Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 14:24

Халық саулығы қоршаған ортаға тәуелді

Халық саулығы қоршаған ортаға тәуелді google.kz

Қазақстанда қазір экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті болып отыр. Осыған орай ел аумағында қабылданып жатқан шаралар да аз емес. Атап айтқанда, «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу, қоршаған ортаға ықпал ететін барлық теріс факторларды мейілінше шектеу т.б. секілді бағдарламалар іске асырылуда.  Бұл мәселені барынша көтеріп, ел назарын оған аударудың маңызы зор. Шын мәнінде, туған еліміздің экологиялық ахуалының жақсы болуы ең алдымен өзімізге керек екені анық. Ол үшін ең әуелі экологиялық санамызды дамытуымыз қажет.  Себебі, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек екені даусыз. Қазіргі таңда жаһандық жылыну үдерісі қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келеді. Жаһандық жылыну және Қазақстан үшін жаңа экономикалық нақтылық туралы айтар болсақ, қазіргі әлемде экономикасы дәстүрлі аграрлық салаға бейімделіп, артта қалып қойған мемлекеттен бастап, ғылым мен техниканың барлық соңғы жетістіктерін жетік игерген қуатты индустриалды державаларға дейінгі даму деңгейі ала-құла мемлекеттер бар екендігі белгілі. Ал осы елдердің экономикасында едәуір алшақтық болғанымен олардың экологиялық мәселелері ортақ болып табылады. Өйткені, экология бүгінде жеке елдердің ғана емес жаһандық ауқымды мәселе.

Экологиялық дағдарыс кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс  – қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы казбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. Тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады.

Ал экологиялық дағдарысқа нақты көңіл бөлінбесе ол экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да экологиялық апат қайтымсыз процесс болып саналады. Экологиялық апат көбіне адамның тікелей немесе жанама іс-әрекеттерінің нәтижесінен пайда болады. Бұл кезде кейбір өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері мүлде жойылады.

Адамдардың іс-әрекеттері-нен соңғы 300 жылда құстардың 140-қа жуық, ал сүтқоректілердің 106 түрі біржолата жойылып кеткен. Антропогендік факторлардың жануарлар дүниесіне әсер етуі жылдан-жылға айқын байқалуда.

Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету ауқым-дылығына байланысты адамзатты алаңдатып отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, үш топқа бөледі.

Ғаламдық экологиялық мәселелер – мұндай мәселе-лерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 миллиард тоннадай көмір қышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәуле жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы, метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды.

Аймақтық экологиялық мәселелер – жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий мен Арал теңізін, Байқоңыр ғарыш айлағын және т.б. мәселелер мысал бола алады.

ХХ ғасырдың басынан бері ауаның орташа температурасы 0,74°C-қа жылынса, соның үштен бірі 1980 жылдан кейінгі кезеңнің үлесіне тиеді. Температура өзгеріске ұшырауының негізгі бөлігін адамзат баласының іс-әрекет салдарынан туындаған парникті газ концентратының шамадан тыс артуы құрап отырғандығын әлем жұртшылығы мойындап та отыр. Ал 21 ғасыр ішіндегі температураның өсу мүмкіндігі эмиссияның ең төменгі мөлшерінде 1,1-2,9 градус, ал ең жоғары эмиссия кезінде 2,4-6,4 градус аралығында болуы мүмкін. Жаһан жылынуының нәтижесінде барынша ең жоғарғы температура белгіленеді, Жер шарының барлық өңірлерінде ыстық күндер саны артып аязды күндер саны қысқарады. Бұған қоса, құрлықтық аудандардың басым бөлігінде жылу толқыны жиі орын алып, температураның таралуы қысқарады. Халық-аралық энергетикалық агент-тіктің соңғы баяндамасында энергия тасымалдаушыларға сұраныстың төмендеуі қыстың жылы болып басталуымен байланысты екендігі айтылған. Жылынудың нәтижесінде 2016 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 95,8 миллион баррельден 95,7 миллион баррелге дейін төмендеді. Бұл үрдіс Жердегі климаттының жылына түсуіне байланысты күшейе түсіп, энергия тасымалдаушы елдердің экономикалық дамуына кері әсерін тигізетіндігі анық. Бірақ, жаһандық жылынуға қармастан-ақ мұнай, газ және көмірге деген сұраныстың күрт төмендеуі де орын алуы мүмкін. Өйткені, өнеркәсібі дамыған және аталған тауарлардың негізгі тұтынушысы саналатын елдердің басым бөлігі ұйымшылдықпен парникті газдар шығарындыларын төмендету үшін көп күш-жігер жұмсауда. Әлемнің 190-нан астам елі Киото хаттамасын ратификациялаған. Аталған халықаралық келісім 1997 жылы Киотода БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы рамалық конвенциясына қосымша ретінде қабыланған еді. Құжат дамыған елдермен мен көшпелі экономикадағы елдерге парниктік газдар шығарындыларын қысқартуды немесе тұрақтандыруды міндеттейді. Айта кетерлігі, бұл елдерге әлемдегі жалпы шығарындылардың 63,7 пайызы тиесілі және осыған сәйкес бұл мемлекеттер көмірсутегі шикізатының негізгі тұтынушылары болып отыр.

Жаһандық жылынудан өзге, қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелері бүгінгі таңда жер шарындағы әр елді алаңдатып отырған жайт. Соның ішінде Қазақстан да оған барынша алаңдаушылық танытуда. Қазіргі кезде бұл тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ретінде ел экологиясын жақсартуға бағытталған заңдар қабылданған. Атап айтқанда, Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жағдайы бойынша жыл сайынғы ұлттық баяндама шығарылады. Оның мақсаты ұлттық экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкес келтіру болмақ. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау процесіне және әділсотқа қол жетімділікті іске асыру туралы конвенцияның (Орхус конвенциясы) негізгі функциялары қоршаған орта саласындағы мәліметтердің ақпараттық қорын қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, ақпараттарды қолдану мен жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат ұсыну қамтамасыз етіледі. Заң жобасына сәйкес парниктік газ шығарындыларына квота белгілеу, беру және өзгерту мәселелері бойынша Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу күтіледі.

Әлем қарыштап дамыған сайын, «жасыл экономика» және «жасыл экология» тәрізді таза экология бастаулары көптеп жүзеге асырылуда. Еліміз де бұл үдерістен тысқары қалып жатқан жоқ.Елімізде жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану да жанданып келеді. Жасыл технология бойынша қазақстандықтар арасында жаңғыртылатын қуат көздері танымал бола бастады.

Халықтың саулығы эколо-гиялық мәселемен тікелей байланысты болғандықтан, оны ескеру аса маңызды. Десек те, жас ұрпақтың бойында туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін оятатын шараларға тарта түсу қажет. Сонымен қоса, ауаны зиянды шығарындыларымен ластайтын өндіріс ошақтарының жауапкершілігін арттыруда да жұмыстар атқарылуы аса маңызды. Ал табиғаты – кемел, өзен-көлдері – көркем, паң таулары – кербез еліміздің өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесін қорғау ісі бұдан әрі де жетілдіріліп, жалғасын таба беруі тиіс.

Н.ТІЛЕУҚАБЫЛ

Оқылды 2174 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет