Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:16

Асыл өнерді ардақтайық

Халықаралық зергерлер күніне орай Ақши ауылындағы Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайында «Зергерлік өнері – ұрпаққа мұра» атты  іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған  шара аясында мектеп оқушыларының қатысуымен зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтар өткізіліп, қонақтар көрме тамашалады.

Ұлтымыздың асыл өнерін ардақтаған көрмеге ҚР Дизайнерлер одағының мүшелері, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұстаздары Сейтмахан Оразалиев пен Аманқұл Исақов, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы Алтынбек Есенғазиев және өзге де зергерлер мен музей қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.

Бүгінде Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайының 6 көрме залында екі жарым мыңнан астам экспонат қойылған.

Аталған көрмеге музей қорындағы жүздеген әшекейлер мен зергерлік бұй-ымдар, түрлі қолөнер туындыларынан құралған көптеген жәдігерлер келушілердің назарына ұсынылды. Қолөнер туындыларының жасалу жайын таныстырып, олар жайлы деректермен бөлісуге арналған жиында мұражай директоры Дәулет Шоқпаров көпшілікті айтулы шарамен құттықтады.

Зергерлік өнер қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Онда халықтың дүниетанымы, талғамы, көркемдік және материалдық құндылықтарының деңгейі көрінеді. Көрмеде шеберлер түрлі зергерлік бұйымдардың жасалуы жайлы оқушылардың сауалдарына жауап берді. Ал мұражай директоры Дәулет Шоқпаров өткен жылдан бастап аймақ көлемінде ұлтымыздың қолөнерін ұлық-тайтын жаңа жобалардың қолға алынатынын жеткізді.

–  Өткен  жылы  облысымызда республикалық қолөнерші-лер көрмесі өтіп, көптің қызығушылығын  туғызды. Ал биыл елімізде V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осы ауқымды шаралардың барлығы еліміздегі қолөнер саласын тың белеске көтереді деп сенемін, – дейді  Дәулет Дәркембайұлы.

Зергерлердің сөзінше, сүйек пен ағаш ою, тері және қыш өнері секілді басқа да қолөнер бұйымдарынан гөрі алтын, күміс, қоладан жасалған заттарды ұзақ уақыт сақтауға болады. Сол себепті де біздер ерте заманнан бүгінге жеткен жақұт жәдігерлерге куә болып отырмыз. Зергерлік – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.

– Ата-бабаларымыздың зергерлік бұйымдар мен әше-кейлерді қадірлеуі – үлкен дәстүр. Бүгінгі ұрпақ сол дәстүрді әрі қарай сабақтастырып, жал-ғастыруы тиіс. Бүгінгі көрмеде қойылған күмістен жасалған кісе белдік пен шолпының қол-данылуының тәрбиесі қандай терең. Ал, жүзіктердің өзі түр-түрге бөлініп, құдағи атанған ананы немесе құда түсіп, атастырылған қыздың қолына қарап, әшекейлерінен аңғара білген. Аталған құндылықтарды жоймай, қайта жаңғыртуымыз керек. Бүгінде жас ұрпақтың қазақтың  зергерлік өнеріне деген қызығушылығы артып келеді. Тіпті біздің  колледжіміз-ге  шетелден келіп білім алатындар да аз емес. Зергерлік өнерді  зердеге тоқимын деген жастарға қашан да есігіміз ашық, –  дейді О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қол-данбалы өнер колледжінің  ұс-тазы Сейтмахан Оразалиев.

Аманқұл Исақов та өз кезегінде:

– Біздің бабаларымыз таби-ғаттың тылсым сырларын жете білген. Ғылымнан әсте кенде қалмаған. Сөзіміздің үлкен дәлелі – қазаққа тән зергерлік өнер. Бір ғана қазақ үйімізде қаншама озық ойлы, философиялық мән-мағынаға толы қолөнер туындылары жатыр. Бағзы заманда екінің бірінің бойында ұсталық қабілет болған деседі. Ал бүгінде бір ауылдан бір шебер таппайтын олқылығымызды түзеу қажет – дей келе қазақ қолөнерінің алыбы, өзінің ұстазы болған ұста Дәркембай Шоқпарұлының тек-ті өнерді тірілткен ұшан-теңіз еңбектеріне кеңінен тоқталып, мұражай ұжымына ақ тілегін арнады.

Шара соңында ұста Дәр-кембай Шоқпарұлының дарынды шәкірті Сайлау Ботабеков бастаған үздік зергерлерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

«Зердің жайын зергер білер, аңның жайын мерген білер» дегендей, қазақы ұлттық қолөнердің дәстүрлері уақыт ағысымен қайта жаңғырып, арадағы сабақтастықтың алтын арқауы үзілмесе екен деген тілектеміз.             

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 536 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Байқау сабағы өткізілді Қолөнер – қастерлі кәсіп »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет