Бейсенбі, 22 Қазан 2015 11:47

Өзін-өзі басқару: өзекті мәселелер

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту – экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі. Алайда, әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бірнеше кезеңде қалыптасқаны және бұл үдеріс тарихи ұзақтығымен сипатталатыны белгілі. Ал, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен даму процесі салыстырмалы түрде жақында ғана басталды. Заңнама базасын, қолдану практикасын қайта қарауда, басқару жүйесін түзетуде және халықтың таным-түсінігін өзгертуде ауқымды жұмыс күтіп тұрғаны айқын. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында жақында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары «НұрОтан» партиясының фракция мүшелері Зағипа Балиеваның, Нұртай Сабильянов-тың және облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев пен аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың, қаржы министрлігі өкілдерінің қатысуымен  «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджетін қалыптастыру» тақырыбында жиын өтті.

 

Оған «Нұр Отан» партиясының мүшелері, облыстық, аудандық мәсли-хат депутаттары, облыс көлеміндегі мемлекеттік кірістер және қазынашылық департаментінің өкілдері, облыстық басқарма басшылары мен қалалық, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиынды жүргізген Махаббат Бигелдиев: – Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі негізінде қала және ауылдық округ әкімдеріне ақылы қызметтерден түсетін кірістер мен ерікті жинаулар, айыппұлдар және тағы да басқа түсімдер көзін қарастыру құқығы берілгені аян. Қазіргі күнде негізгі бюджеттен тыс қала және ауылдық округ әкімдіктері өз алдына дербес есеп шоттар ашты. Оны жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып жұмсау құқығын да алды. Ұлт жоспары 100 нақты қадам бағдарламасында қамтылған 98-ші қадам жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі негізінде ашылған шоттарға осы күнге дейін қаржы көзі аз түскен. Осы себепті облыс басшысының пәрменімен бүгінгі жиынды өткізуді жөн санадық – деп жиынның мақсатына кеңінен тоқталды. Сөз алған Зағипа Балиева: «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі негізінде осыдан екі жыл бұрын әрбір қалалық және ауылдық округ әкімдіктерінде өз алдына дербес шот ашылғаны белгілі. Алайда, екі жылдың тәжірибесі көрсеткендей бұл шоттарда ақша аз. Бұл ненің көрсеткіші? Аталған жүйе бойынша ауылдық округ әкімдерінің жұмыс жүргізбегенінің айғағы. Мемлекетіміз де түрлі айыппұлдар мен салықтардан жиналған қаржыға мектептер мен балабақшалар салып, ондағы қызметшілерге де айлық есебінде ақша төлейді. Сол секілді Сіздер де өз округтеріңіздегі кәсіпкерліктерден және айыппұлдар мен ерікті аударымдардан түскен қаржыны әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында пайдалана аласыз. Бұл қарапайым мысал.  Сіздерге төрт айыппұл түрі беріліп отыр. Атап айтсақ, жасыл-желектерді орынсыз отау, заңсыз сауда орын алған жағдайда айыппұл салу құқығы, ит пен мысықтарды белгіленбеген жерде серуендету және ауылдық округтің абаттануына кедергі келтіретін кемшіліктер анықталған жағдайда айыппұл салу құқығы.    

.

(Басы 1-бетте).

Сіздер өз туындаған мәселелеріңізді өз күштеріңізбен өтей алатын дәрежедесіздер. Алайда, өздеріңіздің миллионер екендіктеріңізді ескермей жүрсіздер. Бүгінгі күнде қайсыбір ауылға кіріп барсаңыз болды, әкімнің жұмыс істейтіні немесе істемейтіні бірден анықталады. Біз әрбір ауылдық округ әкімінің рейтингісін жүргізуді қолға алуды жоспарлап отырмыз.  Онда Сіздердің атқарған жұмысыңызбен қатар ауылдық округіңіздің ажарына да рейтинг жүргізіледі.

Шет мемлекеттерге іс-сапармен барғанда олардың мұнтаздай таза тірліктерін, қаз-қатар отырғызылған ретті жасыл-желектерін, біркелкі тұрғызылған үйлерін көріп мемлекетіміз не себептен дәл осындай ұқыптылыққа жете алмай отыр деп толғанасың. Заңымыз бар және халқымыз әлемдегі ең керемет халықтардың бірі. Сіздер әр күні БАҚ беттерін бақылай отырып қабылданған заңдарды, өзгерістерді жедел түрде жүзеге асыра бастауларыңыз керек. Ал бізде керісінше. Заң шығып оны Сіздерге келіп түсіндіріп бермейінше қимылсыз отырасыздар. Мүмкін заң тұрғысынан алғанда немесе басқадай себептермен жүйенің алға басуына кедергі келіп жатқан болар. Осы себепті бүгінгі жиын өтіп отыр. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді тыңдау мақсатында. Бірақ, бір анығы алдағы жылдарда Қазақстандағы әрбір ауылдық округ шет мемлекеттердегі елді-мекендерден кем болмауы қажет. Бұл үшін сауаттылық пен іскерлік танытуларыңызды сұраймыз» – деді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда ауылдық округ әкімдеріне жеке тұлғалардан жиналатын салық көзінен түсетін қаржыны да иелену құқығы беріліп отыр. Ендігі жеке тұлғадан жер салығы, көлік салығы және мүлік салығы мен табыс салығынан түскен қаржы арнайы шотқа түсетіндігін және аталған салықтардың да алыну тетіктерін түгендеп өтті мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің мол болуы да жергілікті атқарушы билік үшін қосымша қаржы көзі екендігін жеткізді. Олардың кәсіп көзімен айналысуына тиісті жағдай туғызуды жүктеді жергілікті билік өкілдеріне халық қалаулысы.

Сөз алған Нұртай Сабильянов: – «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дербес шотын қалыптастыру 2018 жылы жүргізілетін болады. Осыған орай әрбір қала, ауылдық округ әкімдері тас-түйін дайын болуы қажет. Бұл дегеніміз аталған жүйе негізіндегі заң нормаларын жіті зерттеп соның тетіктерін игеру деген сөз. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық баптарына сәйкес олқылықтар орын алған жағдайда айыппұл салудан тартынбаңыздар. Үлкен кісі немесе туысқан, ағайын дейтін түсініктерден арылған абзал. Өйткені, өз мүддеңізден мемлекет мүддесі жоғары екендігін ескеріңіздер – деді халық қалаулысы.

Сондай-ақ, мінберге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бюджеттік саясат департаменті директорының орынбасары Гүлгүл Сиязбекқызы жергілікті басқару жүйесінің құқықтық және экономикалық негіздерімен, іске асырылу жолдарымен таныстырып өтті әрі ережелер және т.б мәселелерді қамтыған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі негізіндегі әдістемелік құралдар таратты жиын қатысушыларына.

Сөз кезегі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нафиса Сатыбалдинаға берілді. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында қамтылған индустриалды экономикалық өсім тұрғысынан сөйлеген басқарма басшысы әрбір аудандық, қалалық, ауылдық окрутің басшылары өз өңірлерінің даму жоспарын өңірдің тиімді жақтарын ескере отырып жасаулары қажеттігін айтты. Ауқымды мемлекеттік жоба жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі аясында барлық тетіктерді игере отырып қоғамдық қатынастарды толығымен жаңартатын реформаға атсалысуға үндеді.

Жиын соңынан сөйлеймін деушілер мінберге шығып, өз ойларымен бөлісті. Жалпы әкімдердің аталған реформаны әлі де игеріп, түсініп болмағандығы анықталды. Махаббат Бигелдиев әкімдердің сұрақтар қоюдан жалтарғанын қатаң сынға алды. 

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 4998 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет