Жуырда Шелек ауылдық округінің әкімдігінде округ әкімі Е.Есенхановтың бас-тамасымен жергілікті қоғамдастық мүшелері-нің жиналысы өтті. Оған қоғамдастық мүшелері мен кәсіпкерлер, заң қызметкерлері қатысып, округ аумағында болып жатқан күрделі мәселелерді талқылады.
Талқыланған ең басты мәселе жастар арасын-дағы тәртіпсіздікті тыю. Соңғы кездері көше бойында орналасқан жол белгілері мен бағдаршамдарды қирату белең алуда. Бір сөзбен айтқанда вандализмнің белгілері көрініс табуда. Сонымен бірге, түнгі уақыттарда жастардың жиналып ішімдік ішуі мен тәртіп бұзулары да кездесіп жүр. Ал мұндай әрекеттердің соңы қайғылы жағдайлармен аяқталуы әбден мүмкін. Осылардың алдын алу үшін Шелек ауылындағы кіре-беріс жолдар мен адам көп шоғырланатын жиырмадай орынға бейнекамералар орнатылуы керек. Бұл үшін жергілікті бюджеттен бір жарым миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бірақ аталған қаржы әлі жеткіліксіз. Сондықтан жеке кәсіпкерлердің көмегі қажет болатыны айтылды. Одан бөлек, ауылдың тазалығына мән беру турасында да сөз болды. Бұл жерде тұрғындардың да жіберетін ағаттықтары көп. Яғни, кез-келген жерге қоқыс тастау, өздеріне жауапкершілік артпау, тіптен жаяу жүргіншілердің қоқыс тастауына арналған урналардың өзін қирату секілді әрекеттер ауылдың тазалығына үлкен залал келтіріп отыр. Сондықтан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Әсіресе, мектептерде бұл турасында жиі айтылуы тиіс.Жалпы қоғамдастық жиналысында әкімдік пен заң қызметкерлері, мектептер мен ауыл тұрғындары өзара біріге отырып аталған мәселелермен күресу жолдарын шешуге уәделесіп тарқасты.
М.БЕКТАСОВ,
Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары.