Жақында Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде тіл айлығына орай «Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты іс-шара болып өтті.
Аталған шараны мектептің қазақ тілі қоғамының мүшесі Д.Амирова мен қазақ тілі пәнінің оқытушылары ұйымдастырған болатын. Сонымен бірге, орыс тілі пәнінің мұғалімдері де шараның ойдағыдай өтуіне атсалысып, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында мектеп директоры М.Ахметжанова қазақ тілініің мемлекеттік тіл ретінде болашағы зор екенін, ана тілін құрметтеу кез келген азаматтың борышы мен парызы екенін айтып, шәкірттерге игі тілегін білдірді. Одан әрі шәкірттердің өнерімен жалғасқан игі шара өз мәресіне жетті.
С.ҚАЙЫПБАЕВА,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.