Сейсенбі, 17 Мамыр 2022 11:37

Тұрғындар өтініші тасада қалмайды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ Съезінде «АМАNAT» партиясын модернизациялау туралы тапсырмасына сәйкес, шалғайдағы елді мекендердегі халықтың өтініштерін тыңдау мақсатында ағымдағы жылдың 17 наурызынан бастап мобильді қоғамдық қабылдау жүзеге асуда. Мобильді топтардың мақсаты – шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беру.

Осы орайда, 1500-ден астам тұрғыны бар Сарыбұлақ ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Тұрғындардың талап-тілегі мен өтінішьерін тыңдауға «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева, «АМАNAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Гүлнар Тойлыбаева және облыстық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыстық маслихаттың депутаты Гүлнар Құраметова, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Сарыбұлақ ауылының тұрғындары көшелерді жарықтандыру, жаңа мектеп құрылысы, тозығы жеткен электр желілері, трансформаторларды жөндеу, жолдарының жөнделуі сынды мәселелерді көтерді. Ауыл тұрғына Сағатбай Қаңлыбаев ауыл көшелерін жарықтандыру және асфальттау қажеттігін айтып, аталған мәселені оңтайлы шешіп беруді сұрады.

Сонымен қатар, зейнеткерлер Емелхан Қайыпова және Зияш Жиеналиева ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның заман талабына сай емес, тозығы жетіп тұрғанын айтып шағымданды. Аялхан Рахыбаева жаңа мектеп қажет екенін тілге тиек етті.

Тұрғындардың өтініштеріне құлақ асқан Әлия Садырбаева және Гүлнар Тойлыбаева көтерілген мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ететінін жеткізді.

Қабылдауға жазылған 13-ке жуық азаматтың өтініштерін егжей-тегжейлі талдаған партия өкілдері, көтерілген мәселелерге байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар заң аясында қабылдауды сала басшыларына тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеп, орындалу барысы бақылауда болатыны жеткізді.

Құндыз ДАРБАЕВА,

партия консультанты.

Оқылды 635 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет