Сейсенбі, 12 Мамыр 2020 11:08

106 жоба іске асырылмақ

106 жоба іске асырылмақ google.kz

Жұмыссыздық – қоғам дерті. Ал оның алдын алу мақсатында ілкімді істерді атқару – мемлекеттің ерекше назарында. Мәсе-лен, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» шеңберінде Алматы облысына 109,2 млрд теңге бөлінгенін, нәтижесінде 977 инфрақұрылымдық жобалар іске асатынын аймақтық БАҚ-тар жарыса жазуда. Бұл біріншіден, жаңаруға бастаса, екіншіден, жұмыссыздықтың алдын алуға жарқын жол ашты. Себебі, жобаны ұтып алған мердігер жұмыскерлерінің кем дегенде 50 пайызын сол құрылыс жүргізілетін өңірдің тұрғындарын тартуы тиіс. Ал ауданымызда бағдарлама шеңберінде нендей өзгеріс?

Бүгінде аудандық экономика және бюджеттік жос-парлау бөлімінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш жоба аясында ауданымызға 11 млрд 513 млн теңге бөлінген. Оның ішінде айшықтап айтарымыз, жуырда Есікте 1500 орындық мектеп құрылысы басталмақ. Сол секілді Көктөбеге жаңа амбулатория салынады. 8 әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Т.Молдағалиев атындағы және Көлді мәдениет үйі бар. Сол сеіклді Бижанов ауылындағы спорт кешені жаңғыртылады деп жоспарлануда.

Инфрақұрылымдық жобалар да жүйеленбек. Нақтыласақ, 46 жоба жол жөндеу бағытында. Онда аудан аумағында 22,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтсе, 21,6 шақырым жол жиегі жаңармақ. Әрі 27 ауылда ауылішілік көшелер ағымды жөндеуден өтпек. Ең бас-тысы, үш жылға жоспарланған Есік топтық су жүйесі биыл басталмақ. Оған аталмыш бағдарлама аясында   1 млрд 2 млн 32 мың теңге бөлінді.

Сатай, Қызылшарық, Лавар, Шелек, Құлжа ауылының орталық көшелерін жарықтандыруға да тиісті қаржы қарастырылып отыр. Әрі 26 млн теңгеге Ащысайдағы саябақ абаттандырылады.

Бәрін айт та бірін айт, қазіргі қысылтаяң сәтке қарамай жасалып жатқан мемлекет қамқорлығы көңілге қуаныш ұялатады. Жоғарыда атағанымыздай, біріншіден әлеуметтік түйткілдер түйіні тарқатылса, екіншіден, жұмыссыздыққа тосқауыл болмақ. Яғни, қомақты қаражатқа аудан бойынша 106 жоба іске асырылмақ.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Оқылды 2195 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бірлік – елдіктің кепілі Кәсіпкерлерге ескерту жасалды »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет