойылған. Дүкенге кіре-берісте қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер орнатылмаған, сауда орнының қызметкерлері қолғаптармен қамтамасыз етілмеген. Осылайша, аудан орталығы тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіріп, төтенше жағдайдың белгіленген режимін бұзғаны анықталған.

Осыған байланысты, Еңбекшіқазақ аудандық сотында азық-түлік дүкенінің иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабы 6 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, кәсіпкер бір тәулікке қамауға алынды. Айта кетейік сот отырысы «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы өтті.

Сонымен қатар, Түрген ауылында орналасқан үш бірдей азық-түлік дүкені мен наубайхана иелері төтенше жағдайдың белгіленген режимін бұзғаны үшін жазаланды. Мобильдік қосымша арқылы өткен сот отырысында кәсіпкерлердің санитарлық-тазалық нормаларын сақтамағандығы анықталған. Оған қоса, қызметкерлері медициналық маска мен қолғап кимеген. Сот барысында кәсіпкерлер өздерінің кінәларын мойындап, алдағы уақытта олқылықтың орнын толтыруға уәде берген.

Нәтижесінде жоғарыда аталған бап бойынша жауапкерлер кінәлі деп танылып, мемлекетке 26 510 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 1553 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет