Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020 10:54

Жауынгер жолы

Жұмәділ Тасанов  1939 жылы міндетті әскери парызын өтеуге шақырылып, қызмет мерзімі аяқтала бере 1941 жылы маусымда  елімізге тұтқиылдан тап берген фашистерге  қарсы соғысқа алғашқылардың қатарында аттанған еді.

 Жұмәділ ата  Тасанов – ел басына күн туған соғыстың отты жылдарында қан майданға аттанған, өрт жалынның алдыңғы шебінде жүрген жауынгер. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған батыр Мәскеуді ентелеген жаудан азат еткенде де атаусыз қалмады. Одан кейін Варшаваны азат етіп, медальдармен және марапатталды. Әрине, жеңіл жараланған кездер де болды. Жара тыртығы жазылмастан жауынгер шекпенін қайта киіп, ерліктің үлгісін көрсетті.

Қанды қырғын ІІ дүниежүзілік соғыс әбден аяқталған соң 1946 жылы елге оралған Жұмәділ Тасанов  әскер  қатарынан бұрын оқып игерген актерлік  мамандығын ысырып қоя тұрып, ветеринарлық курсқа түсіп, көп жылдар бойы малдәрігерлік  жұмыстарды атқарды. Колхозда белсенділік танытып, табысты  еңбек етті.

Ұлы Отан соғысының  ІІ дәрежелі орденін төске таққан кезде батыр жауынгер жеңіс жалауының жақындағанын сезді де. Рухани күш үнемі алға жетелеумен жеңіс күнін көруге асықтырды. Берлинді алған кезде ерекше шайқас болды. Әрине, кім өз отау үйін оңайлықпен берсін. Жанын пида еткен жау сүйем жер үшін қан төгумен болды. Алайда, алпауыт айбар еріксіз тізе бүктірді. Жау жеңілді. Берлиннің үстіне қызыл жалау ілінгенде де алдыңғы шептен көрінген Жұмәділ Тасановтың төсінде «Берлинді алғаны үшін» медалі жарқырады. Атақты маршал Г.К.Жуковтың өзін көріп, жеңіс күні оның қолынан награда алған екен.

Одан кейін жеңістің жиырма, отыз, қырық жылдық салтанатында қарт жауынгер атаусыз қалмады. Есімі ерекше аталып, үнемі мерекелік медальдармен марапатталып отыратын. Тіптен, СССР Қарулы Күштерінің 50, 60, 70 жылдығында да омырауы медальдармен жарқырай түсті. Ұлы Отан соғысының 50 жылдығында  да медальмен марапатталды.

Жұмәділ қария 1941-1945 жылдарды «Соғыс ардагері» одан кейін «Еңбек ардагері» атанды. Атақ та, абырой да бір басына жетерлік.

Жеңістен кейін күйзелген елді, ауылды қалпына келтіру оңайға соқпады. Жұмыс күші көбіне әйелдерге жүктелетін. Ауылда ер азаматтар санаулы. Олар – еңбек майданында көш бастаушылар. Ал, ана-әйелдер тобы белді бекем буып, ерлермен қатар тер төгетін негізгі жұмыс күші саналды.

Жұмәділ қария батыр бабаларының ерлігін уағыздаушы абыз ақсақал болған. Жоңғар басқыншыларымен соғыста ерлікпен айқасқан Бөлек батырдың дулығасын сақтап, Астанадағы Президент мұражайына тапсырған. Жауынгер Жұмәділ атаның ұрпақтары аудан елді мекендерінде өмір кешуде.

 

Қ. ҚАСЫМҰЛЫ

Оқылды 2489 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жауынгер жолы Майдангерлер ауласындағы концерт »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет