Бейсенбі, 26 Қараша 2015 15:40

Кәмет Мәнекеев: «Елбасының қарапайымдылығы ұнады»

Қаракемер ауылының тұрғыны, ауыл ақсақалы Кәмет Мәнекеев 2013 жылы Елбасы күніне орай «НұрОтан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық қабылдауында болды. Күнделікті көгілдір экраннан көріп жүретін Н.Ә.Назарбаевты өз көзімен көріп, тірідей тілдесті. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің Қаракемер ауылында жүйелі жүзеге асып жатқандығын баян етті Елбасына.

 

Бұл жүздесу Астана қаласында «НұрОтан» партиясының қоғамдық қабылдау өткізуге арналған ғимарат құрылысы аяқталып, тұңғыш президентіміздің азаматтарды алғашқы қабылдауы еді. Әр өңірден түйткілді мәселелерді арқалай келген төрт азаматтың бірі Кәмет Мәнекеев болды. Елбасының ерекше көзқарасын бірден байқады Кәмет ата. «Жалт-жұлт етіп, жан-жағына жасын бүркігендей әсерде қаласың. Ойнақы жанары бір орында тұрмайды. Жан-жағын жіті шолып, қалт жібермей қадағалайды» – дейді Кәмет ата.

Жүздесу алдында Кәмет Мәнекеев асқан дайындықтан өтті.  Қатардағы жүздесу емес, Елбасымен жүздесу. Осы себепті, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Бағдат Рахимов Кәмет атаның жеткізбек ойын, айтар сөзін пысықтады. Алайда кездесу барысында бәрі де басқаша өрбіген. «Кіріп келген Елбасы: «Кәке қалайсыз?» деп қолын созды. Бұл сәтте Елбасы күнделікті көріп жүрген танысымдай өзіне тарта берді. Бұйымтай сұрады. Ауылдың жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне сәйкес күн санап көркейіп жатқандығын айттым. Жергілікті қауымдастық өкілдерін сайлап, кез-келген мәселені келісе шешетінімізді баян еттім. Жадымда тұрған жаттанды сөздер жайына қалды. Керісінше дәл бір таныс адамымдай еш қысылмай сөйледім. Сондай-ақ, Қаракемер ауылына қонаққа шақырдым» – дейді Кәмет ата.   Жиын соңынан Елбасы өз қолымен «НұрОтан» партиясының «Елбасы партиясы» атты кітабын сыйлайды. Оның алғашқы бетіне «Мереке құтты болсын! Аман-сау, табысты болыңыз» деген ізгі тілегін де жазып берді.

Тілдесу барысында Кәмет ата тағы бір жайтты әңгімеледі. Елбасы кітапқа тілегін жазу барысында қаламының сиясы бітіп, жазу аяқсыз қалады. Осы сәт бұрынғы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов төс қалтасынан қаламын шығарып беріп: «Қайтарып бересіз ғой» – деп, қалжыңдайды.

«Ай, әкім-ай, Ақ ордаға келші мен саған бірнеше қалам сыйлайын» – деп әзілге әзілмен жауап қатады Елбасы. Кәмет ата: «Бұл көрініс маған Елбасының қарапайымдылығын ұғындырды. Жүздесуден көңілді қайттым» – дейді.

Жұбайы Қамижан анамызбен бірге Кәмет Мәнекеев 7 ұл тәрбиелеп, олардан 21 немере, 8 шөбере сүйген. Бүгінде ауыл орталығынан «Айман» атты дүкен ашып кәсіпкерлік тұтқасын нық ұстаған. Ендеше, біз де Елбасы сөзімен қоштасып, қол алыстық: «Мереке құтты болсын! Аман-сау, табысты болыңыз».

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 4881 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет