Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020 14:24

Алматы облысында 11 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Елдегі ТЖ жағдайына байланысты биылғы білім беру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Әсіресе бітіруші түлектер үшін ерекеше ереже мен өзіндік шарттар бекітілген.

Мектептің 9-11 сынып оқушылары аттестат алу үшін сынақ тапсырмайды. Жыл бойғы алған бағаларының негізінде қорытындысы шығарылады. Аттестатты тапсыру рәсімі 3-4 маусым аралығында өтеді. Облыс бойынша 1177 оқушы - «Алтын белгі» иегері, 851-і - «Үздік аттестат» иесі атанып отыр.

Ағымдағы жылы 15 256 оқушы алтын ұясымен қоштасты. Олардың ішінде 11589-ы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Ұлттық бірыңғай текстілеуге өтініш беру 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында онлайн форматта өткізілді.

Облыста ҰБТ тапсыруға арналған 16 пункт жұмыс істейді деп күтілуде. Барлық сынақ тапсыру орындары техникалық талаптарға сәйкес жабдықталған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгеріссіз қалады. Әдеттегідей қағаз түрінде өткізіледі. Тест 5 пәннен тұрады. Олар: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, таңдау бойынша 2 негізгі пән.

ҰБТ тапсыру уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды.

Тест тапсыру 20 маусымнан 5 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ қатаң санитарлық ережелерге сәйкес өткізіледі деп жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары білім үшін ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес білім беру гранттары 2017 жылдан бастап беріледі.

2017 жылы - 100, 2018 жылы - 106, 2019 жылы облыстық бюджеттен 250 білім гранты бөлінді, оның 79-ы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына.

Сондай-ақ көп балалы отбасылардың балаларына 100 және атаулы әлеуметтік көмек алуға республикалық бюджеттен 301 грант бөлінді. Биыл 200 білім грантын бөлу жоспарланған.

Анар САБЫРОВА

Оқылды 2679 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет