Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2020 18:06

«Jetisy ART» тарихи-танымдық жобасы таныстырылды

Тарихын танып, тау тұлғаларын ұлықтаған текті елдің ұландары кезекті істі қолдарына алды. Баршамызға белгілі биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тойланады.

Атаулы күннің  кең көлемде аталып өтуіне  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын. Торқалы тойдың әлқисасы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты танымдық мақала жазып, халық назарына ұсынды. Бұл бастаманың өзі кемеңгер тұлғаның қазақ қоғамындағы алар орнының айшықты екенін көрсетеді. Тек Абай ғана емес, Әл-Фарабидің да ел руханияты үшін қосқан үлесі өлшеусіз.

Қос бірдей  «бәйтерек» ағартушылық жолында аянбай тер төккен ғұлама ретінде ел есінде мәңгі қалып, есімдері тарих бетінде алтын әріптермен қашалып жазылғаны сөзсіз. Бір ауыз сөзбен «Ұлттық болмыстың үлгісі» деп айтуға болады.

Олардың өшпес өнегелерін бүгінгі таңда жас буын барынша дәріптеуде. Осыған орай Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Taldy Paris» шығармашылық тобы «Jetisy ART» тарихи- танымдық жобасын жасаған болатын. Аталмыш, жобаның таныстырылымы «Jetisy Media» ақпараттық  алаңында  өтті.

Бірегей жобаның авторы Еркеғали Мейрамұлы. Танымдық жобаның мақсаты-халықты ата-бабаларымыздың тарихын және ұлы ғалымдар Әл-Фараби мен Абай еңбектерін білуге тарту.

Жоба авторының айтуынша, аталған жұмысты жасауға 1 ай уақыт қажет болған. Графикалық кескінде  тарихи тұлғалардың тұжырымдамасы (афоризмі, дәйексөзі) және оның суреті бейнеленген. Өзгеше идеяға толы жұмысты жұртшылық назарына ұсыну үшін  стилистикалық юлистрация қолданылған.

Қазіргі таңада теңдесі жоқ жобаның авторы осындай 20 кескінді дайындған. Алдағы таңда аптасына 2 суреттен әлеуметтік желілерде көркем туындыны жариялап отырмақ. Бұл  бастама мұнымен тоқтамақ емес,ендігі кезекте Ұлы жеңістің 75 жылы мен Алтын Орданың 750 жылдығы көпке ұнаған шығармада суреттелетін болады.

Оқылды 1431 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет