Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022 21:59

Ақсулық наубайханашы күніне 200 дана нан пісіреді

Ақсу ауданының тумасы  25 жасар Айдос Жұманов жасына қарамастан өңірдегі жалғыз наубайхананың тасын өрге домалатып отырған азамат.

Өткен жылы мамыр айында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері оқуын бітіріп, сертификатын алды. Заң аясында екі апталық курстан өткен жас жігіт 2022 жылы сәуір айында 1 225 200 теңге көлемінде грант алды. Қолға тиген қаражаттың көлеміне қарай облыс орталығынан наубайхана цехына керек заттарын алып, өз ісін ашты.

Сауданың тегін, кәсіптің ебін білген Айдос Жанарысұлы өзі тұратын Сағакүрес ауылында нан өнімдерін шығарып, ауыл түрғындарын ас атасымен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіптен нәсібін тапқан жан отбасын да асырап жүрген жайы бар.

«Өткен жылы грант алу үшін екі апта онлайн оқуын оқыдым. Бұйыртып грантқа қол жеткіздім. Берілген ақшадан шашау шығармай, пештер мен нан илейтін құрылғыны алдым. Бұл наубайхана ауылымызда жалғыз. Бүгінде ауылдағы 7 дүкеннің 5-еуіне тұрақты түрде нан өнімдерін өткіземін»,-дейді жас кәсіпкер.

Айдос тәулігіне 200-300 дана нан өнімін дүкен сөрелеріне жөнелтеді. Өзінің айтуынша, келіп түсер тапсырыс саны әр күні әр қалай екен. Дегенмен дәл осы сәтте айы оңынан туып-ақ тұр. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген Айдос тек кәсібін ашып қоймай екі адамды жұмсыпен қамтып отыр. Алдағы уақытта  цехты кеңейтіп, бұл ісін отбасылық кәсіпке айналдырмақшы.

Дереккөз: kazbusiness.kz

Оқылды 573 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет