Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 10:29

Әлеуметтік көмек жүйелі жүргізілуде

Қиындықты тек қиындық көрген түсінеді. Иә, бүгінде тағдыр тауқыметін тартып, әйтсе де, әрбір атқан таңына шүкіршілік етіп өмір сүріп жатқан азаматтарымыз баршылық. Ел қатарлы еңбек еткісі келеді, алайда, оған мүмкіндік жоқ. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: «Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, қайта тұрып қақың бар жүгіруге» – деген екен. Мемлекет олардың жағдайын толыққанды жасап бермесе де, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты, мүгедек жандарды назардан тыс қалдырған емес. Оған дәлел, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған ауқымды істері.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудан тұрғындарына  он сегіз мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Аталған бөлімнің басшысы Қалдыгүл Айсинаның айтуынша, жыл басынан бері орташа табысы кедейшілік шегінен төмен 237 отбасына  36 млн теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, ал орташа табысы азық-түлік себетінен төмен 2317 жанұяға 113 млн теңге жәрдемақы берілген. Оған қоса, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен жерүйде тұратын тұрмысы төмен 1836 отбасына тұрғын үй көмегін көрсету үшін 73  млн теңге көлемінде көмек көрсетілген.

– Әлемді дағдарыс жайлаған заманда дамыған елдердің өзінде жұмыссыздар саны күрт өсіп, алаңдаушылық тудыруда. Десе де, еліміз алапат дағдарысты айналып өтуді нақты мақсат еткен. Жұмыссыздардың екі  қолына  бір күрек тауып беруде аянып жатқан жоқпыз – дейді Қалдыгүл Оспанәліқызы. Айтуынша, жыл басынан бері 2150 жаңа жұмыс орны құрылған. Жұмыспен қамту секторында 2700 жұмыссыз адам тіркеліп, оның 2231-і жұмысқа орналастырылған. 736 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 122 адам кәсіби даярлау курсына оқуға жіберілген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету мақсатында берген тапсырмалары да жүйелі іске асуда. Айталық, ауданымызда үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 193 мүгедек бала бар. Олардың ата-аналарына көмек ретінде жергілікті бюджеттен 5 млн теңге бөлінген.

 

Ұлы Отан соғысының ардагері

Георгий ЧЕЛОМБИТКИН:

«Алғыстан басқа айтарым жоқ»

 

Қалдыгүл Оспанәліқызымен Ұлы Отан соғысының ардагері Георгий Челомбиткиннің үйіне бас сұқтық. Бізді батырымызбен жолдасы құшақ жая қарсы алды.

– Менің басшылыққа айтар алғысым шексіз. Әсіресе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымына. Бізге көмекші жалдап берді. Күнделікті үй тазалау мен ас пісіру, от жағу сынды жұмыстарға қолғабыс етеді. Бөлім басшысы да жиі-жиі есігімізді қағып тұрады – дейді. Айтуынша, коммуналдық қызметтің шығындары да мемлекеттің есебінен төленеді. Сондай-ақ, аталған бөлім ардагер мен жұбайына жолдама беріп, Талғардағы «Спутник» сауықтыру кешеніне жіберген. Аудан аумағындағы соғыс ардагерлерінің барлығы да осындай қамқорлыққа ие болуда.

 

Жыл басынан бері жеке оңалту бағдарламасы бойынша 135 жеке көмекші қызметін көрсететін мамандарға 33 млн теңге жалақы төленген. Сондай-ақ, мүгедек жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау да басты назарда. Мәселен, 185 мүмкіндігі шектеулі жанға ортопедиялық бұйымдар заводына жолдама берілсе, 56 адамға қоларбалар, 43-іне сурдотехникалық және 21 мүгедек азаматқа тифлотехникалық құралдар табысталған. Ал 315 адамға 9 млн 900 мың теңгенің тазалық құралдары берілген. Сонымен қатар, газетіміздің алдыңғы сандарында жазған «Инватакси» қызметі тегін тасымалдайды.

Әлеуметтік аз қамтылған және жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында құрылған «Өрлеу» жобасы да тұрғындардың мәселелерін шешіп, алғысына бөленуде. Жоба аясында құрамында 1409 адамы бар 250 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 17 млн теңге әлеуметтік шартты ақшалай көмек тағайындалған. Осы отбасылардың ішіндегі еңбекке жарамды 322 адамның 69-ы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 263-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, аталған жоба келер жылы да жүзеге аспақ.

Бөлімнің негізгі бағыттарының бірі – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізді әлеуметтік қолдау көрсету. Әсіресе, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында майдангерлерге аз көмек көрсетілген жоқ. Ағымдағы жылдың басынан 34 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша 1 млн теңге бөлінген. Ардагерлеріміздің қатары күннен-күнге сиреп барады. Бүгінгі күнде аудан аумағында 28 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері тұрады. Майдангер ақсақалдар мен жалпы мүмкіндігі шектеулі жандарға санаторлық-курорттық емделуге 189  жолдама берілген.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4061 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет