Бейсенбі, 05 Қараша 2015 11:07

Сандар «сөйлейтін» сала

Сырлы сандар әлеміне саяхат. Иә, бұл статистика мамандарының күнделікті жұмыстары болғанымен, біз сияқты қарапайым адамдарға нағыз саяхат. Олай дейтініміз, ауданның бүкіл тыныс-тіршілігі, ауылшаруашылығы, дәнді-дақылдардың өнімділігі, тұрғындардың хал-ахуалы, тұрмыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік тағы да толып жатқан санмен байланысты нақты мәліметті тек осы статистика басқармасынанала алатынымызға көзіміз жетті мақала жазу барысында. Әрі, сандар бір орында тұрақтап тұрмайды. Олар күнде ауысады. Бірде кемиді, бірде толысады. Бірақ қателесуге болмайды. Есеппен дос болмасаң, саған статистика басқармасында орын жоқ...

 

Аудандық статистика басқармасында  2003 жылдан бері аянбей еңбек етіп, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап басшылық қызметте отырған Алуа Елеусізова да бұл тұжырымымызды мақұлдар. Себебі, дәл айдың басынан басталатын есеппен әуре болып отырғанында біз де есігін қақтық Алуа Серікқызының. Мақсатымыз – тұрғындарды аудан статистикасымен аз-кем таныстыру.  «Әр айдың бірінен бастап, ай сайын түрлі есеп жинаймыз. Жүргізуші маманымыз демография бойынша барлық есепті жинайды. Каталогпен тіркеп отырамыз, әрбіріне код беріледі. Онда өлім, туылу, қосылу,  ажырасу туралы акт жазбаларының есебі жүргізіледі» – деп әңгімесін бастаған статистика басқармасының басшысы Алуа Серікқызы биылғы жыл сала мамандары үшін атаулы екенін жеткізді. «8 қарашада статистиканың құрылғанына 95 жыл толады.  1920 жылдың 8 қарашасында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі  өзінің  қаулысымен «Қазақ АКСР мемлекеттік статистикасы туралы  ережесін» бекітіп, сол негізде Қазақ АКСР Статистикалық басқармасы құрылды. Осылайша, Қазақстанның орталық статистикалық органының құрылған күні 1920 жылдың 8 қарашасы деп есептеледі. Биылғы жылы 95 жылдық мерейтойымыз тойланбақ.  Статистика – бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым, қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын, олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын статистикалық ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын қызмет саласы. Статистиканың басты функциясы – ақпаратпен жабдықтау. Қазіргі таңда статистикалық есептерді тапсыру оңтайландырылып, «Онлайн жүйесінде» есеп беру оң шешімін тапқан. Яғни, кеңседен шықпай-ақ есептерді тапсыруға болады. Селолық округтерде статистикалық мәліметтер «Шаруашылық есеп кітабы» және «Шаруа қожалықтарының есеп кітабы» негізінде жинақталады. Мәліметтердің нақтылығына селолық округ әкімдері тікелей жауапты тұлға болып табылады. Кез-келген салада бір нақты сан айтпастан бұрын статистиканың берген мәліметіне жүгінеді. Сондықтан жұмысымыз өте жауапты» – деп мамандығының маңызы мен тарихына да тоқталып өтті басқарма басшысы.

Жауапты қызметтің жүгін тек өз ісіне жауапты қызметкерлер ғана арқалай алары сөзсіз. басқармасындағы мамандар жайына тоқталып өтуді өтіндік Алуа Елеусізовадан. «Негізі, аудандық статистика басқармасында штаттық кестеге сәйкес 10 маман болуы керек. Бүгінгі  таңда  5 маман, 2 оператор қызмет етуде. Оның екеуі Шелек өңірінде, төртеуі Есік өңірінде статистикалық есептерді жинап, өңдейді. Бос орындардың себебі: 3 маман бала күтімінде, 1 орын бос.  Бос орындарға заңға сәйкес конкурс жарияланды, өкінішке қарай ниет білдірушілер жоқ болып отыр.  Қай салада болмасын сапалы кадр мәселесі өршіп тұрғаны жасырын емес бүгінгі күні. Жай ғана жоғары оқу орнын бітіру аздық етеді, сол таңдаған мамандығыңды қызығушылықпен, сүйсіне орындау – нағыз қызметкердің ұстанымы. Бізде де ондай мамандар баршылық. Мысалы, Шелек өңірі бойынша барлық есептерді жинап, өңдеп отырған Айша Рахманова апайымыз 30 жылдан бері осы салада қалтқысыз қызмет атқарып келеді. Әрі артынан ерген жастарға да мамандықтың қыр-сырын ұғындырып, оларды тәрбиелеуде. Ал, Ж.Теміржанова, Т.Омаров сынды қызметкерлердің еңбек өтілі – 12 жылдан. Сонымен қатар, жас мамандарымыз да бар. Олар: Н.Шәріпов, А.Ғазезов».

Міне, құрметті оқырман, аудандық статистика басқармасымен де таныс болдыңыздар. Ендеше, сала мамандарын алда келе жатқан 95 жылдық мерейтойларымен құттықтап, жұмыстарына табыс, жоғарғы көрсеткіштер тілейік. 

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 4452 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қорытынды жиын өтті Сандар «сөйлейтін» сала »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет