Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2022 10:08

Тәуекелсіз табыс жоқ

Қазіргі заман жастары тәуелсіз кәсіпкер болуды қалайды. Бизнес бағытында жетістіктерге жетуді, материалдық тұрғыда өзін, отбасын толықтай қамтамасыз етуді мақсат тұтады, әрине.

Жаңа Қазақстан құрудағы маңызды бағыттардың бірі азаматтарды тең құқылы ете отырып, кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады», – деген болатын.

Осы орайда оқырмандар назарына жас кәсіпкер, Түрген ауылындағы «Жанас» құрылыс дүкенінің қожайыны Жанас Құттыбимен сұхбатымызды ұсынамыз.

– Құрметті Жанас мырза, өзіңізге қойылатын алғашқы сұрақ бойыңызда кәсіпкерге тән мінез-құлық қалай қалыптаса бастады? Үйреткен жол, көрсеткен тәлімгеріңіз болды ма?

– Кәсіпкерлік жолым бала күнімнен басталды. 90-шы жылдары қиын-қыстау заман болғаны есімізде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаппай жұмыссыз қалған халық бар дүниесін көшеге шығарып сата бастады ғой. Ата-анам да амалсыздан есік алдына бір стөлді қойып сағыз, семішке сынды ұсақ-түйек дүниелерді сата бастады. Үйдің тұңғышы болғандықтан мен жасөспірім күнімнен әкеме қолғанат болып өстім. Бизнестегі менің ең үлкен ұстазым – ол әкем. Маған берген тәрбиесі орасан болды. Мынаны үйреніп ал деп көп ақыл айтпайтын, белгілі бір жұмысты айлап, жылдап істететін. Ал мен бала күнімде: «Әкем мені аямайды, жақсы көрмейді, үздіксіз ауыр жұмысқа жұмсай береді!» – деп бұлданатын сәттерім көп болған. Кейіннен ойласам әкемнің бұл әрекеті негізінен маған салынған инвестиция мен капитал екенін түсіндім. Ол білімді маған жылдап жанымда жүріп ешкім үйретпесі анық. Құдайға шүкір ата-анам жанымда.

– Қазіргі таңдағы кәсібіңізді бастағанда алғашқы инвестицияны қалай құйдыңыз? Қаржыландыру жағы қалай іске асты?

– «Мата даңқымен бөз өтер, әке даңқымен қыз өтер» деген мақал бар ғой. Әкемнің еңбекқорлығының арқасында, жиған беделінің арқасында басқа кәсіптерге жол ашу маған қиынға соқпады. «Жақсы әкенің аты – жаман балаға қырық жыл азық» демекші, әкемнің бизнес саласындағы достары, таныстары: «Әділдің баласы ғой» – деп қолдау танытып, кеңестерін беріп отырды. «Инвестиция» дегенді қомақты қаражат деп елестетеміз, алайда мен ешкімнен ақша сұрамай, таныстардан белгілі бір тауарларды қарызға ала тұрып жұмыс бастап кеткен кездерім көп болды. Сәтсіздікке ұшыраған бастамалар да аз емес.

– Кәсіп ашамын дейтін кез келген адам неге дайын болуы тиіс?

– Нағыз кәсіпкер дегеніміз – қателесуден қорықпайтын, кеткен қателіктен ой түйіп тоқтамай еңбек ету арқылы нәтижеге қол жеткізе алатын адам. Сәтсіздікке ұшырап, бастаған нәрсесін тастап кететін жандар шынайы кәсіпкер бола алмасы белгілі. Өзгелердің жетістігіне қызығып, менің жұмысым неге өрге баспады деп қаймығуға мүлдем бой алдырмаған дұрыс. Сонымен қатар, кәсіп бастамақ ниеттегі адам өзінің ресурстарына қарай білуі керек. Нақтырақ айтқанда білім, күш, ақша, таныстық, қабілет-қарымын есептей біліп, үлкен тәуекелдер мен сәтсіздіктерге дайын болуы қажет. Кез келген нәрсені түсіндіру үшін салыстырмалы мысалдарға жүгінеміз. Қазіргі кәсіпкерлердің үлкен өкілдері бизнесті майдан деп түсіндіреді. Майданда адам – стратегиясын таңдап, қауіп-қатерлерден аман қалудың жолдарын барынша ойлап жүретін болса, бизнесте де дәл солай деген сөз. Жеңіл жеткізу үшін әйгілі кәсіпкер Стив Джобстың «Бизнес дегеніміз – аз ғана қағидалардан тұратын қызықты ойын» деген сөзін қолдансақ болады.  

– Алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

– Армансыз адам жоқ деп ойлаймын. Бірақ сол арманға жету үшін мақсат қоюды ұмытып кететіндер көп, әсерінен арман орындалмай қалып жатады.  Қазіргі замандағы сауда-саттықтың форматы күн өткен сайын өзгеріп жатыр. Технология көз ілеспес қарқынмен дамуда. Басты жоспарымның бірі – заман талабынан қалыс қалмай, көшке ілесу. Сол бағытта қолдан келгенше жұмыс істеп келеміз. Өз басым арық сөйлеп, семіз шыққанды құп көрем. Бұйырса болашақта жаңа жетістіктеріммен бөлісу ойда бар, әлеуметтік желідегі оқырмандарыммен тұрақты байланыстамын.

– Өзіңізді жетілдірумен қаншалықты айналысасыз? Тұралап қалмау үшін үздіксіз шабытты қайдан алуға болады?

– Өзіңіз де инстаграмм парақшамнан байқаған боларсыз. Соңғы 1 жылдың көлемінде өзімді жеке тұлға ретінде дамытумен белсене айналыстым. Себебі осы уақытқа дейін түсінгенім адам ең әуелі инвестицияны өзінен бастамаса ісі ілгері баспайды екен. Жаңа деңгейді бағындыру үшін сізге қосымша білім, заманауи ақпараттар мен әдіс тәсілдерді меңгеру қажет. Нақты жетістіктерімен танылған кәсіпкерлердің дәрістеріне қатысуды тоқтатқан жоқпын. Ол жерлерде небір ауқымды бизнесі бар жандармен танысып, ақпарат алмасу арқылы шабыт аламын.

– Жинап жатқан білім, тәжірибеңізді басқалармен де бөлісіп тұратын боларсыз?

– Әлбетте, онлайн және офлайн курстарыма қатысушылар жеткілікті. Сол жерде өз тәжірибеммен барынша бөлісіп, бизнеске ниетті адамдарды дамытуға күш-жігерімді салудамын, шүкір. Сабағымда көбіне сөйлеу мәдениетін жетілдіруді үйретемін. Өзіммен қатарлас және кейінгі толқын жас өркендердің тіл байлықтарының жоқтығы, ел алдында сөйлеуге келгенде қабілетсіздігі мені шын алаңдатады. Бұл – телефонға телміргеннің салдары шығар. Сөйлеу, сөйлесу әдістерін жақсы меңгеру – бизнестің негізгі қағидасы.

– Қазір «интернетпен ақша тап» деген мәнде кеңестерді көп естиміз. Осыған байланысты алып қосарыңыз?

– Расында бизнес саласы жаппай онлайн форматқа ауысып жатыр. Пандемияның кезінде офлайн бизнестің дәуірі тұралағанын аңғардық. Қандай да бір кәсібіңіздің бір бөлігі онлайн болмаса, ұзаққа бара алмайсыз деп сеніммен айта аламын. Интернет тілін меңгеріп, кәсіп жасау ең маңызды мәселе. Себебі онлайн деген дүниеде «шекара» жоқ, сондықтан үлкен мүмкіндіктер көп.

– Бүгінгі таңда қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыз?

– Түрген ауылындағы құрылыс дүкенім – жеке меншігім деуден аулақпын. Ол жанұямызбен құрған кәсібіміз. Ата-анамнан бастап барлық бауырларым атсалысқан, жанұялық бизнес десек болады. Ол жерде 10-нан аса адам жұмыс істейді.

Жеке басыма келетін болсам, заман талабына сай онлайн саудада командамда 5 адам бармыз.

– Сүбелі сұхбат бергеніңіз үшін рахмет, кәсіпте нәсіпті бола беріңіз!

Сұхбаттасқан Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 2595 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет