Бейсенбі, 11 Сәуір 2024 13:20

Күн тәртібінде – бала тәрбиесі

Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің істері және олардың құқығын қорғау» атты семинар-тренинг өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдер Айгүл Есімбекқызы мен комиссия хатшысы Айғана Асанқызы және  психолог-педагог ғалымдар қатысты. 

Жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Айғана Асанқызы жиналған қауымға бала тәрбиесін жүргізу, олармен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін түсіндірді.

– Жас буынды экологиялық мәдениетке тәрбилеп, көзқарасы мен санасын жетілдіру алдыңғы буынның парызы. Мәселен, 2023 жылы жасөспірімдер арасында 112 қылмыс жасалып, жас бұзақы-лардың достарын қорлау,  бопсалау және ұрып-соғу фактілері тіркелген. Кәмелет жасқа толмаған қыздарға көрсетілген зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мемлекеттік органдар тарапынан құқық қорғау жұмыстары жүргізіліп жатса да, балалардың зардап шегу деректері арта түскені ақиқат.  Егер бала тәрбиесіне уақыт таба алмасақ, оларды мықты тұлға ретінде дамыта алмасақ, біздің бүгінгі жеткен жетістіктеріміз түкке де тұрмайды. Сондықтан кез келген ата-ана негізгі міндеттерін айқындап, бірінші кезекте бала тәрбиесіне баса назар аударуы тиіс. Балаға жақсы әдет, жеке қасиет бірден келмейді, ол ата-ананың жүйелі де жан-кешті еңбегін талап етеді, – деді Айғана Асанқызы.

Жиын барысында өткен жылдың ортасында іске қосылған «Ата-аналар университеті» бағдарламасы таныстырылды.  Электронды жобада аналар мен әкелер сынақ тапсырып, бала тәрбиесіне байланысты бейнесабақтарды тауып, кәсіби психологтардан кеңес ала алады. Мұндай онлайн университет бұрын болмаған және  сайт арқылы барлық ата-ана бала тәрбиесі жайлы сырттай оқытудан өте алатындығы айтылды.  Психолог  мамандар жиналған қауымға  арнайы  тренингтерді өткізіп, әртүрлі сұрақтар қойып, баланың психологиясымен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндірді. Ата-аналар бала тәрбиелеу жолында жіберетін қателіктерін аңғарып, іс-шараны ұйымдастыру-шыларға алғыс білдірді. 

Айерке

МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 567 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет