Жұма, 15 Қараша 2019 09:41

Мінсіз әйел мен мінсіз еркек туралы тәмсіл

Өмір бойы отбасын құрудан қашып, жалғыз өткен қарт тоқсан жасқа келген шағында науқастанып, өлім ауызында жатыпты. Сонда қартты танитын бір адам:

— Сен бәрі бір отбасын құрып, ұрпақ өрбітпедің және неге олай істегеніңді де жан баласына айтпадың. Қазір бізге осы бір сырыңды ашып, көптің ойында жүрген осынау сұрақтың жауабын берші. Егер қандай да бір құпияң болса, оны бізден жасырып қалма, оның енді саған еш зияны болмайды, – депті.

Қарт:

— Иә, менің жасырған бір құпиямның бар екені рас. Мен ешқашан отбасын құруға, некеге қарсы болған емеспін. Тек бар болғаны, мен үнемі мінсіз әйел іздедім. Осы жолда өмірімнің қалай өтіп кеткенін де аңғармадым, – дегенде, жігіт:

— Миллиардтаған халық тұратын, осынау үлкен ғаламшардан бір мінсіз әйел кездестірмедің бе? Халықтың тең жартысы әйелдер ғой, – деп таңдана сұрағын қойыпты.

Көзіне жас алған қарт:

— Жоқ, кездестірдім!

Таңданысы одан ары күшейе түскен жігіт:

— Онда неге үйленбедің? Не жағдай болды? – депті бірден.

Сол кезде кемсеңдеп жылаған қарт кісі:

— Ол әйел мінсіз еркек іздеп жүр екен... – деп жауап беріпті.

 

            Уақытты өткізіп алмаңыздар. Мінсіз адам болмайды емес пе?!

Аударған: Құралай Мұратқызы

Оқылды 2880 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Cчастье – это когда… Үміт күткен періште »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет